Жүйке жасушасына сипаттама және оның құрылысы


Ыбраш Нұрсәуле
13 билет
1-сұрақ.
Жүйке жасушасына сипаттама беріңіз және оның құрылысын сипаттаңыз.
Жүйке жасушалары - жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі. Жүйке жасушалары - өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан, нейроплазмадан, ядродан және жасуша денесінен таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады. Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон - жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді. Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.
- Униполярлы нейроциттер - жануарлар эмбрионында,
- Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары - жұлын түйіндерінде,
- Биполярлы нейроциттер - көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезімі мүшесінде,
- Мультиполярлы нейроциттер - мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.
Жүйке жүйесі осы органдардан тұрады:
- СОМАТИКАЛЫҚ Ж. Ж.
- ОРТАЛЫҚ Ж. Ж.
- БАС МИ
- ЖҰЛЫН
- ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ
- Ж. Ж.
- 12 ЖҰП БАС
- МИ ЖҮЙКЕЛЕРІ
- 31 ЖҰП
- ЖҰЛЫН
- ЖҮЙКЕЛЕРІ
- ВЕГЕТАТИВТІ Ж. Ж.
- ОРТАЛЫҚ Ж. Ж.
- БАС МИ МЕН
- ЖҰЛЫНДАҒЫ
- ОРТАЛЫҚТАР
- ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ
- Ж. Ж.
- ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮКЕЛЕР,
- ТҮЙІНДЕР,
- ӨРІМДЕР
Нақтырақ айтар болсақ, жүйке жүйесінің клеткаларының өсінділері бір бірімен еш уақытта қосылмайды. Олар тек контакт (синапс) арқылы түйіседі. Жүйке жүйесі клеткаларының өсінділерінің байланысқа түсетін жерін синапс деп атайды. Электронды микроскоптардың көмегімен синапстың құрылысының қыр сыры ашып көрсетілді. Көп жағдайларда синапс аксондардың ұшымен дендриттерді немесе нерв клеткаларының денесімен байланыста болады. Адамның бас миының нерв клеткасының дендритіне бірнеше ондаған басқа нерв клеткасының аксондары келеді, сондықтан да кез келген нейрон өзіне арналған барлық информацияларды толық қабылдай алады. Нейрон - жүйке жүйесінің негізі: Сомалы жүйке жүйесі ми жұлын жүйкелер Жүйке жүйесін орталық және шеткі деп үлкен екі топқа бөледі. Орталық жүйке жүйесіне - ми мен жұлын жатады. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі сомалы (грекше «soma» - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім вегетативті («vegeto» - қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды. Жүйке жүйесінің сомалы бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты қозғалыстарды басқарады. Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік сайшалары болады. . Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасқан. Нейрондардың ерекшеліктері
Жүйке жүйесіне жатады:
Соматикалық және вегетативтік
Қызметі:
Секреторлық, өткізгіштік
Рефлекс доғасындағы
орны мен қызметі бойынша:
Қимылдық, сезгіш, аралас
Өсінділер саны бойынша:
Медиатордың химиялық
Eрекшеліктері бойынша:
Постсинапстық нейрондарға
әсер етуіне қарай:
Псевдоуниполярлы,
биполярлы, мультиполярлы
Холинергиялық, моноаминергиниялық, пептидергиялық, т. б.
Қозғыштық, тежегіш.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz