Қазіргі лингвистиканың бағыттары мен салалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қанапия Алтынай 101-топ

Қазіргі лингвистиканың бағыттары мен салалары

ХХ ғасырдың аяғы - ХХІ ғасырдың басындағы зерттеулер өздігінен дамитын күрделі жүйелердің ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған, сол себепті жалпы даму заңдылықтары ортақ жəне өзара байланыста болып есептелетін биосфера, қоғам жəне адам ғылыми ізденістердің негізгі нысанына айналып отырғаны белгілі.

Кез келген ғылым саласының жай-күйі оның алдына қоғам қойып отырған міндеттермен, ғылымның өткені мен қазіргі деңгейімен, сондай-ақ онымен байланысты басқа ғылым салаларының жай-күйімен анықталады. Жалпы қандай да бір ғылым дамуы оның өз ішінде саралану жəне өзге ғылым салаларымен ұштасу, тоғысу үдерісімен, үрдісімен байланысты. Сол себепті қазіргі заманғы лингвистика да жалпы ғылым дамуынан қалыс қалып отырған жоқ, яғни оны полипарадигмалы жəне интегративті тіл білімі деп танимыз.

Қазіргі заманғы лингвистика деп аталатын кезеңді нақтылауда ғылыми айналымда бірізділік жоқ. Кейбір еңбектерде ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы делінсе, жекелеген ғалымдар бұл кезеңнің басы ретінде ХХ ғасырдың 70 жылдарын атайды.

Көп парадигмалылық лингвистикалық теориялардың бірнеше парадигма шеңберінде дамитынын көрсетеді, яғни тіл білімі үшін ең негізгі парадигма деп антропоөзектілік, функционалдылық жəне когнитивтік парадигмаларды атаймыз. Жаңа ғылыми парадигма пайда болған кезде бұрынғы мектептер біртіндеп жойылса да, ол ғылымның бұрыннан шешілмей келе жатқан немесе көмескі, тасада қалып жатқан мəселелерін шеше отырып, орнығады.

Сонымен қатар қазіргі тіл білімі үшін аса маңызды боп отырған мəселенің бірі - мəтінөзектілік, себебі əр адам мəтін арқылы тіршілікте алатын бар білімін жинақтайды, ой-өрісін кеңейтеді, рухани бітім-болмысын қалыптастырады. Ал мəтін тілдің барлық құралдарының əлеуетін көрсететін феномен, сондықтан сол мəтінді оқу оны түзуші мен оны оқитын адресаттың танымдық базасын, кеңістігін ұштастыратынын ескерсек, мəтін жалпы ойлау, таным үдерістері туралы да хабар бере алатынын байқаймыз.

«полицентричность» ұғымы белгілі бір тілдің автохтонды аумақта емес, басқа да көптеген жерде қолданылып, дамып отыруына байланысты плюрицентризм, көпұлтты деген сөздермен жарыса жұмсалады.

Əлемдік лингвистикада бұл термин өткен ғасырдың 50-жылдарының аяғына қарай қолданыла бастағанына қарамастан, оның қазіргі кездегі қарқынды əрі кеңінен жұмсалуы үнді текті америкалық лингвист Б. Качрудың ағылшын тілінің дүние жүзіндегі орны мен қызметіне, дамуы мен өзгеруіне, басқа тілдерге ықпалына қатысты ұсынған «үш шоғырлану шеңбері теориясы» (теория трех концентрических кругов) жəне америкалық тілші Л. Смиттің «ағылшын тілінің аймақтық нұсқасы» ұғымының ғылыми айналымға енуімен тығыз байланысты. Біртіндеп үлкейіп отыратын «үш шоғырлану шеңбері» арқылы əлемдегі ағылшын тілін қолданатын тілдік қауымдастық үшке бөлінеді: тіл нормасын жасаған (ішкі шеңбер), тіл нормасын жасап жатқан (сыртқы) жəне тіл нормасына тəуелді (кеңейіп жатқан) (производящие норму, вырабатывающие норму и зависящие от нормы) [5] . Шынында да, Қазақстанда жүргізіліп жатқан үш тұғырлы тіл саясатын ағылшын тіліне қатысты жүзеге асырып жүргендердің арасында отандық та, отандық емес те оқытушылар бар. Ал соңғыларының арасында ана тілі ағылшын тілі болып саналатындар тіпті аз, көбінесе ағылшын тілін екінші немесе шетел тілі ретінде үйренген басқа ұлт өкілдерінің дыбыстау, сөйлеу мəнерін үйреніп жатқанымыз анық жəне олардың ішкі шеңберге кіретін британдық, австралиялық, америкалық, жаңазеландиялық, канадалық ағылшын тілі нұсқаларының қайсысын ұстанатынына да толық көзіміз жете бермейді. Бір сөзбен айтқанда, үш шеңберге кіретін нұсқалардың фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық жəне прагматикалық деңгейде айырмашылықтары болады.

Тіл - жүйелі құбылыс

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.

Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры. Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн. Құрылымдық қасиет пен жүйелiк қасиет тiлге де тән. Құрылым мен жүйе ұғымдары тiлге қатысты мынадай мазмұнға ие болады: құрылым бүтiннiң бойындағы әр тектес элементтердiң арақатынасынан және бiрлiгiнен тұрады. Ол элементтер мыналар: а) дыбыс (фонема), ә) морфема, б) сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердiң арасындағы айырмашылықтар - сапалық айырмашылықтар. Демек, аталған элементтер бiр-бiрiнен сапасы жағынан ажыратылады. Әрбiр элементтiң сапасын оның қызметi айқындап белгiлейдi.

Ойлау процесінің тілге әсерін зерттеу қырлары

Тіл мен ойлаудың ара катысы жөніндегі мәселелер - көптеген галымдарды ойландырып келе жаткан мәселе. Б. В. Беляев барлык адамдардың ойлау жүйесі бірдей, тек ойлау мазмұны гана эр халыкта эр түрлі дей келе, тілді окытудан бұрын, осы тілде ойлауға үйрету керек дегенді айтады. Бұл автор ойлаумен болмыстагы заттар мен күбылыстар аркылы байланысты болады, өйткені адам осы кұбылыстарды кездестіргендіктен, оларды белгілі бір сөздермен атауга тиіс деп есептейді. Оның пікірінше, эр ұлт, З р халык заттарды, табигат кұбылыстарын эр түрлі сөзбен атайды, сондыктан тіл де эр түрлі болады.

Н. И. Жинкин ойлауды сөз аркылы бейнеленеді дей келе, екінші бір бетен тілді ұйренгенде ойлау ешкандай ана тіліне де, ұлттык тіліне де катысты емес, ол эр адамның өз жеке басына байланысты ерекше тілде дамиды деп түсіндіреді. Н. И. Жинкиннің пікірінше, шет тілін үйрету үшін сөйлеуге үйрету керек, ең бастысы ойлау емес, сөйлеу.

Адам өзінің ана тілінде сөйлегенде, көп киналып, ойланып жатпайды. Өйткені оның бойында кішкентай кезінен бастап калыптаскан сөйлеу дагдысы бар, сол сөйлеу жүйесінің кұралдары-сөз бен сөйлемді-дайын единнца, дайын материал ретінде пайдаланады. Ана тілінде сөйлеу үшін де, әрине, ойлау мен пайымдау керек, өйткені обьективтік шындык, ягни табигат кұбылыстары туралы ұғым сөз аркылы, пайымдау сөйлем аркылы тілмен жеткізіледі. Ойлау тіл аркылы жарыкка шыгады. Сөйтіп тілдегі единицалар аркылы екінші біреуге түсіндіріледі.

Шет тілін окытуга байланысты ойлаудың алатын орнын Е. И. Пассов баскаша түсіндіреді. Белгілі бір тілді окытудан бұрын дұрыс ойлауды менгеруге тура келеді. Өйткені екінші бөтен тілді үйрену барысында сөйлеуден бұрын ең алдымен іштей сөйлеу әрекеті пайда болады.

Іштей сөйлеу дегеніміз адамның баска, бөтен тілде сөйлер алдында миындагы айтар ойын кұрастыруы. Ол айтар сөйлемін ойда жииактап, іштей кұрастырып алып, сонан кейін оны бір ғана сөзбен немесе дауыс ыргагымен кейде тіркеспен жеткізуі мүмкін.

Е. И. Пассовтың пікірінше, ойлау екі кызмет аткарады: танымдык жэне катысымдык. Танымдык үдеріс ретінде ойлаудың колданатын кұралы -тіл. Сол сиякты сөйлеуде де, баска тілге үйренуде де өзінің катысымдык кызметін аткарады. Демек, ойлау тілмен де, сөйлеумен де тыгыз байланысты.

Тіл мен ойлаудың лингвистика гылымында алатын орны мен өзара катысын эр ғалым өзінше корытады. Тіл -табиғатпен тыгыз байланыста жаратылған ерекше кұбылыс. Ол өзіндік ерекшеліктері мен зандылыктары тұргысынан табиғат пен когамнын калыптасуына, дамуына эсер етеді.

Ұлттық сипаттың тілдегі көрінісі

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында (2003ж) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.

Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы - ана тілі. Б. Момышұлы “ . . . анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту” - деп жазған.

Тіл мен ұлт мәдениеті, ұлттық сана, салт-дәстүр - біртұтас ұғым. Олар этностың ең негізгі көрсеткіштері. Сондықтан халықтың өткен жолын, даму кезеңдерін сол этноспен бірге дамып келе жатқан тілінің деректері арқылы да анықтауға болады. Өйткені, академик Ә. Қайдаридің сөзімен айтар болсақ: “тіл - тұла бойы тұнып тұрған тарих”. Тіл деректері деп отырғанымыз - сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер. Біздің мақсатымыз - осы тіл деректері арқылы халқымыздың тағамдарға қатысты салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін ашып көрсету. Бұл ретте А. Левшиннің “историческое описание пищи и напитков народа может иногда служить мерою для определения его успехов в просвещении, богатстве, изнеженности нравов и роскоши. С другой стороны, степень образования его определяет и род пищи им употребляемой” деген сөздерін келтіруді жөн көрдік [46; 11] .

Осы ретте соңғы кезде қанатын кең жайып, дамып келе жатқан этнолингвистиканың мәні де, маңызы да ерекше. Себебі, ол тілді халықтың менталитетімен, ұлттық дүниетанымымен тығыз байланыста зерттейді. Тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамырын сол тілде сөйлеуші этностың өткен тарихымен, рухани мұраларымен ұштастыра зерттеген жөн.

Ғ. Мүсіреповтің сөзімен айтар болсақ: “Қазақ халқы бар тарихын көше жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртында қалдырмай, шабындыға шалдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күй мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге де қымбатты мұра, бай қазына”. Осындай бай қазынаны жас ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз.

Материал негізінен түркі тілдерінің сөздіктерінен, әйгілі қылқалам шеберлері М. Әуезов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Д. Досжанов, Қ. Исабаев және тағы басқалардың шығармаларынан алынды. Жұмыс жазу барысында этнографиялық деректер, басқа түркі халықтарының да тақырыпқа қатысты деректері пайдаланылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Когнитивтік лингвистика
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Тіл білімінің жаңа бағыттары
Мәтін лингвистикасының зерттеу объектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz