Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері


Тагиберген Анель ПКО103
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері.
Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы - 12 сәуір 2017 жылы жарыққа шыққан Елбасы Н. Ә. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өлкеміздегі киелі орындарға мән беру, экологияны жақсарту, олардың картасын жасауды көздейтін бағдарлама. Тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мәңгі еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мінәжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. [1]
Мазмұны
- 1«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
- 2Киелі мекен географиясының құрылуының маңызы
- 3«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен сабақтастығы
- 4Идеяның түпкі төркіні
- 5Қамтылатын мәселелер
- 6Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері
- 7Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер
- 8Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары
- 9Діни және ғибадат орындары
- 10Киелі орындар
- 11Қазақстанның киелі орындарының географиясы
- 12Дереккөздер
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарнамалық құжатында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығын атап өткен болатын. Президент өз сөзінде: «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол - ұлттық бірегейліктің басты элементтерінің бірі», - дей келе, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» құжаты аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаның қолға алынатындығы туралы айтқан еді. [2]
Киелі мекен географиясының құрылуының маңызы
Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді, біз халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Осыған байланысты, Киелі мекен географиясының құрылуы - адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық және республикалық киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Заманауи Қазақстан мәдениеті. Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып әрдайым оның мәдени жетістері болды. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет.
Ұлы Даланың қойны-қонышында тарихынан талай сырды шертетін киелі жерлер, құпиясы көп қасиетті мекендер көп-ақ. Осы орайда елімізде енді қолға алынып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы қазақтың кең даласындағы қасиетті жерлер мен мекендерді жете зерттеп, халыққа жеткізуді мақсат етіп отыр. Сондықтан, алдағы уақытта еліміздегі тарихи маңызы бар, көпшіліктің назарын аударатындай киелі жерлеріміздің терең зерттеліп, танылатынына үміт зор! [3]
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен сабақтастығ
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлаамасы аясында тарихи-мәдени ескерткіштеріміз біршама жаңғыртылып, қорғалғаны мәлім. Алайда, аталмыш бағдарлама барлық мәдени-тарихи сәулетті ескерткіштерімізді, киелі мекендерімізді қамти алмады. Осы орайда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы еліміздегі барша географтардың, тарихшылар мен ғалымдардың, өлкетанушылардың басын қосып, барлық қасиетті жерлеріміз бен тарихи мекендерімізді елге танытады, қажетті деңгейде дәріптелуіне себеп болады деп күтудеміз. Жалпы мамандар аталмыш жоба ішкі туризмді дамытуға үлкен серпін береді дейді.
Идеяның түпкі төркіні
Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру.
Республика бойынша 100-ден астам нысан жалпыұлттық деңгейде қасиетті орындар санатына кірсе, 500-ден астам нысан жергілікті маңызы бар киелі нысандар қатарына кірген. Түркістан облысында тарихи-мәдени маңызы бар 1300-ге жуық ескерткіш есепке алынған көрінеді. Ақтөбе облысы бойынша 700-ге жуық тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған екен. Оның 10 шақтысы республикалық маңызы бар, қалғандары жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол - ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.
Қамтылатын мәселелер
1. Аталған «Мәдени-географиялық белдеудің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.
2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.
3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түркістан немесе Алтай - ұлттық немесе құрлықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құндылықтар.
Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері
- Ұлытаудағы Ақмешіт Әулие биігі
- «Хан Тәңірі» шыңы
- Алтайдағы Мұзтау шыңы
- Шарын каньоны
- Қазығұрт тауы
- Жамбақы тауындағы және Абай ауданындағы «Қоңыр әулие» үңгірлері
- «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені
- «Бектау ата» тауы және үңгірі
- Жылаған-ата үңгірі енгізілді
Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер
- «Бозоқ» ортағасырлық қалашығы
- «Боралдай сақ қорғандары»
- «Есік-сақ» қорғаны
- Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені
- Теректі әулие
- «Беғазы» археологиялық кешені
- Ботай қонысы
- Берел қорымы
- Шілікті қорымы
- Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені
- Қосбатыр - Қумай ескерткіші (шамамен VI-VIII ғғ. )
- Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ. )
Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары
- Қойлық қалашығы
- Жанкент қалашығы (V-ХV ғғ. )
- Сығанақ қалашығы (VІ-ХІХ ғғ. )
- «Шірік-Рабат» қалашығы
- «Жент» қалашығы
- «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ. )
- Сарайшық қалашығы (ХІІІ-ХVI ғғ. )
- Сауран қалашығы (ХІІІ-ХVІІІ ғғ. )
- Ақкөл-Жайылма қалашығы
- «Жайық» (Теке) қалашығы
Діни және ғибадат орындары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz