Бонитет балы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сағынғали Ақбота

Бағалау, 3 курс

Бонитет балы

Бонитет - табиғи қорларды бағалауға, сондай-ақ жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін, жерді, топырақты, орманды тиімді пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасын бағалауға қолданылатын шартты көрсеткіш. Бағалау табиғат қорларының нақтылы жеке түрлерін есепке алу тұрғысында анықталады. Мысалы, мал Б-і малды тұқымдық және өндірістік топқа бөліп, малдың өнімін арттыру, тұқымдық сапасын жақсартуда жаппай қолданылатын негізгі шаралардың бірі. Орман Бонитеті - орман шаруашылығының өнім көрсеткіші. Бұл отырғызылған ағаштардың жасына қарай, олардың орташа биіктігімен анықталады. Өнім көрсеткіші 1-ден 5-ке дейінгі 5 класқа бөлінеді (бұл жерде аласа ағаштар сапасыз өнім) . Ал топырақ Бонитеті - оның құнарлылығын анықтап, ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды жер бедерін, ылғалды, микроклиматты, т. б. көрсеткіштерді есепке алады.

  • Бонитет - кейбір табиғи ресурстарды (пайдаланатын жерді, топырақты, орманды және тағы да басқалары) ұтымды пайдалану максатында бағалауға қолданылатын хиартты көрсеткіш (балл) . Бағалау кезіндегі барлық сәттерде жер бедері, микроклимат, ылғалдылық және табиғаттың жергілікті басқа да ерекшеліктері туралы мәліметтер пайдаланылады. Жерді бонитеттеудің негізіне бағалануы ең маңызды агрономиялық қасиеттері бойынша жүргізілген топырақтың салыстырмалы құнарлылығы алынады.
  • Бонитет латын тілінен аударғанда «сапалылық » дегенді білдіреді. Топырақтың бонитеті - оның сапасының көрсеткіші. Әдетте бонитеттеуді белгілі бір мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды топтастыру және бағалау деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне топырақтардың табиғи нышандары және қасиеттері алынады. Ресейде топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің және теориясының дамуына профессор В. В. Докучаев көп үлес қосты. Бұл ғалымның ойлап тапқан жерді табиғи-тарихи бағалау әдісі 1882-1987 жж. Нижегород губерниясында жүргізілген бағалау жұмыстарында іс жүзінде қолданылды. Ол топырақтарды бағалауда ең алдымен топырақтарды табиғи дене ретінде бағалады. Мұнда адам қатынасы және уақыт жағдайлары ескерілмеді. Сол үшін топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерінің топырақ астындағы қабаттармен байланысын анықтап, топыртардың салыстырмалы құндылығын анықтауды үсынған. Бұл теориялық жайларды оның шәкірті Н. М. Сибирцев және басқа ғалымдар әрі қарай дамытты. Олардың негізгі мәні:

1. Топырақта жетіспейтін заттарды тыңайтқыштар түрінде толықтырып, оның сапасын жоғарылату.
2. Өсімдіктердің нашар жетілуі топырақтағы зиянды заттардың мөлшеріне тәуелді.
3. Қажетті заттар көп болса, топырақ сапасы жоғары.
4. Топырақтың физикалық қасиеттері оптималдық жайына жақындаған сайын, оның сапасы жоғары болады және т. б.
Техникалық тұрғыдан:
1. Топырақтарды табиғи топтастыру.
2. Оларыдың геологиялық қасиеттерін анықтау.
3. Химиялық құрамын анықтау.
4. Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтау әдістері алынған.

Бағалау жұмысын жүргізуде далада топырақ құрылымы, қалыңдығы, бедер, өсімдіктер зерттеліп, топырақ түрері анықталып, карталарда және жергілікті жерлерде олардың шекаралары белгіленеді, жиналған мәліметтер лабораторияда өңделеді.
Топырақтың әр тобы бойынша қарашірік, азот, су мөлшері, механикалық құрамы, жұту қабілеті анықталып, топырақтың сығындысы талданады. Мұндайда, В. В. Докучаев айтқандай, топырақтар абсолютті емес, салыстырмалы түрде бағаланады. Орта бағалау сызығының дұрыстығын дәлелдеу үшін ол топырақтардың табиғи қасиеттерінің салыстырмалы көрсеткіштерін Нижегород губерниясында ең кең тараған дақылдардың өнімділігімен байланыстырды. Топырақтардың жаратылыс қасиеттері бойынша анықталған көрсеткіштердің және дақылдардың статистикалық-экономикалық жолмен алынған өнімділік көрсеткіштерінің қатынастары өте тығыз болған.
Сонымен, топырақтарды бағалау негізіне В. В. Докучаев олардың табиғи қасиеттерін және нышандарын алған, ол дақылдардың шығымдылығы топырақтарды топтарға бөлудің дұрыстығын дәлелдеу үшін пайдаланған. Кейін бұл әдісті кеңес ғалымдары дамытып, Ресей Федерациясында, Қазақстанда қолданатын топырақтарды бонитеттеу әдістемесінің негізін салған. ВАСХНИЛ академигі С. С. Соболев топырақтарды бонитеттеу - оларды өзінің обьективтік қасиеттерінде құрылған және орта көп жылдық шығымдылығымен тығыз байланыстағы өнімділік бойынша топтастыру керек деп санаған. Таксономиялыұ бірлік ретінде ол топырақ түрін ұсынып, топырақтардың қасиеттері бойынша және шығымдылығы бойынша екі параллельді шкаланы құруды талап еткен.
Қазіргі уақытта қолданатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес топырақтарды бонитеттеу деп салыстыруға келетін егіншілік қарқындылығында және агротехника деңгейінде топырақтардың сапасын құнарлылығы бойынша салыстырмалы түрде бағалау түсініледі. Көрсеткіштер ретінде дақылдардың шығымдылығы және өнімділігімен тығыз байланыстағы топырақтың ең орнықты қасиеттерін пайдалану ұсынылады. Топырақтардың табиғи қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне өнімділік бойынша баллдарды ескеріп, түземелер негізіледі. Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары түрінде бастапқы негіз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
Топырақтарды бонитеттеу және ауыл шаруашылық алқаптарын экономикалық бағалау
Қазiргi таңдағы қазақстанның топырақ жағдайы
Ішкішаруашылық жерге орналастырудың теориялық, жалпы әдістемелік негіздері
Жер салығын төлеушілер
ОҚО Түлкібас ауданы «Шабыт» шаруа қожалығының ауылшаруашылық алқаптарының құнын бағалау
Салық салу объектісі
Жер салығының экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы жер салығының кейбір мәселелері
Жердің жалпы мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz