Асқорыту жүйелерінің қатерлі ісіктерінің таралуы



Жоспар
Кіріспе. Асқорыту жолының қатерлі ісіктерінің таралуы.

Негізгі бөлім:
1. Этиологиясы мен патогенезі. Ракалды аурулар.
2. Тоқ ішек рагының патологиялық анатомиясы. Жіктелуі.
3. Клиникасы. Диагноз қою

Қорытынды. Емі

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе. Асқорыту жолының қатерлі ісіктерінің таралуы.

Негізгі бөлім:
1. Этиологиясы мен патогенезі. Ракалды аурулар.
2. Тоқ ішек рагының патологиялық анатомиясы. Жіктелуі.
3. Клиникасы. Диагноз қою

Қорытынды. Емі

Асқорыту жолының қатерлі ісіктерінің ішінде тоқ ішек рагі асқазан мен
өңеш рагынан кейін үшінші орны алады.
Тоқ ішек рагі Американың солтүстігінде ,Австралияда,Батыс Европада жиі
кездеседі.Еркектер мен әйел адамдарда бірдей жиілікте кездеседі,ісік
жиілігі жас өскен сайын көбейе түсіп,70 жастағыларда жиі кездеседі.
Тоқ ішек рагының жиі кездесуіне қарамастан науқас адамдардың көбі
емханаға ісік асқынынып кеткенде түседі.Диагноздың уақытында қойылмауының
себебі ісіктің клиникасының көп түрлі болуына және ерте белгісінің айқын
болмауына байланысты.Екіншіден , көптеген дәрігерлердің тоқ ішектің әр
бөлігінде орналасқан ісікке тән клиникаларымен жөнді таныс болмауында.
Тоқ ішектің анатомиялық бөліктерінде рак әр жиілікте кездеседі.Рак
бүйенде (35 пайыз) және сигма тәріздес тоқ ішекте (34 пайыз) жиі
кездесіп, өрлемелі тоқ ішекте ( 9 пайыз) және ішектің бауыр мен көк бауыр
бұрышында (5,3 пайыз) сирек кездеседі.
Этиологиясы мен патогенезі.Рак ауруының пайда болуында физикалық және
химиялық факторлардың әсетрі көп.Оның ішінде қатпа пайда болып, нәжістің
ішекте ұзақ іркілуінің әсері ерекше.Нәжістің ұзақ іркілуіне ішек бойында
қабынудың әсерінен пайда болған бүгілістер, кеңулер себеп болады.Ұзақ уақыт
болған қатпа ішектің шырышты қабатын жарақаттауы мүмкін.Осы жарақатты
болған жерге белокты заттардың ыдырауынан пайда болған канцерогенді
(индол,скатол,фенол) заттар зиянды әсерін тигізеді.Нәжісте болатын
көптеген бактериялардың шығаратын ферменттері
белоктардың,фосфолипидтердің,май және өт қышқылдарының алмасуына қатысады.
Осы бактериялардың флорасының әсерімен амин қышқылынан
аммиак,нитрозамин,жеңіл қышқылдар пайда болып, бастапқы өт қышқылы қосымша
қышқылға айналады.
Осы пайда болған қосымша өт қышқылының ішекке тигізетін канцерогенді ,
мутагенді әсері көптеген тексерулермен дәлелденген.Өт қышқылының
концентрациясы белокты және майлы тамақты қолданғанда көбейеді, ал
клетчаткалы өсімдік тағамдарын және А мен С витаминдері көп тағамды
қолданғанда азаяды.
Өсімдік клетчаткаларында целлюлоза,гемицеллюлоза ,пектин сияқты тағам
талшықтары болады.Бұл талшықтар нәжістің көлемін көбейтіп, ішектің
жиырылуын жандандырады да, ішек қуысындағы нәжістің қозғалуын
жылдамдатады.Онымен қоса өт қышылының тұздарын байлап, қышқылдың
нәжістегі концентрациясын азайтады. Өркендеген мемлекеттердің халықтары
кейінгі жылдары ірі клетчаткасы көп тағамдарды қолдануды азайтуда.Соның
нәтижесінде ісік пайда болуға себеп болатын созылмалы және жаралы
колит, полип секілді аурулар көбеюде.

Ракалды аурулар.
Тоқ ішек рагі көбінесе полиптерден пайда болады.Полиптер аденоматозды
және қабыну әсерінен пайда болған, гиперпластикалық (тіннің шамадан тыс
өсуі) болып бөлінеді. Аденоматозды полиптерге қарағанда гиперпластикалық
полиптер жиі кездеседі де және оның қатерлі ісіккке ауысуы күмәнде
болады.
Аденоматозды полиптер ракалды ауруға жатады. Бұл полиптер түсі қызғылт
, дөңгелек, жұмсақ, беті барқыт түстес, жіңішке немесе жалпақ негізге
орналасқан. Жиі тік ішекте , одан кейін, азаюға қарай ретімен сигма ,
бүйен, төмендеген тоқ ішекте кездеседі.
Полиптердің көлемі үлкейген сайын ракқа айналуы жиілейді.Егер
көлемі 1 см-дей полип ракқа сирек ауысса , көлемі 2 см-ден үлкен полиптер
40-50 пайызда ракқа айналуы мүмкін.Бүртіктелген полиптер майда полипке
қарағанда ракқа жиі айналады.
Полиптер жеке , көп және диффузды болып бөлінеді.
Диффузды полипоз 100 пайызда ракқа айналатын облигатты ракалды
ауруға жатады. Бұл ауру тұқым қуалайды.
Ем – операциялық жолмен.
Бүртіктелген жеке және көп полиптер, жай жаралы полип,Крон ауруы
факультативті ракалды ауруға жатады.

Тоқ ішек рагының патологиялық анатомиясы.
Тоқ ішек қатерлі ісіктерінің ішінде рак 98-99 пайыз, ал саркома 1-2
пайыз жиілікте кездеседі.
Макроскопиялық түрі бойынша рак экзофитті , эндофитті және арлас
болып бөлінеді.
Экзофитті ісіктер шегі айқын болып ішектің саңылауына қарай өсіп,
ішектің бойымен тарауы және терңе қабаттарына өсуі бәсең болады.Ісіктің
бұл түрі кең негізде отырған полип сияқты , түйінді немесе түсті капустаға
ұқсас болып бүрленіп өседі де, тоқ ішектің оң жақ бөлшегінде ( бүйенде,
өрме тоқ ішекте, ішектің бауыр бұрышында) жиі кездеседі.
Тоқ ішектің сол жақ және көлденең бөлшегінде эндофиттті және жаралы
түрлері жиі кездеседі.Ісіктің бұл түрлері ішектің шеңберін қамти,
саңылауын тарылта , терең қабаттарына тарап,беріштеніп өседі.
Ісіктің аралас түрі ішектің екі жақ бөлшегінде бірдей жийлікте
кездеседі.
Ісік ішектің шырышты қабатынанан басталып, микроскопиялық құрылысы
бойынша: аденокарцинома , шырышты, қомақты рак және аралас түрі болып
бөлінеді.
Тоқ ішек рагі жай өсіп, кеш метастаз береді.Экзофитті ісіктің
макроскопиялық шегі мен микроскопиялық шегі үйлесетін болса,
инфильтративті ісіктің макроскопиялық шегінен 2-3 см қашықтықта рак
клеткаларын кездестіруге болады.
Тоқ ішек рагі лимфа жүйелері арқылы метастаз береді.Лимфа жүйесі
арқылы метастазды жиі ішектің сол жақ бөлшегінде орналасқан эндофитті
өскен шырышты және қомақты ісіктер береді.
Қан арқылы метастаз негізінде бауырда пайда болады.
Ісік көлемі және таралуы бойынша 4 сатыға бөлінеді.
1 саты –Ішек шеңберінің жартысынан кемін қамтыған, шырышты және
шырышасты қабатының көлемінде өскен, лимфа түйіндерге метастаз бермеген
ісік.
2-саты-Ішек шеңберенің жартысынан көбін қамтыған , бұлшықет қабатына
өскен, лимфа түйінге метастаз бермеген немесе бір жақын лимфа түйінге
метастаз берген ісік.
3- саты –Ішектің шеңберінің жартысынан көбін қамыған , сірі қабатына
өскен немесе аумақтық лимфа түйіндерге метастаз берген әр көлемдегі
ісік.
4-саты-Ішектің шегінен шығып көрші ағзаларға өскен көлемді ісік
немесе алыс метастаз берген әр көлемді ісік.

Тоқ ішек рагі төмендегі белгілермен жіктеледі:
1. Ішектің ауруы-өте жиі кездесеін белгі, аурулардың 80 пайызында
болады.Бұл белгі тоқ ішектің оң жақ бөлшегінде 2-3 есе жиі
кездеседі.Ауру сыздап шаншып, ұстамалы болып сезіледі.
2. Нәжіспен бірге шырыш, ірің сияқты патологиялық заттар шығады.
Бұл жағдай көбінесе ішектің оң жақ бөлгігінде пайда болған
ісікке тән. Ісік ішектің сол жақ бөлігінде пайда болғанда
нәжіспен арлас ұйып қарайған қан пайда болады.
3. Ішектің қызметі бұзылып іш қатуы немесе іш өтуі пайда болады.
Немесе бұл бұзылыстар алмасып отыруы мүмкін.Іштің қорылдауы
жиілейді.Қабыну қосылуына байланысты ішектің жиырылуы күшейіп,
секрециясы жоғарлап іштің өтуіне әкеп соғады.
4. Асқа тәбеттің төмендеуі, диспепсия белгілері.
5. Науқастың көңіл күйі бұзылып, халы нашарлайды, дене қызуы
көтеріледі, жүдей бастайды.
6. Бүйенде , өрме және көлденең ішекте пайда болған ісіктерді
пальпация әдісімен анықтауға болады.
Тоқ ішек рагының клиникалық түрлері:
2 түрге бөлінеді:оң жақ және сол жақ бөлігі рагының белгілері.Бүйен
ішекте, өрме тоқ ішекте және ішектің бауыр бұрышында ісіктер ішектің оң
жақ бөлігіндегі ісіктерге , сол жақ бөлігіне көкбауыр бұрышындағы ,
төмендеген ішектердегі ісіктер жатады.Көлденең және сигма тәріздес тоқ
ішектегі ісіктер өз алдына жеке бөлінеді.Тоқ ішектің оң жағындағы
экзофитті рак көп уақытқы дейін ішектің саңылауына қарай өседі де,
ішектің түйілуі ерте білінбейді.Ісіктің көлемі үлкен болғанда да ішектің
шеңберінің едәуір бөлігі ісіктен бс болғандықтан нәжістің жылжуы
бұзылмайды.Дегенмен рактың бұл түріне байланысты ауру денесінде
жалпылама өзгешеліктер (улану белгісі, дене қызуының аздап
көтерілуі,әлсіздік,арықтау және анемия белгілері) пайда болады.Қанның
азаюына байланысты пайда болағн әлсіздік, бас айналу, бас ауруы науқас
адамды дәрігерге көрінуге мәжбүр етеді.
Тоқ ішектің сол жақ бөлігінде пайда болған рактың белгілері ішектің
функциональдіқ және қозғалыс қызметінің бұзылуына байланысты. Рактың ерте
сатысында ішек қызметінің бұзылуы іштің кебуі, кекіріктің пайда болуы,
нәжістің қатуы мен іш өтудің алмасуы секілді белгілермен білінеді.
Тоқ ішек рагының клиникасының түрлі-түсті болуы ішектің әр бөлігінің
функциональдіқ қызметінің , анатомиялық құрылысының өзгешеліктеріне , іш
қуысындағы басқа ағзалармен тығыз байланыстылығына , ісіктің өсу түріне
байланысты.
Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша тоқ ішек рагын 6 клиникалық
түрге бөледі:
1. Улағышты-анемиялы түрі.Науқастық терісі бозарып, қан азаюы
жеделдейді,қажу пайда болады,жұмыс істеу қабілеті
төмендейді.Гипохромды анемия пайда болып,оның жеделдей түсуінің
себебі белгісіз болған жағдайда , тоқ ішектің оң жақ бөлігінің рак
бар-жоғын анықтауға арналған медициналық тексерулерді өткізу керек.
2. Энтероколитті түрі.Аурудың іші кеуіп,қорылдау пайда болады.Іш өту мен
қатпа пайда болуы алмасады.Нәжіспен аралас қан, шырыш
болады.Осындай өзгерістер білінген жағдайда тоқ ішекті рентгендік
тексеру арқылы зерттейді
3. Диспепсиялы түрі.Науқас адамның тәбетінің нашарлауымен, жүрек
айнып,лоқсу,құсу, іште аурсыну сезімі,сыздау және кебу пайда болады.
4. Обтурациялық түрі.Кенеттен іште ұстамалы қатты ауырсыну пайда
болып, оған қорылдау қосылып, жел және нәжіс шықпай іш кебе
бастайды.Бұл клиникалық белгілер тоқ ішектің сол жақ бөлігінің рагі
кезінде байқалады.
5. Жалған қабынбалы түрі.Бұл түріне бірінші орында құрсақ қуысының
қабынуына тән белгілер пайда болады. Науқастың іші сыздап,дене қызуы
көтеріліп,іш пердесінің қабыну белгілері пайда болады.
6. Ісіктік түрі.
Салыстырмалы диагноз.
Бүйенде пайда болған ісікті туберкулезден айыру керек.Ішек
туберкулезі көбінесе жас адамдарда , жасы 40- тан асқан адамдарда
сирек кездеседі.Туберкулез ісігі қозғалмайтын қатерлі ісікке қарағанда
жұмсақтау болып, бүйен аумағынан мықын ішекке қарай тарайды. Қанмен
арлас іш өту байқалып, нәжісте туберкулез микобактериясы табылады.
Қанда лейкопения мен лимфоцитоз.Науқастың басқа мүшелерінде туберкулез
табылып, ауруға тән Пирке және Манту реакциялары оң болса диагнозды
анықтау оңайланады.
Бүйен рагын оның қабынуынан айыру оңай емес.Клиникалық және
рентгендік көріністері өте ұқсас болғандықтан бүйен инфильтратын ракқа
санап оперция жасаған мысалдар аз емес.
Аурудың анықтау әдістері.
Саусақпен сипап қарағанда бүйен ішек , көлденең тоқ ішек , сигма
тоқ ішек ісіктерін оңай анықтауға болады,ал ішектің бауыр және көк
бауыр бұрышындағы ісіктерін анықтау қиын.Ішті саусақпен тексеруді
науқас шалқасынан, оң және сол жақ бүйірінде жатқанда , тұрып, тізерлеп-
шынтақтап тұрғанда , яғни бес қалыпта өткізу керек. Тоқ ішекте рак
пайда болағнда тік ішекті саусақпен тексеру міндетті әдістердің
бірі.Осы әдіс арқылы ісіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт бездерінің кистасы
Қазақстанда қатерлі ісіктер
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Қуықтың қатерлі ісігі
Қатерлі ісік – қоғам жарасы
Көкірек безінде қатерлі ісігі бар науқастарды оңалту және күтім жайлы
Жатырдан тыс жүктілік
Қатерлі сүт безінің эпидемиологиясы
Ісік торшасының қасиеттері,ісік құрылысы, ісіктің өсуі
Канцерогенездік факторлар
Пәндер