Балалар әдебиеті – рухани қазына



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар Тақырыбы: Балалар әдебиеті - рухани қазына
Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Балалар әдебиетінің ерекшеліктері туралы мақалалар топтамасын жинау 2.Халық ауыз әдебиеті туралы конспект жазу. 3.Жұмбақтарды жинаңыз. 4.Балаларға арналған фольклор түрлері, олардың (бесік жыры, тұсау кесер, жұмбақ, мақал-мәтел т.б.) көркемдік ерекшелігі 5.Бастауыш сынып оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздардың тәрбиелік мәнін ашыңыз.

1.Балалар әдебиетінің ерекшеліктері туралы мақалалар топтамасын жинау
Балалар әдебиеті -- балалардың эстетикалық талғамын дамытатын көркем шығармалар ғана емес , балалар әдебиеті - балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы - балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу.
Балалар әдебиетінің ерекшеліктері. М.Горькийдің 1928 жылдан 1936 жылға дейін жазған Тағы да сауаттылық туралы(1928), Құлағына мақта тығып алған адам(1930), Жауапсыз адамдар туралы(1930), Балаларға әдебиет (1933), Тақырып туралы (1933), Ертегілер туралы (1935) деген көптеген еңбектері ғылымға және балалар әдебиеті жайында жазылған сын мәселелеріне енгізілген ірі мұра болып табылады. Аталған мақалалар балалар әдебиетінің теориясын дамытқан еңбектер болып саналады. М.Горькийдің айтуынша балалар әдебиетінің өзіндік өзгешелігі қайсы? Баланың талғамы, ойы, ықыласы, есі, қабілеті, тілінің даму мәдениеті, олардың өсу, есею жылдарына қарай әр түрлі ерекшеліктері болады. Жазушы тіл шеберлігін игерумен қатар, алдыңғы қатардағы білімді, мәдениетті азамат болумен қатар, бала тәрбиесіндегі мақсаты мен міндетін ұмытпауы керек.
Балалар әдебиетіне араласатын автор әр алуан жастағы оқушылардың барлық өзгешеліктерін ескеруге тиіс. Бұлай етпеген күнде оның кітабы балаға да, үлкенге де керексіз, иесі жоқ кітап болып шығады" - деп ескертеді М.Горький. Балалар әдебиетіне қойылатын критерий де осы. М.Горький балалар әдебиеті ең алдымен тәрбие құралы екенін айтқан еді. Балалар әдебиеті ғылыммен, тәрбиемен тығыз байланысты болуын талап етті. Әр қилы тақырыптарға жаза білу үшін жазушы алдымен білімді, талантты, тіл көркемдігін игерген шебер болуға тиіс. Тақырып жайында сөз ете келіп М.Горький Телескоп, телевидение адамның көзбен көрушілігін ұзартты, микроскоп оны тереңдетті. Телефон, радио есітуді күшейтті. Жер бетінде сумен, ауамен сапар шегудің қазіргі кездегі жаңа амалдары аяқты ұзартты. Алыста тұрып басқару қолды ұзартты - дейді. Мұндай тақырыптарға жазу баланың ой-өрісін дамытуға себепкер болар еді. Тақырып таба білу де балалар әдебиеті үшін үлкен жаңалық.
Балалардың оқуына қажетті кітаптарға шек қою, әлі де болса, балалардың жастық шақтағы қабілеттілігін ұға білмегендік болар еді. Үлкендерге арнап жазылған жақсы шығармалардың көпшілігі балалардың түсінуі мен олардың тәрбиесіне қайшы келмесе, қайта оларға қазіргі дәуірдегі жаңа адамды тәрбиелеудің ең үздік үлгілерін көрсетіп, өмір жолын танытарлық дәрежеде болса, ол сөзсіз балалардың оқуына да кең түрде ұсыныла береді. Өмір жолын танытып, саналы түрде тәрбиеге баулитын кітаптарды үлкен кісілердің араласуынсыз-ақ балалардың өздері де біріне-бірі ұсынып, көпшіліктің оқуына айналдырып жібереді. Бұл - өмір

заңы, оған қайшы келуге болмайды. Мысалы, орыс жазушыларында Отан қорғау ісіне байланысты, әсіресе Отан соғысы тақырыбына байланысты жазылған шығармалардың көпшілігі балалардың оқуына лайықталып кетіп, соңынан балалар баспаханасы арқылы шығып жатқаны белгілі. Д.Фурмановтың Чапаев, А.Фадеевтің Жас гвардия, М.Шолоховтың Адамның тағдырыатты әңгімелері - осының айқын дәлелдері. Жоғарыда аты аталған жазушылардың бәрі де осы шығармаларын о баста балаларға арнап жазбағаны белгілі.
Сол сияқты Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазылған Ғ.Мүсіреповтің Қазақ солдаты романы, С.Бақбергеновтің Талғат повесі мен М. Хакімжанованың Мәншүк атты поэмасы толығынан балалардың оқуына икемделіп кеткен шығармалар деп атаймыз. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғаттың, Кеңес Одағының Батырлары Қайырғалидың, Мәншүктің, Әлияның ерлік образдары, әсіресе, жас өспірімдердің жүрегінен берік орын алған, ең сүйікті кейіпкерлері екені баршаға аян. Сонымен қатар Отанға деген қаһармандықтың, табандылықтың, анаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің ең жоғарғы үлгілерін көрсететін осы сияқты көптеген таңдаулы шығармалар еліміздегі әрбір балаға мәлім. Біздің ата - бабаларымыздың білген тар дүниесі қазір жетіжылдық бітірген баланың қалтасын да толтыра алмайды,- деп Ғ.Мүсіреповтің өзі айтқандай, қазіргі кезде балаңдығы байқалған бұрынғы кездегі ұсақ-түйек уағыздарға балалар қанағат тұтпайды.
Ш.Ахметов Қазақ балалар тарихының очеркі кітабында балалар әдебиетінің алты ерекшелігін атайды. Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеті әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе кқрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді; Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірен әсер ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы керек; Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғадан оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әр жақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды; Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көрінісітерін, пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түсеі. Пейзаждық сурет - эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі. Эстетикалық тәрбие көбіне ақыл тәрбиесімен тығыз байланысты болып отырады. Өйткені көркемдікке тәрбиелеу - баланың ақыл-есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады. Эстетикалық тәрбие сондықтан да көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберелер жасаған көркем өнердің, көркем әдебиеттің аса құнды шығармаларын балалардың терең түсінуін, сол шығармалардан рахаттанып рухани ләззат алуын дамытады; Бесіншіден, балалар әдебиеті шығармаларының мазмұн мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа үйретіп, еңбексүйгіштікке әуестендіре білуі керек; Алтыншыдан, Сөз - әдебиеттің негізгі материалы. Біздің барлық әсерімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін - сол. Әдебиет - сөз арқылы сұлу суреттелетін өнер - деген М.Горький. Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерллі болып отыруға тиісті. Блалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.

2.Халық ауыз әдебиеті туралы конспект жазу.
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі - халықтың ауыз әдебиеті
Жазу - сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, коллективтің әдебиетіне айналып кеткен.
Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г. Белинский Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес, - деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу- сызу өнері болмаған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта болған емес.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т.б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде туған емес және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен өткен кезде орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып, әр түрлі пікірлер айтқан-ды. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған-ды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді. Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретінде қысқаша тоқтай кетелік.

Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Россияда ауыз әдебиетін зерттеген буржуазияшыл ғалымдар мифтік теория дегенді ойлап шығарды. Бұл теорияны ХІХ
ғасырдың 50-60 жылдарында орыстың Ф.И. Буслаев, О.Ф. Миллер, А.Н. Афанасьев секілді ғалымдары қолдап, ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға, әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Ауыз әдебиетін жасауда адамдардың саналы ролі болған жоқ, ауыз әдебиетін құдайлардың өздері туғызды, адам баласы құдайлар жасаған мифтердің ауыз әдебиетіне қосушы ғана болды және оны өзгертпей, бергі заманға алып келді десті. Сөйтіп идеалистік көзқарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Экономиканың, қоғам өмірінің ілгеріліп дамуына қарай ертедегі мифтік ұғымдар да, наным-сенімдер де өзгеріп, жаңарып отыратынын және олардың жоғалатынын мифтік теорияны жақтаушылар мойындамады және мойындағысы келмеді.
Ауыз әдебиетінің шығуы өткен ғасырдың екінші жартысында батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл ауысып алу (теория заимствования) теориясы деп аталды. Оны Россияда А.Н. Пыпин, В.В. Стасов, А.Н. Веселовский т.б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетін басқа елдердің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айрықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттерге екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса-ақ болғаны, оны олар бір-бірінен ауысып алған деп есептеді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым-қатынас, сауда-саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен, Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпин оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейіннен Потанин де баса көрсетеді. Орыстың батырлар жырында Илья Муромеюдцтің өз баласымен соғысатыны айтылады. Мұны ауысып алу теориясын қолдаушылар Шахнамәден келген сюжет деп қарады. Сөйтіп, олар әрбір халықтың творчестволық қабілетін жоққа шығарады. Олардың ойынша, бірде-бір халық өз тарапынан шығарма тудыра алмақ емес, тек даяр сюжетке ие болады, сол сюжетті өз тілінде жырлайды және олардың мұндай шығармалары бір елден екінші елге ауысып отырады, қыдырма, мекені жоқ сюжетке айналады-мыс.
Ауыз әдебиетінің тууы, дамуы жайында ауысып алу теориясы ғылми теріс, дәлелсіз және қате теория еді. Марксизм-ленинизм іліміне сүйенген советтік ауыз әдебиеті ғылыми (фольклористика) бұл теорияны қатты сынға алып, әрбір халықтың өзіне тән творчестволық қабілеті барлығын дәлелдейді. Ауыз әдебиетінің қандай түрін, қандай сюжетін болса да әрбір халық өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен алатындығын айқындайды.
Екіншіден, бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе батырлар жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Мұндай ұқсастық екі халықтың, кейде бірнеше халықтың, жаңағы сюжеттерді бір-бірінен ауысып алғандығынан бола бермейді. Ондай ұқсастық Экономиканың, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан туады. Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған, шалғай жатқан халықтардың ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, міне, осыған байланысты. Бұған кейінде Г.В: Плеханов та айырықша көңіл аударған болатын. Ол өзінің Адрессіз хат дейтін еңбегінде ауыз әдебиетіндегі сюжет ұқсастықтарын халықтардың тұрмыс-тіршілік, шаруашылық, қоғамдық жағдайларының ұқсастығынан іздейді. Бұл жөнінде И.В. Сталин де біраз пікір айтады. Диалектикалық және тарихи материализм туралы жазған еңбегінде ол былай дейді: Қоғамның өндіріс тәсілі қандай болса - негізінде қоғамның өзі де сондай болады, оның идеялары мен теориялары, оның саяси көзқарастары мен мекемелері де сондай болады... немесе, анайылап айтқанда, адамдардың тұрмыс салты қандай болса, олардың ой-пікірі салты да сондай болады .

Ауыз әдебиетін, соның ішінде батырлар жырын зерттеуде басқа теорияларға қарағанда тарих мектебінің ауыз әдебиеті халықтың өміріне, тарихына байланысты туады деуі бұрын айтылмаған тың пікір болатын. Әйткенмен ауыз әдебиетін түгелімен өткендегі тарих және оның документі деп қарау қате айтылған пікір еді. Рас, халықтың тарихынан елеулі орын алған оқиғалар әдебиетке әсерін тигізбей қоймайды, кейде ол әдеби шығармлардың тууына себепші болады. Бірақ та ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды өз қалпында, шындық түрінде жырлай бермейді. Тарихи фактілерді негізге ала отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп көрсетеді, кейде асырып, кейде өзгертіп елестетеді; ауыз әдебиеті тарихи оқиғаларды сурет арқылы бейнелейді. Олай болса ауыз әдебиетін тарихтың өзі, соның документі деуге болмайды.
Сөйтіп, ауыз әдебиетінің туу, қалыптасу жайын буржуазияшыл ғалымдар дұрыс түсіндіріп бере алмайды. Бұл мәселені тек марксизм-ленинизм іліміне сүйенген советтік ауыз әдебиеті ғылымы ғана толық шешіп берді. Советтік ғылым ауыз әдебиеті адамдардың еңбек, кәсіп етуіне, тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне және оның дамуына байланысты туғандығын дәлелдейді. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланыса отырып, оны жан-жақты суреттейді, әр түрлі бейнелеу арқылы елестетеді. Әрине бұдан ауыз әдебиеті бірден дамыған деген ұғым тумайды. Оның кейбір үлгілері ескі дәуірде, рушылдық қоғамда туған; бертін келе қоғамдық, экономикалық жағдайлардың, адам баласының дүние танудағы ой-өрісінің ұлғайып өсуіне қарай ауыз әдебиеті де дамып отырған. Демек, халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік көзқарасы т.б. ауыз әдебиетінің тууына және қалыптасып дамуына әсер еткен, мазмұн берген. Сондықтан да ауыз әдебиеті өзінің даму жолында талай тарихи дәуірлерді басынан кешірген, талай таптық, қоғамдық тілектер мен көзқарастардың елегінен өткен. Әрбір қоғамдық құрылыс, таптық тілектер ауыз әдебиетінің идеялық бағытына, мазмұнына ықпал жасаған, әрқайсысы өздерінің мүдделеріне сәйкес ауыз әдебиетін тудырған, оны пайдаланып отырған.
Қазақтың көркем әдебиеті тарихын зерттеген әдебиетшілердің айтуына қарағанда, көркем әдебиетіміз ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған. Өзінен бұрынғы дәуірмен салыстырғанда ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы қазақ өмірінде елеулі кезең еді. Бұл кезде қазақ халқының көпшілігі (Кіші Жүз бен Орта Жүз) Россия мемлекетіне қосылып болған-ды. Мұның нәтижесінде қазақ халқының экономикасы, қоғамдық өмірі бұрынғы кезден әлдеқайда ілгерілеп дамыған, өскен еді.
Бұл жағдай қазақтың көркем әдебиетінің тууына үлкен әсер етеді. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан былайға жерде аты-жөні белгілі авторлар шыға бастайды. Мұның өзі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетінің жігін ашатын негізгі белгінің бірі болды.
Рас, ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақтың ауыз әдебиеті есейген, жетілген еді. Бұл кезде ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері (ертегі, аңыз, батырлар жыры, тұрмыс-салт өлеңдері т.б.) дамыған да болатын. Бірақ оларды шығарған авторлары белгісіз болды. Сондықтан ондай шығармалар жеке авторлардың емес, бүкіл халықтың шығармасы болып саналатын. Бұл жөнінде В.Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: ...Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін жабайы, үстіртін-аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді... Ал көркем әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің ақыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді.
Белинский бұл пікірін Әдебиеттің түрлері және Әдебиет деген сөздің жалпы мағнасы туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетінің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы экономиканың дамыған, қоғамдық ой-санасының ұлғайып өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жұртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады, - дейді.
Ұлы сыншы осы пікірін дамыта келіп былай дейді: ауыз әдебиеті айтайын деген ойын әр түрлі тұспалдау, бейнелеу жолымен білдіреді, соларға әрдайым иек сүйеп отырады, ал көркем әдебиет айтайын деген ойын айқын етіп суреттейді, өз заманының рухын, идеясын ашып көрсетеді.
3. Жұмбақтар
Жұмбақтар - қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - маңызының артып отырғандығында.
Жұмбақтар балалардың байқағыштық, зеректік қасиетін дамытып, ақыл - ойын арттырады, көрген - білген нәрселердің бәріне ой жүгіртіп, өзгешелігін, ұқсастығын танып ізденушілікке үйретеді және ойды жинақы, ықшам йту шеберлігін жетілдіреді.

Жұмбақтар - қазақ халық ауыз әдебиетi iшiнде атадан балаға мұра ретiнде берiлiп, ерте заманнан бастап бүгiнгi күнге дейiн даму, өсу, толығу үстiнде келе жатқан асыл мұра.
Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды қолдану оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.Халық жұмбақтарын фонетиканы, лексиканы, сөз таптарын оқытуда, жалпы қазақ тілі сабақтарында пайдалану өте тиімді. Біріншіден, балалар жұмбақты шеше отырып фонетикалық морфологиялық талдау жасайды, сөз таптарына ажыратады. Екіншіден, жұмбақ баланың ой-өрісін, қиялын дамытуға, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейді. Үшіншіден, балаларды халқымыздың асыл мұраларымен сусындатып, ұлттық тәрбие береді.

Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды пайдаланудың маңызы. Біріншіден практикалық дағдыны қалыптастыру үшін жүргізілетін дыбыстық талдауға материал ретінде пайдалануға болады.Екіншіден, жұмбақтардың шешімін табу оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту және сөйлеу мәдениетін жетілдіруде үлкен қызмет атқарады. Үшіншіден, жұмбақтар бұл жерде оқушыларды халқымыздың асыл қазынасымен сусындатып, ұлттық тәлім-тәрбие беруге септігін тигізеді. Төртіншіден, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, сабақтың қызықты өтуінде өзіндік орны болады, яғни, сабақтың жоғарғы деңгейде өтуінде мұғалімге сенімді көмекші.Негізінен, жұмбақтарды қазақ тілін оқытуда пайдаланудың мүмкіндігі орасан зор. Жұмбақтарды әрбір сабақта өз орнымен тиімді пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық жұмысына байланысты.

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл?
(Ұстаз)
****
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөзді ақ алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәнда.
(Қалам)
****
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.
(Сызғыш)
****
Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім.
(Күнделік)
****
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.
(Сөмке)

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)

****
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
(Білім)
****
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы
(Мұғалім)
****
Қысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыз әдебиетінің бала қиялын дамытуда алатын орны
Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тілін дамыту
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
Аңыз ертегілері
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастыру
М. Әлімбаевтыц педагогикалық көзқарастары
Бала жанының бағбаны
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Пәндер