Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

МӘНЖАЗБА

ТАҚЫРЫБЫ:Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде.

Дайындаған:Зинолла Гүлмира АО-204
Мұғалім:сениор лектор Баймаханова Г.K.

2020-2021
Педагогикалық шығармашылық, педагогикалық шеберлік және педагогикалық құзыреттілік ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Өз кәсібінің шыңына шығуды мақсат етпейтін, білім мен дағдының ең жоғары деңгейіне көтерілуді көздемейтін, бір сөзбен айтқанда педагогика саласында құзырлы маман болуға ұмтылмайтын ұстаз кемде-кем. Сондықтан педагогикалық іс-әрекетті жетілдіруде педагогикалық шеберлік және педагогикалық құзыреттілік ұғымдарының маңызы зор екендігін айтып өткен абзал.
Қазіргі қоғам педагогтарға оқушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру процесіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтың іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан құзырлы болу керек. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің жеке тұлғасының байлығы және оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады. Мұғалімнің кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады, қайта жанданады және шығармашылық сипаты арқылы білім беру жүйесіне жаңа мазмұн береді.
Педагогикалық шеберлікті зерттеудегі өзектілік студенттің жеке тұлғасын дамытудың оңтайлы жағдайларын анықтаумен қатар, практика барысында туындайтын қиыншылықтарға да байланысты.
Кейбір зерттеулерде құзыреттілік ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі. Себебі құзыреттілік іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады. Маманның алдында тұрған мәселелер мен міндеттерді шешу деңгейіне білім мен біліктің сәйкестігін айтады. Бұндай түсініктеме біліктілікке де балама бола алады[1].
Дегенмен бұл екі ұғымның айырмашылығы жайлы тоқтала келіп, кейбір зерттеулерде біліктілік ұғымына қарағанда құзыреттілік ұғымының мағынасы ауқымдылау екендігі айтылады. Біліктілікке кәсіби білім мен білік тән болса, құзырлы педагог бойында сол қасиеттермен қоса өз кәсібіне деген ынталылықтың болуы, білімденушілермен атқаратын іс-әрекеттің ынтымақтастық сипатта болуы, коммуникативтік қабілеттердің т.б. болуы шарт.
Мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық,әлеуме ттік-психологиялық, философиялық т.б.) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілік қа ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениетке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Әсіресе азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу міндеті тұр. Сол құндылықтарды жүзеге асыратын мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауды көздейді.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі жоғарғы оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісінде жаттандылықтан аулақ, психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде жүздеген жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды білім, білік дағдысы және біліктілігіне қарай шешеді.
Педагогикалық кәсіпке басқарушылық сипат басым. Жеке тұлғаның даму процесін басқару үшін педагог құзырлы болу керек. Кез-келген мамандық бойынша педагог құзырлылығы біліктілік сипаттамасымен анықталады. Біліктілік сипаттамасына кәсіби білім, білік, дағдылардың ғылыми негізделген құрамын бейнелейтін педагог құзырлылығының моделі жатады.
Кәсіптік құзыреттілік қа қол жеткізу үшін педагогикалық-психологиялық және арнайы біліммен (пән бойынша) шектелуге болмайды. Ол білімдер жинағы әрине қажетті, дегенмен кәсіптік құзырлы маман болу үшін әлі жеткіліксіз. Теориялық-практикалық және әдістемелік білімдер педагогикалық біліктер мен дағдылардың алғы шарттары.
Педагогикалық дағдылар - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттығу нәтижесінде автоматты түрде қалыптасуы. Дағдыға айналған қимылдар санадан тыс болмайды. Ол - мидың қызметі. Дағдының қимыл, сенсорлық және ой әрекетіне байланысты түрлері бар, дағды әрекет өнімділігін арттырады.
Бүгінгі таңда педагогикалық дағдылардың бірнеше жіктемесі бар. Оны шартты түрде:
· педагогикалық функцияларға қарай (Н.В.Кузьмина);
· әр түрлі педагогикалық тапсырмаларды қоя білу және шешуіне қарай (И.Т.Огородников, Л.Ф.Спирин);
· педагогикалық процесті басқару кезеңіне қарай (В.А.Сластенин, Л.И.Мищенко) 3 топқа бөлуге болады [2, 43].
Көптеген зерттеушілер педагогикалық біліктерді төрт топқа біріктірген.
1. Жалпылама міндеттерді оқыту мен тәрбиенің нақты тапсырмаларына айналдыра білуге байланысты педагогикалық міндеттерді айқындау, тұлға мен ұжымды олардың жаңа білімді белсенді түрде меңгеруге дайындық деңгейін анықтау мақсатында зерттеу; білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттер кешенін айқындау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау білігі;
2. Педагогикалық өзара әрекет жасау тәсілдерін бағдарлау білігі логикалық тұрғыда аяқталған педагогикалық жүйені құру және жүзеге асыруға ықпал жасайды: білім берушілік-тәрбиелік және дамытушылық міндеттерді кешенді түрде жоспарлау, білім беру процесінің мазмұнын негізделген түрде сұрыптауға, оны ұйымдастырудың формаларын, әдіс, тәсілдерін оңтайлы ұйымдастыруға.
3. Педагогикалық әрекет етуді орындау білігі оқыту мен тәрбиенің компоненттері мен факторлары арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік береді: білім беру процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайларды (материалдық, рухани-психологиялық, ұйымдастырушылық) жасау; оқушыны педагогикалық процестің объектісінен субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту;
4. Педагогикалық міндеттерді шешу процесі мен олардың нәтижесі педагогикалық іс-әрекеттің қорытындысын есепке алу және бағалауды талап етеді: педагогтың әрекеті мен педагогикалық процес барысын талдау және өзіндік талдау; педагогикалық міндеттердің жаңа сипаттағы басым кешенін анықтау[3,195].
Құзыреттілік деп маманда белгілі бір сала бойынша білім мен тәжірибенің болуын айтады, ол адам іс-әрекетін бағалайтын ұғым, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статусы бар адамдарға байланысты олардың шешілетін мәселелер мен міндеттердің күрделілік деңгейін ұғынуын, оған білім мен білігінің сәйкес келуін сипаттау үшін қолданылады.
Соңғы зерттеулерде педагогикалық құзыреттілік деп маманның өз іс-әрекетінде білімін, білігін және әрекетті орындаудың жалпылама тәсілін жұмылдыра білу қабілетін айтады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулерде құзыреттілік тың төмендегі түрлері анықталған:
· коммуникативті құзыреттілік - әр тілде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау технологиясын меңгеру (бұған компьютерлік бағдарламалар, интернет арқылы қарым-қатынас жасау кіреді);
· ақпараттық құзыреттілік - қажетті ақпаратты өздігінше іздеу, талдау, зерттеу білігі - педагогикалық іс-әрекетті нормативті - құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды меңгеру;
· жалпы мәдени құзыреттілік - ұлттық, жалпыадами мәдениет саласындағы білімнің болуы; тұлғалық аксиологиялық жүйені меңгеруі; түрлі этномәдениетке толеранттылық таныту;
· танымдық-шығармашылық құзыреттілік - оқу-танымдық іс-әрекетке мақсат қою, жоспарлау; дамыған шығармашылық қабілеттің болуы; жаңа білімді өздігінше меңгеру қабілеті;
· әлеуметтік-еңбектік құзыреттілік - өзіне жауапкершілік алу білу қабілеті; жеке мүддесінің қоғам талаптарымен сәйкес келуі; кәсіби әрекетті өздігінше орындауға дайын болу қабілеті;
· кәсіби құзыреттілік - белсенді өмірлік ұстаным; кәсіби білім мен білік; жеке кәсіби сипат; шығармашылық білік [4]
Кәсіби құзырлы болу үшін педагогтың жеке тұлғасына қойылатын психологиялық талаптарға тоқталып өтелік. Ең алдымен мұғалім тұлғасының ішкі және сыртқы әлеуетінің толықтығы оның қоршаған ортаға деген көзқарасына тікелей байланысты. Мұғалім тұлғасында түбірінде педагогикалық іс-әрекетке деген қажеттілік бар кәсіби бағыттылық маңызды орын алады. Оған жататындар: балаларға деген сүйіспеншілік пен қызығушылық; педагогикалық жұмысқа деген ынта-әуес; психологиялық-педагогикалық байқампаздық пен зеректік; педагогикалық әдеп; педагогикалық қиял; ұйымдастырушылық қабілет; әділдік таныту; қарым-қатынас орната білу; талап қоя білу; мақсаттылық; өзін-өзі ұстай білу; өзіндік баға; рухани-танымдық қажеттілік; интеллектуалды белсенділік; педагогикалық өзіндік білімденуге дайын болу.
Мұғалімнің кәсіби біліктілігінің басты көрсеткіші оның психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру деңгейі. Сонымен бірге педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері мен категорияларын,тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын, тәрбиенің мәні, мазмұны, міндеттері, формалары және әдістерін, балалардың физиологиялық даму ерекшеліктерін, оқушылардың гигиеналық тәрбиесінің негіздері мен тәсілдерін білу, баланың психикалық дамуы заңдылықтарын, тұлғаның әр түрлі даму кезеңдеріндегі дара-психологиялық ерекшеліктерін терең білуі шарт.
Педагогтың құзырлылығының компоненттері жалпы педагогикалық дағдылар. Ол дағдыларға: оқушылардың білім және тәрбие деңгейін анықтау; педагогикалық тапсырмаларды нақты қою, оны шешу шарттарын білу; оқушылардың оқу-тәрбие әрекетіне жетекшілік жасауды жоспарлау; оқу-тәрбие жұмысында әдіс-тәсілдерді, ұйымдастырушылық жұмыстарды негіздеу; оқу-тәрбие мақсатына байланысты студенттердің деңгейлерін есепке ала отырып, оқу-тәрбие материалдарын таңдау, талдау, жинақтау, жүйелеу; ғылым мен оқу пәнінің арасындағы айырмашылықты айқындап, ғылыми материалды сабаққа ыңғайлап өңдеу; сабақтың логикалық-психологиялық, ұйымдастырушылық-педагогикалық құрылымын негіздеу және шығармашылық тұрғыда өткізу; студенттердің іс-әрекетіне педагогикалық жетекшілік жасау, олардың әрекетінің құрылымын жоспарлау; өмірдің белгілі бір кезеңдерінде студенттердің мінез-құлқына, психикалық көңіл-күйіне қарай өзгерістерді анықтау, оның ерекшеліктерін түсіну; студенттердің жеке-даралық ерекшеліктеріне сай талап етудің тиімді формасын табу; педагогикалық коммуникациялық қабілеттің болуы; жағдайлар мен шарттардың өзгеруіне қарай іс-әрекеттің тәсілдерін өзгерту, қайта құру; студенттер жұмысына шұғыл түрде бақылау жасау, оның сипатын, бағытын қажет болған жағдайда өзгерту, алынған нәтижелерге талдау жасап, қойылған педагогикалық мақсатқа сәйкестігін талдау; оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларының, қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау; кәсіби педагогикалық іс-әрекеттегі жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау; өзінің іс-тәжірибесін талдау және қорытындылау; өзге педагогтардың тәжірибелеріне талдау жасай отырып, ондағы тиімді жаңашыл формаларды, әдіс пен тәсілдерді өзінің жұмыс практикасында қолдану.
Сонымен педагогикалық іс-әрекет педагогтың жеке тұлғасына және кәсіби құзырлылығына барынша жоғары талаптар қояды. Сол талаптардың шартын орындау, оны жылдан-жылға шығармашылықпен дамытып отыру өз кәсібіне сүйіспеншілікпен, ынта-ықыласпен қарайтын әрбір педагогтың қасиетті парызы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтардың, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, құзырлылық ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдары
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі
Портфолио және оны даярлау жолдары
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрылымы
Мұғалімнің құзыреттілігі
Инклюзивті білім беру туралы
Кәсіби құзыреттілік мәселесі
Пәндер