Білім сапасын қадағалау түрлері. Білім сапасын анықтаудың жаңа тәсілдері. Тестілеу жүйесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Практикалық сабақ №6, 7
Тақырыбы: Білім сапасын қадағалау түрлері. Білім сапасын анықтаудың жаңа тәсілдері. Тестілеу жүйесі
Топ: ПМНО АКТ-203
Орындаған: Шубай Аймерек
Тексерген: Тазабекова А.
Білім сапасын қадағалау түрлері. Білім сапасын анықтаудың жаңа тәсілдері. Тестілеу жүйесі
Білім сапасын қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, күнделікті, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат - оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен формаларын таңыстырады.
Күнделікті қадағалау - оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл қадағалаудың тиімділігі - оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың маңызы - оқушылардың əр сабаққа мұқият əрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.
Мерзімді қадағалау - белгілі уақыт аралығындағы білімнің сапасын, қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау - тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау - оқу процесінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Өтілген материал ізімен қадағалау - тақырып, курс, бөлім өтіліп, бірқанша уақыт өткен соң білімді анықтау үшін қолданылады.
Білім сапасын анықтау дегеніміз - бұл оқушылардың оқу сапасы мен мұғалімдер жұмыстарының нəтижелілігін айқындауға жəрдемші тəсілдер. Білім сапасын анықтау барысында əртүрлі тәсілдер қолданылады. Олар: ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлік тәсілдер жəне өзіндік тәсілдер.
Ауызша тәсіл - оқушыларға ауызша сұрақ қоюмен орындалады. Ол оқушылардың білім, деңгейін айқындауға, сонымен бірге оқушының түсінген материалды ауызша баяндау тәсілімен танысуға, меңгерген білімдерін процестер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін байқауға, өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндік береді.
Жазбаша тәсіл - жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау жұмыстары, тестілеу жүйесі, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру) орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді.
Тəжірибелік тәсіл - тәжірибелік жұмыстар арқылы өз білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Компьютерлік тәсіл - мұғалімдердің уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді және компьютерлік тәсіл арқылы оқушылар өз деңгейін сол мезетте компьютерден көреді. Және ынталандыру сөздерді көріп ары қарай өз деңгейін көтеруге тырысады. Менің ойымша білім сапасын анықтауда компьютерлік тәсіл ыңғайлырақ. Және қазіргі кезде біздің еліміз толығымен компьютерлік бағалауға көшуге дайындалуда. Оның басты дәлелі ендігі жылдан яғни 2021 жылдан бастап Ұлттық біріңғай тестілеу қағаз форматтан компьютерлік форматқа көшіріледі.
Яғни біз бұдан нені ұғамыз тестілеу жүйесін компьютерлік тәсіл арқылы тапсыру ыңғайлы екені дәлелденіп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz