Арғытүркілердің мәдени мұрасы жайында



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2 семинар

Орындаған: Жавлиева Ардак
Мамандығы: физика - 6В01504, 2 курс
Тексерген: Саурбаева Р.С.

20202021 - оқу жылы
Тақырып: Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Түріктердің материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуында көрші халықтардың ықпалы зор болды деген тұжырымды берік ұстанып келді. VI-VIII ғасырлардағы түріктердің оңтүстік аумақтардағы отырықшы бөлігі иран тектес соғдылармен мәдени байланысқа тартылған.
А.Бернштам Жетісу жерінде жүргізілген археологиялық зерттеулердің нақты нәтижелеріне орай, жергілікті түркі мәдениетінің дамуындағы аймақтағы әр түрлі мәдени байланыстардың ықпалдарын нақты көрсетіп берді. Түркі - соғды мәдени байланыстарын тек материалдық мәдениет саласында ғана емес, рухани әсерлер тұрғысынан да қарастырды. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған олжалар бойынша Жетісу халқының дүниетанымы мен көзқарастарындағы соғдылықтардың әсері туралы былай деп жазды: Үндістандағы парсылар сияқты, Жетісудағы соғдылықтар зороастризм идеялары мен иран мәдениетін таратушылар бола отырып, Авеста қағидаларын түріктердің шамандық танымдарымен ұштастырды. Осылайша туындаған шамандық - зороастралық отқа табыну белгілері біз зерттеген Сұқұлұқ археологиялық ескерткішінен табылған.
Осылайша мәдени байланыстар арқылы бір-біріне қарама-қарсы мәңгілік қайшылықты қоғам ретінде көрсетуге ұмтылған көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара тығыз байланыстылығына тағы да көз жеткіземіз.
А.Бернштам өз зерттеулерінде мәдени синтездің үлгісіне айналған Жетісу жерін Шығыс Византиясы деп атады. Егер зерттеушінің өз сөзін толық келтірсек: түріктер арасындағы мәдени құбылыстарға олар шектескен аймақтардың мәдениеті ықпал етті. Жетісуға Византия, Үндістан мен Иран,Соғды, Ферғана мен Шаш,Оңтүстік Сібір, Шығыс Түркістан мен Қытай әсер етті. Осының барлығының өңделуінің нәтижесінде ерекше типті мәдениет қалыптасты. Сондықтан да Жетісу - Шығыс Византиясы ,-деп жазды.
Ежелгі түріктердің даму заңдылықтарының зерттелуін қарастыра отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:
жалпы тарих ғылымында қалыптасқан түріктердің тарихтағы рөлі туралы
жағымсыз пікірлер олардың мәдениетімен, көрші халықтармен байланыстарын талдауда үстем болып келді;
тарих ғылымының, әсіресе археология, нумизматика ғылымдарының дамуымен түріктердің мәдениетіні тамаша ескетркіштері ашылды. Таза көшпенділік туралы түсінік жоққа шығарылды. Дегенмен алғашқы кезеңде қалалық мәдениет пен оның жетістіктеріндегі ежелгі түріктер рөлін жете бағаламау орын алды. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағындағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы отырықшы халықтардың өкілі болып саналатын соғдылықтардың орны асыра бағаланды;
мәселені тікелей қарастыру барысында Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағындағы қалалық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы және осы кезеңдегі соғдылардың рөлі туралы нақты зерттеулер жүргізіліп, дәлелденген кесімді пікірлер айтылғандығына қарамастан кейбір зерттеушілер тарихнамадағы ескірген көзқарастар шеңберінен әлі де болса шыға алмай отырғандығын көреміз.
Сақ-массагет, скиф мәдениетінің антика әлемі мәдениетімен мәдени өзара әрекеті
Ежелгі Греция мен Рим мәдениетінiң әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Тарихта біз оны антикалық (көне) мәдениет деп атаймыз. Бұл тарихи көне мәдениет Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндардың көшпелік мәдениеті
Арғытүркілердің мәдени мұрасы жайлы
Мәдениет морфологиясы туралы
Арғытүркілердің мәдени мұрасы туралы
Түркілердің мәдени ескерткіштері
Арғытүркілердің мәдени мұрасы туралы
Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері жайлы
Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Шығыс ғұн ескерткіштері
Мәдениеттану
Пәндер