Арал туралы


Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым) . Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух - үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.
Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді.
ХVІІІ-ғасырда Арал теңізіне патшалық Ресей көңіл аудара бастады. Арал теңізі мен оған құятын Әмудария мен Сырдария өңірлерінің төменгі ағыстары туралы 1848-1849 жылы орыс ғылымы Бутоков А. И. Экспедициясы толы физикалық- географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Н. А. Северцев (1857-1858 ж) Арал теңізінің Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Ол бұл өлкенің картасын жасады және оның жер бедерін, табиғатын климатын, өсімдіктерін суреттеп жазды. Ол зерттеуде табиғат компоненттерінің сабақтары туралы идеялар көтеріп, геологиядағы экологиялық бағытқа жол ашты.
Арал ойысы - Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.
Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.
Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 - 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.
19-ғасырдың ортасында Ресей патшалығы Орта Азия хандықтарының, Арал теңізі мен Әмударияның шекараларына жақындай түсуі бұл өңірде порттар салып, Арал флотилиясының құрылуына әкелді. Ең алғашқы әскери «Николай» шхунасы 1847 жылы Орынборда құрастырылып, Сырдарияның жоғары ағысы арқылы Райым бекінісіне жеткізілді.
Арал қазба фаунасы - Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палеонтология институты және Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 - 1991 ж. ) жүргізді. Қазбадан: мүйізтұмсықтар (Paraceratherіum, Aceratherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, Gіgantamynodon), бұғытәрізділер (Lophіomeryx, Mіomeryx, Prodrematherіum, Amphіtragulus), кемірушілер (Propaleocator, Aralomys, Argіromys, Agіspelagus, Protalactaga, Eumysodon), бауырымен жорғалаушылар (Chelonіa, Testudo), құстар (Anas) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 - 26 млн жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz