Жеті атаны білу - ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
Шежіре тарихы
Ата- баба салт дәстүрім
Жеті атасын білген ұл. Жеті жұрттың қамын жер
Өз жұртым. Туыстарым
Нағашы жұртым
Менің - отбасым
Қорытынды бөлімі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар (генограмма )

Аңдатпа

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мемлекет басшысының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы сананы қайта жаңартып, жаңғыртуға бағытталған. Қазақ салт-дәстүрі: жеті-атаны білу ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді. Мәңгілік ұлт болу бұрынғының бәрін ұрпақтың біліп, пайдаға асыра білуі қажет. Ата-бабаларымыздың ең жақсы қасиеті үлгі аларлық істерін ұрпақ жалғастырған жөн. Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер деген халық даналығының негізі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Өскелең ұрпақтың жеті атасын білу дегені, жеті атасына дейін туыстарды толық, жүйелі таралуын, олардың туып-өскен жерлерін,өмірбаяндарын біліп,елге елеулі, адал қызмет еткен бабаларын келер ұрпаққа насихаттау болып табылады. Медицина жағынан да жеті ата тармағынан қыз алыспауды құптайды.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сынып оқушылары қыз балалар, ұл балалар, ауылдағы ағайын-туыстар
Зерттеу пәні: Тарих, дүниетану
Зерттеудің болжамы: егер жеті атамыздың қалай таралғанын, олардың кәсібі, білім жайлы туыстардан, алыс туысқандардан сұрастырып, назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің олардың тарихын сақтай отырып, ешкімнен кем болмаймыз. Рухани жаңғырып, жаңарамыз. Ата-бабамның шежіресін анықтасам, олардың жолын қуып, туған еліме қызмет жасаймын.
Зерттеу міндеттері:
Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер
Құлағы мен жағын жер -демекші өзімнің ата-тегімнің шежіресін ашу
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеу материалы ретінде сауалнама,оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Анализ жасау, салыстыру, зерттеу әдістерін пайдалану. Генограмма құрастыру.
Зерттеудің жаңалығы: Ғылыми жоба арқылы,өзімнің тегімді танып, ата-бабамның тегінде еліміздің дамуына үлес қосқан кәсіппен айналысқан және білім қуған білімпаз адамдар бар екенін білдім.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімнен тұрады.

Кіріспе
Елбасымыздың
2018 жылдың 21 қарашадағы Елбасымыздың Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласында тарихи сананы жаңғыртуды. Дүниетанымымыз, халқымыздың өткені мен бүгіні, болашағының іргелі негіздеріне қатысты екені атап өтілген.
Өскелең ұрпаққа жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрдің бірі. Осы бағытта терең тамырына көз жүгіртейік. Басқаға үлгі боларлық. Жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық ынтымақты ұстап, ауылдас, бауырлар болып өмір сүрген. Сонымен қатар, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс тіршілігі, жайлау аралап қоныс аударуы бірге болған. Қазақ халқы қиындықта демеу болған, қорған болған, жетім бала деген ұғым болмаған. Туыстар мен жас ұрпақтар арасында жат қылықтар болмаған.
Ұрпағымыз парасатты, бойынша патриоттық, туған елін сүйетін өз отбасының тарихын білетін, бүкіл қоғамдық дамуына үлес қосатын бағдарға бағыттау. Жеті ата тегін айтқызу, халық дәстүріндегі өлең-нақыл сөздер айтқызу ата-әжелерге міндет. Оқушылардың ата-бабаларының өмірін ерлігін білу үлкен жетістік.
Жеті атамды зерттеу өзіме түрті болып ғылыми жоба тақырыбын; Ата-баба салт дәстүрім деп алдым
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасымыздың Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласында тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған. Қазақ салт-дәстүрі: жеті-атаны білу ұрпақтың қайта жаңғыруын көздейді. Мәңгілік ұлт болу бұрынғының бәрін ұрпақтың біліп, пайдаға асыра білуі қажет. Ата-бабаларымыздың ең жақсы қасиеті үлгі аларлық істерін ұрпақ жалғастырғаны жөн. Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер деген халық даналығының негізі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Өскелең ұрпақтың жеті атасын білу дегені, жеті атасына дейін туыстарды толық, жүйелі таралуын, олардың туып-өскен жерлерін,өмірбаяндарын біліп,елге елеулі, адал қызмет еткен бабаларын келер ұрпаққа насихаттау болып табылады. Медицина жағынан да жеті ата тармағынан қыз алыспауды құптайды.
Жеті ата- қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының жүйесі.
Өскелең ұрпақ өзінен бастап әкесін, атасын, бабасын, арғы атасын сол сияқты жеті атасының нақты есімдерін жас кезінен жаттап өседі. Бір атаның тараған ұрпақтар болып есептеледі. Жеті атаға толған, бір рудың жастары некелеспейді.
Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, бұдан әрі туыстың атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат,жегжат, жамағайын болып жалғасады.
Соңғы түйіндеуші буын, ру болып, керісінше рудан бастап сатылап, өз әкесіне дейін таралады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін әрұрпақ білген дұрыс.Жеті ата, ру шежіресін бұрынғы көшпелі қоғамда өмір сүрген халықтар үшін өмірлік қажеттілік болды.Жеті атадан үш жүзге дейін туысқандықтар қазақ халқы үшін Бір атаның балалары-бір тамырдан тараған деген ұстаным болған. Жеті атасын білу арқылы, көрші рулармен байланысын білген, біте қайнасқан туыстығына көз жеткізудің бірі. Нәтижесінде біртұтас жанұя секілді ұлттың бір тұтас бірлігі, баяғы ата-бабалар да тірлігін жалғастырған.
Жеті ата ұстанымы, халықтың назарына бабалар туралы тек жақсылықтар айтылып, рухани тектілігін дәріптеу арқылы сенім орнаған.
Бабалар рухын қайта жаңғыртуды, халық іштей жауапкершілік сезімін оятқан. Моральдік кодексі, салт-дәстүрі мен тыйым жоралардың негізі қаланған. Жеті ата ұстанымы бүкіл халық бойына рухани бірлік сезімін сіңіреді.
Өскелең ұрпақтың жеті атасын білу дегені, жеті атасына дейін туыстарды толық, жүйелі таралуын, олардың туып-өскен жерлерін,өмірбаяндарын біліп,елге елеулі, адал қызмет еткен бабаларын келер ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сынып оқушылары қыз балалар, ұл балалар, ауылдағы ағайын-туыстар
Зерттеу пәні: Тарих, дүниетану
Зерттеудің болжамы: егер жеті атамыздың қалай таралғанын, олардың кәсібі, білім жайлы туыстардан, алыс туысқандардан сұрастырып, назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, тіліміздің олардың тарихын сақтай отырып, ешкімнен кем болмаймыз. Рухани жаңғырып, жаңарамыз. Ата-бабамның шежіресін анықтасам, олардың жолын қуып, туған еліме қызмет жасаймын.
Зерттеу міндеттері:
Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер
Құлағы мен жағын жер -демекші өзімнің ата-тегімнің шежіресін ашу
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеу материалы ретінде сауалнама,оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды
Зерттеу әдіс-тәсілдері. Анализ жасау, салыстыру, зерттеу әдістерін пайдалану. Генограмма құрастыру.
Зерттеудің жаңалығы: Ғылыми жоба арқылы,өзімнің тегімді танып, ата-бабамның тегінде еліміздің дамуына үлес қосқан кәсіппен айналысқан және білім қуған білімпаз адамдар бар екенін білдім.
Менің жетінші атам кім? Қайдан білуім керек? Жазда ауылға барғанда мені қонаққа шақырды. Сол жердегі қариялар менің ата тегім туралы айтып берді.
Каникул аяқталып қалаға келіп, оқу жылы басталғанда сыныптастарымда әлі толық біле қоймайды екен. Осы орайда ата-бабамнан келе жатқан салт дәстүрім зерттеу мен үшін ғылыми жоба жазумен шектелді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімнен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Шежіре тарихы
Қазақ халқында ата шежересі ерте кезден бар. Жеті атасын білмеген жетесіз, Жеты атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл, құлағы мен жағып жер деген аталы сөздер соның негізі. Ал жеті атада үлкен сыр бар. Әр ұрпақ 25 жастан десек, ол 175 жыл. Бұл болса, бip адамның жеке басының тағдыры арқылы оның құл емес екенің, ата тегін, өз ортасының белді мүшeci екенің, он алты жаста ордаға енер, жау ортасын бұзып-жарып кipep азамат екендігін байқататын фактор.
Шежіре (арабша шаджарад -- бұтақ, тармақ) -- халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы Сәбит Муқановтың анықтамасы бойынша Шежіре деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді айтады [ ]
Қазақ үш жұртынан тұрады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Шежіре де осы үш жұрттың динамикасын көрсетеді.
Қазақ, Ахмет Баптұрсынов айтқандай, қуғыншы халық. Ол өмір бойы өзін іздейді, ата-бабасын іздейді, кешегі күнін, болашағын іздейді. Шежіре әр адамның жоғын тауып береді, ата-бабасының, ерлігін, тектігін, өз мүддесін ұлт мүддесіне қабыстырған жандар екенін көрсетеді. Бөлінгенді бөрі жейді, жүз деп жүзі күйсін, жүзі қара атансын, -- деген Ғабит Мүсірепов ағаның айтқаны тарих сабағы екенін білдіреді. [ -бет]
Ахмет Байтұрсынов ұлт намысы екі адамның, екі ауылдың, екі рудың намысы емес екендігін XX ғасыр басында айтқанды. Шежіре ұлттық шежіре болуы керек, ол әр адамның шығу тегі арқылы бүкіл қауымды, халықты таныстыру арқылы табыстыруы керек.
Қазақ халқының жеті аталық үрдісін тек қана жеті буын ұрпақты есте сақтай білу, одан әрі қыз алысып, қыз берісу деп жалаң түсінуге болмайды. Жеті аталық үрдістен туыңдайтын қандастық әдет ғұрып, салт-дәстүр, моральдық-этикалық нормалар ұлттық өмір салттың төл тумалығын орнықтырып отырған.
Қазақтың туыстық атаулары негізінен үш жұрт бойын сараланады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.
Өз жұрты бойынша туыстық атаулар: әке, бел бала, іемере, шебере, шөпшек, шөбелек, немене, жүрежат
Нағашы жұрты бойынша туыстық атаулар: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, нағашы сіңілі, нағашы жеңге, нағашы келін т. б.
Қайын жұрты бойынша туыстық атаулар: қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын іні, қайын бике, қайын сіңілі, қайын жеңге, немере қайын аға, немере қайын бике, немере қайын, немере қайын сіңілі т. б.
Немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат, жұражат, жекжат.
Немере-ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы немере аға, іні, қарындас тағы с.с. ағайынды кісінің қыздары немере апа, сіңлі т.б.
Шөбере-атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақтар
Шөпшек-атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туыстық жағынан алыстай береді. Кейде туажат деп атауға болады.
Немене - туыстық атау, жетінші ұрпақ
Жүрежат-алыс туысқандар, туажаттан тараған бала. Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, туысқан бола алады.
Туажат-немеренің баласы, алтыншы буын, бір атаның баласы болып саналғанымен,туыстық қарым-қатынастан алшақтай береді.
Жұрағат-алыс туысқандар, Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін жұрағат деп, кейде бір рудан тараған адамдар да бірін-бірі жұрағат деп айтады.
Жекжат-бір-біріне құдалық жақындығы бар адамдар. Туыстығы жоқ, құданың құдасы, нағашының бөлесі тағы сондай-ақ туыстық қатысы бар адамдар арасындағы атауды айтады
Далалық ауызша тарихнаманың (ДАТ), іріншіден- ұзақ есте сақталуына, екіншіден - өзара алғастыру мүмкіндігінің молдығына байланысты көп өгеріске ұшырамауына, үшіншіден - субъективизмге ұрынбауына, яғни өтіріктің айтылмауына себепші болып отырған. Осы жөнінде Шоқан Уәлиханов былай дейді: Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін айран қаларлық тазалықта сақтай білген. Байтақ даланың әр шалғайындағы, әсіресе өлең-жырлар ешбір өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қолданатынын қайтерсіз. Еш күмән келтіруге болмайтын шындық деген екен [ 6-бет ]
Шежірешілдік көшпелі қоғамдағы әрбір қазақ үшін үшінің қолындағы компас сияқты қажеттілік болған даланы өмір сахнасы етіп, ат үстінде айшылық сапар шегетін қазақтың жолшыбай ұшырасқан туысындай шұрқырасып табысып, жолшыбай дескен ауылға өз үйіндей еркінсіп түсуі, ең алдымен далада тіршілік құрудың кепілі болған. Сондықтан әр жайлауды жатсынбай, бауырмал өмір салттың бұлжымас заңына, бұзылмас әдет-ғұрыпына айналған. Мұндай әдет-ғұрыпсыз осынау байтақ даны игеріп, тіршілік құру мүмкін емес еді. Мұның астарында жаңағы жапан түзде кездейсоқ ұшырасып, шынайы туыстық.
Шежірелер қазақта, монғолда, алты алашта хандар шежіресі болып басталады. Шығыс еліне мұсылман дінін таратушы қожалар өздерінің қожалар шежіресін жасады. Бұл туралы кезінде Сәбит Мұқановтың еңбегінде арнайы айтылған еді [Халың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерін қалыптастыру
Менталитет және ұлттық мінез ұғымдары бүгінгі таңда өзекті ме
ТАРИХИ САНА МЕН КОММЕМОРАТИВТІК ШАРАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Асан қайғының айтқандары
Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды жөндеу мен негативті үрдістерді жоюының мүмкіндік жолдары
Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ
Адамгершілікке баулу бағыттары
Адам генетикасының шежіре әдісі
Пәндер