Қазақстанның ұлттық қайта жаңғыруы және демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Практикалық сабақ №7
Тақырып №7 Қазақстанның ұлттық қайта жаңғыруы және демократиялық құқықтық мемлекеттің құрылуы.
Сұрақтары: 1. ҚР рәміздері - туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. 2. Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкімет 3. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.
1. Мемлекеттік Рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек -- алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы -- суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде -- көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы -- Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi -- шаңырақ. Ол -- елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ -- мемлекеттiң түп-негiзi -- отбасының бейнесi. Шаңырақ -- Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ -- киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Түндік -- таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.
Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Тұлпар -- дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар -- қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Төменде таспа белдігінде ірі әріппен ҚАЗАҚСТАН деген жазуы бар.Техникалық шарттар" ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде "Қазақстан" сөзін латын графикасымен "QAZAQSTAN" етіп өзгерту, ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары -- Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
Әнұран, гимн (көне грекше: hymnos -- мадақтау ән) -- салтанатты ән, мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.
Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.
ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз - Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан - дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.
Қорыта келе, Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократиялық мемлекет идеясы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Тәуелсіз Қазақ Елі және ұлттық идея
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Пәндер