Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және қолдау шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шетел тілі:екі шетел тілі
Нышанбай Әсел
110-топ
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы және қолдау шаралары.
1. Кәсіпкерлік туралы жалпы түсінік
2. Шағын және орта кәсіпкерлік.
3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау шаралары

1.Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады.Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негзінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтің дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында кәсіпкерлік ұғымы коммерциялық кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңи тұлға құрмай немесе заңи тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу - адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерлік қабілеттілік - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.
1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың (кәсіпорынынның) іс бағытынайқындайды.
3. Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.
4. Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей - тегжейін айқын талдап, қортындысында не болатынын білген жөн (капитализм совет өкіметі емес, ешкім әншейін көмек көрсетпейді). Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерліктің түрлері
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді:
1) ұжымдық - құқықтық
2) ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық - құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктектер - адамдардың бірлетігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық қорға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиісілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп табылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленгенмөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.
Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады, және ашық және жабық түрде болады.
Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы.
Акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арсында таратылатын акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық акционерлік қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олрадың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік үлестерін біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

2. Шағын кәсіпкерлік -- ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлер табы -- нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы -- жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі -- Шағын бизнесті дамыту. Осыған орай ҚР Президетінің арнаулы Жарлығымен (31.12. 1998) "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 -- 2000 жылдарға арналған бағдарламасы" бекітілді. Бағдарламаның мақсаты -- шағын кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамыту, оның экономиканың басым секторларындағы үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын, бәсекелі ортаны жасау, қоғамның орта табының негізі ретіндегі меншік иелерінің бұқаралық жігін қалыптастыру. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық-несиелік және инвестиц. қолдау көрсету бағдарламаның негізгі шараларының бірі болып табылады. 2000 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиенің жалпы сомасы 86,1%-ға көбейіп, 74,2 млрд. теңгені құрады. Соңғы 7 жылда республикада Шағын бизнес кәсіпорындарының саны 2 еседен астамға көбейді. Бұл орайда қызметтің мына түрлерінде шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны жоғары болып отыр: "құрылыс" 3 есе, "сауда, автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды, жеке тұтыну заттарын жөндеу", "кен қазу өнеркәсібі" 2,3 есе, "көлік пен байланыс" 2,2 есе. Шағын бизнес кәсіпорындары санының жедел қарқынмен өсуі жалпы алғанда өнеркәсіпте (174,8%), балық аулау мен балық өсіруде (181,9%), мейманхана және мейрамхана бизнесінде (168,9%), білім беруде (182,2%), денсаулық сақтауда және әлеуметтік қызметтер көрсетуде (180,2%) байқалып отыр. 2001 -- 05 жылы Шағын бизнес кәсіпорындары шығарған өнім көлемі ағымдағы бағамен есептегенде 3,4 есе көбейді. Аймақтық тұрғыда өнім шығару көлемінің жартысына жуығы дерлік Алматы мен Астана қалаларының үлесіне тиеді: 47,1%. Астана қаласының үлесі соңғы 5 жылда 9%-дан 15,8%-ға дейін көбейді. Мұндай өсім Атырау (4,3%-дан 7,2%-ға), Қызылорда (3,1%-дан 4,0%-ға) облыстарында да байқалды. 2000 -- 06 жылы Шағын бизнес кәсіпорындарында істейтін жұмыскерлердің саны 1,5 еседей көбейіп, 538,7 мың адамға жетті. 2000 -- 04 жылы олардағы жұмыскерлердің жалақысы 2,1 есе көбейіп, 16662 теңге болды. 2004 жылы ең жоғары жалақы кен қазу өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындарда байқалды: 60604 теңге, сондай-ақ құрылыста 32025 теңге; қаласы Шағын кәсіпорын
Шағын кәсіпкерлік - есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар.

Шағын бизнес кәсіпорындары - мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;
активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;
Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
1. толық серіктестік;
2. сенім серіктестігі;
3. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4. қосымша жауапкершілікті серіктестік;
5. өндірістік кооператив.
Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:
белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;
жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;
уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.
Орта бизнес деп отырғанымыз, бұл ендігі үлкен компания, бірлестік. Бұл бизнес мемлекеттің тікелей экономикалық жақтан өсуіне көмектеседі.
Ел экономикасы сыртқа тәуелді болмауы үшін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің пайда болуы, дамуы және мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Қазақстан Республикасында кәсiпорын қызметінiң дамуы және оны мемлекеттiк реттеу
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Шағын бизнесті қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Пәндер