1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт - азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Телекоммуникация және инновациялық технологиялар» кафедрасы

№1 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: 1916 жылғы қозғалыстың қолбасшылары және олардың қазақ ұлт -азаттық күресіндегі рөлі (А. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, А. Жанбосынов және т. б)

Мамандық: 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация

Тобы: РЭТк 20-1

Орындаған: Айдарбай Акдаулет Рустемулы

Тексерген:

«» 2020 ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы-2020

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ғасырдан астам уақытқа созылған ұлт-азаттық қозғалыcтарының тарихында ерекше орын алады. Тәуелсіздік жолындағы күреске халықты Әбдіғаппар Жанбосынов , Амангелді Иманов , Жәмеңке Мәмбетов , Ұзақ Саурықов , Бекболат Әшекеев сияқты ел таныған көсемдер мен батырлар бастап шықты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кең-байтақ қазақ даласының барлық аймақтарын әр түрлі дәрежеде қамтып, бүкілқазақтық сипат алған көтеріліс болды.

Қазақ халқының патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарастары бірдей болған жоқ. Бұқара халқтың бұл қозғалысының өршіу себебі қазақ жігіттерін майданға қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің жарлығы. Жергілікті әкімшіліктің белгілі бөлігі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды. «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Әлейхан Бөкейханов , Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты либерал-демократиялық бағыттағы зиялылар халықты өкіметке қарсы шықпауға, жарлықты орындауға үгіттеді. Оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшырауы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен алаңдаушылық білдірді. Ал, қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім өкілдері олардың ішінде Тоқаш Бокин , Жаңабай Ниязбеков, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жанкелдин, Сейтқали Меңдешев, , Әубәкір Жүнісов т. б халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері де қатысты.

Аманкелді Иманов - есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең-1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т. б қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақыды. Төзгісіз қанауға ұшыраған, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге жөне соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді. Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Әліби Жангелдинменмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкімет кезіндегі алашордашыларға қарсы күрес жүргізді. 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды.

Тоқаш Бокин -1916 жылы Жетісу қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне белсене араласты. Уақытша өкіметтің жергілікті өкілдеріне, алашордашыларға және буржуазияшыл-ұлтшылдарға қарсы батыл күрес жүргізді. Жетісу облысындағы орыс-қазақ қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі комиссариат комиссарының орынбасары болды. Жетісуда шаруаларға материалдық көмек көрсетті, Қызыл гвардия бөлімдерін азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ақ гвардияшыл казак-орыстармен болған ұрыстарда (сәуір-мамыр 1918) жауынгер топтың құрамында ерлікпен шайқасты. Алашордашылар мен солшыл эсерлер оны жауыздықпен өлтірді.

Бекболат Әшекеев -7 шілдеде Үшқоңырда Жайылмыс қазақтарының съезі болды. Мал санағын жүргізуге келген шенеулік Ивановқа қарсы пікір айтады. «Не істесе де, балаларымызды солдатқа бермейміз! …» деп қарсылық білдіреді. Оған Әміре Төлеубаев бастаған 45 кісі қол қояды. 10 шілде күні тағы да сол Үлкен Сазда 5 мың адам қатынасқан жиын өткізіледі. Ауыл қазақтары жоғарыдан келген бұйрыққа ашық қарсы шығады. Сөйтіп, Қазақ даласында (1916ж. ) Ұлт-азаттық көтеріліс басталып кетеді. 1916 жылы 7-8 шілдеде Алматының батысындағы (шамамен 40 км) Үшқоңыр деген жерде Жайылмыс және онымен көршілес болыстар тұрғындарының басын қосып, Ресей патшасының маусым жарлығын талқылайды. Жақында Бекболаттың ұсынысымен тың жұмыстарына адам бермеу жөнінде шешім қабылданады. Осындай жиын 13 тамызда Верный уезінің Ошақты деген жерінде де өтеді. Үшқоңыр мекені көтеріліс орталығы болды. Бекболат ұста дүкендерін ашқызып, қару-жарақ жасатты, жігіттерді соғыс өнеріне үйретті, Үшқоңырға келетін жолдарға тосқауылдар қойылып, жазалаушы отрядтар өте алмайтын берік қамал жасалды. Көтерілісшілер Верный қаласына шабуыл жасау үшін күш біріктіру ниетімен Пішпек, Тоқмақ уездеріндегі және Ыстықкөл маңындағы қырғыз көтерілісшілерімен байланыс жасады. Тамыз айының ортасында Бекболат бастаған көтерілісшілер жақсы қаруланған жазалаушы отрядпен қақтығысады. Күші басым отрядқа төтеп бере алмаған кетерілісшілер Жасылкөл мен Құмбел асуы арқылы қырғыз жеріне шегініп, одан әрі Қытайға өтпек болады. Бірақ ел-жұртын қорғансыз қалдырмауға бел байлап, барлық кінәні өз мойнына алмақ болған Бекболат көтерілісшілерді таратып, өз еркімен жаудың қолына түседі. 1916 жылы 7 қыркүйекте Ресей армиясының Верный қалалық әскери гарнизонының соты Бекболатты дарға асуға үкім шығарды. Бекболаттың 20-дан астам жақын серіктестері де сотқа тартылып, олардың 12-сі өлім жазасына кесіледі.

Әбдіғаппар Жанбосынұлы -1916 жылдың жазында Қараторғай болысының, кейін бүкіл Торғай уезінің көтерілісшілері Әбдіғапар маңына топтасты. Сол жылғы 21 қарашада Жалдама өзені бойында 13 болыс ел өкілдерінің құрылтайы Әбдіғапарды хан көтеріп, Кенесары қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелдіні Сардарбек етіп сайлады. Әбдіғапар ел билігін соғыс жағдайына бейімделген дала демократиясы негізінде қайта құрды. Алдымен Әбдіғапар өзін хан деп атамай, әмір деп есептеді. Ол өзі басқарған Торғай елін бүкіл қазақтың тәуелсіз мемлекеті құрылғанға дейін метрополияның билігін мойындамайтын, жаугершілік заманда уақытша өмір сүруге құқылы автономиялық аймақ деп санады. Әбдіғапар көтерілісшілерді 20 адамнан тұратын халық өкілдерінің кеңесі арқылы басқарды. Бұл кеңес әскери, әкімш., шаруашылық мәселелерін шешетін басшы орталық болды. Жергілікті жерлерде Әбдіғапардың жарлығымен елбегілер сайланды. Көтерілісті жақтаған болыстар өз орындарында қалдырылды. Көтерілісшілер ежелгі шығыс дәстүрімен ондық, жүздік, мыңдықтарға жіктелді. Әбдіғапар жасақтаған әскери құрылым империяның қарулы күштеріне аса тегеурінді қарсылық көрсетті. Оның қоластына Қазақстанның көптеген аймақтарынан көтерілісшілер жасақтары келіп қосылды. Сөйтіп Торғай өлкесі Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ең ірі орталығына айналды. Әбдіғапар Кеңестердің Торғай облысы І-съезіне (Орынбор, 1918 ж. наурыз) қатысып, кейін Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуден бас тартты. Қызыләскерлер қолынан Зәуре қаласында қаза тапты. Ұрпақтары “хан тұқымы” ретінде аяусыз қуғынға ұшырады.

Жәмеңке Мәмбетұлы -ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: “ . . . бізден бала сұрайды. Қара жұмыс істетеміз деп жақақтады. Елден бір кеткен соң не қылса, өзі біледі. Қолдан шыққан соң соғысқа айдап салмай не қылады . . . бала өлгенше, шал өлсін, патшаның жарлығын орындамаймыз” - деп сөз сөйледі. Осы мәжілістен кейін халық бұқарасы патша үкіметінің билік орындарына бағынудан бас тартты. 11 шілде күні Қарқара жәрмеңкесінде жиналған халықтың алдында Ж. Нарынқол - Шарын бөлімшесінің бастығы Подворковке қазақ халқы ресми түрде патша жарлығын орындамайтынын мәлімдеді. Ж-ге өзақ Саурықұлы, Жаңабай Құдайбергенұлы, т. б. ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылар қолдау көрсетті. 22 шілде күні бөлімше бастығы Подворков Ж. мен өзақ Саурықұлын, 10 күннен кейін 11 шілде күні жәрмеңкедегі жиынға қатысып, белсенділік көрсеткен бір топ адамды тұтқынға алып, Қарақол түрмесіне айдатады. Түрмеге түскеннен кейін уезд бастығы полк. Иванов олардан патша жарлығын орындауды талап етеді, Ж. бастаған қозғалыс жетекшілері бұл шарттан бас тартады. Патша жендеттері 9 тамыз күні Ж-нің тамағына у қосып береді де, 10 тамыз күні Ж. қайтыс болады

Ұзақ Саурықұлы -1916 ж. Жетісудағы Қарқара көтерілісі ұйымдастырушыларының бірі. Ұзақ ел билігіне жас кезінен араласты. 1895 ж. қыс қатты болып, жұт қаупі төнгенде Ұзақ батыр қалың жылқысын Қытай жеріндегі тау ығына қыстатқан. “Шекара заңын мойындамады” деген кінә тағып, Қытай билеушілері Ұзақтың үстінен Жетісудағы патша әкімш-не шағым түсірді. Ұзақты тұтқындауға келген қазақ-орыс жасақтарымен болған қақтығыста бірнеше адам қазаға ұшырады. Осыдан соң жергілікті патша өкіметінің әкімш. Ұзақты тұтқындау үшін жазалаушы жасақ шығарды. Олар батыр Құлжа өңірінде жасақ жинау мақсатымен жүргенде ауылын шауып, Ұзақтың ұлы Рүстемді өлтіріп, туыстарын түгелдей тұтқындады. Еліндегі ойранға шыдай алмаған Ұзақ Қырғызстандағы патшаның жергілікті әкімш-не өзі барды. Патша өкіметі оны 7 жылға соттады. Батыр жазаның 5 жылын өтеп, қалған 2 жылына ақшалай айып төлеп, елге оралды. Отаршыл Ресейдің жергілікті әкімшінің қазақ жерін тартып алып, еселей салық салу әрекеттеріне қарсы шыққан Ұзақ кейіннен екінші рет жауапқа тартылып, “патша жарлығын мойындамады” деген желеумен тағы да екі жылға сотталды. Жергілікті билік шешімдеріне қарсы шыққаны үшін үшінші рет Верный түрмесіне қамалған. Түпкі мақсаты - қарулы күрес жүргізу мұратынан айнымаған Ұзақ 1916 жылдың шілденің бас кезінде майданның қара жұмысына кісі алу жөніндегі патша үкіметінің жарлығына қарсы үгіт жұмыстарын жүргізді. Ұзақ пен Жәмеңке Мәмбетұлы басқарған Жаркент у-ндегі Нарынқол - Шарын учаскесінің 1000-нан астам тұрғыны 1916 ж. 11 шілдеде Қарқара жайлауында бас қосып, майданның қара жұмысына адам бермеуге келісті. Егер патша үкіметі өз жарлығын күшпен жүзеге асырмақ болса, оған қарулы көтеріліспен жауап беру туралы байлам жасалды. Осыдан бастап Ұзақ төңірегіне көп адам топтасты. Толқудың қарулы көтеріліске ұласып кетуінен сескенген патша үкіметінің жергілікті органдары 1916 ж. 22 шілдеде Ұзақты бірнеше серіктерімен тұтқынға алды. Көп кешікпей ол Қарақол түрмесіне айдалды. 12 тамыздың түнінде тұтқындарға қарулы күзетшілер кенеттен оқ жаудырған сәттегі аласапыранды пайдаланып, серіктерінің көмегімен түрмеден қашып шыққан Ұзақ батыр қапыда қаза тапты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торғайдағы көтеріліс басшылары
ХХ ғ-ның басындағы қазақ халқының әлеуметтік-саяси жағдайы
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
Көтерілістің басталуы және себептері
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңындағы елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық - зомбылығы
Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтеріліс
1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы туралы
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы, сипаты және себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz