Жиембет толғауларының тақырыбы
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жиембет толғауларының тақырыбы(Постер қорғау); Жиембет толғауларындағы жыраудың күйініші-сүйініші; Ақтамберді жырындағы азаттық тақырыбы туралы пікірлер; Ақтамберді толғауларында көрінетін ел мұраты
Тапсырған:Ақсейіт Анар
Қабылдаған: Абиыр Қарлығаш
Жиембет жырау
Бортоғашұлы Жиембет жырау шамамен XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың жырауы, биі, әскербасы батырларының бірі болған. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыққан. Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған Тәуекел, Есім хан сияқты ұлы тұлғалардың замандасы Жиембет жырау өз дәуірінің ойлы жырауы, белгілі биі болған. Оның ерліктері, ұлыс көсемі, әскербасы ретіндегі үлгілі істері кейінгі ұрпаққа үлгі болып жетті. Жыраудың өмірбаяны, қай жылы туып, қай жылы өмірден озғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Тек біздің заманымзға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме жырлардан аздаған мәлімет ала аламыз. Жиембет жыраудан қалған мұраларының көбі - Есім ханға арналған толғаулар. Әр толғауының шығу тарихы бар.
Жас кезінде хандардың, билердің, батырлардың қасында жүріп, ел билігіне араласып, батырлығымен, батылдығымен, шешендігімен көзге түскен Жиембет жырау Есім ханның кеңесшісі биі әрі беделді батыры дәрежесіне дейін көтерілген. Әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат- қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, жауды ойсырата жеңіп, бетін қайтарады. Сөйтіп ол үлкен абыройға ие болады. Қазақтардың ойрат-қалмақтарға қарсы күресі жеңісті сәтті болып отырғанмен ол аса тынымсыз, елдің тыныштығын кетірген ауыр күрес еді. Осы кездегі оқиғалардың кейбірінің елесін Жиембеттің Есім ханға арнаған Еңсегей бойлы ер Есім толғауынан да көреміз:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде
Қаланың қасы бүлгенде
Хандар қалаға қылаған
Сұлтандар суға сылаған
Қаз мойынды ханыша
Қалада тұрып жылаған...
Бұл үзіндіден қалмақтардың аңдаусызда, тұтқиылдан берген соққысынан қазақ халқының үлкен зардап шеккендегін көре аламыз. Дерек көздеріне қарағанда бұл қалмақтардың 1620 жылғы жорығы болу керек. Қалмақтар қапыда соғу үшін Есім ханға бітімгершілік ұсыныстарымен елші жібереді де, кенет қазақ ауылына бас салады, көп жұртты қырғынға ұшыратады. Алайда қазақтар көп ұзамай күш жинап алып, қалмақтарға қарсы шабуылға шығады да, дұшпан әскерін ойсырата жеңеді. Жиембет жырау осы оқиғалардың куәсі болған және сол соғыста ерекше көзге түседі.
Әдебиетші-ғалым М.Мағауиннің зерттеу еңбегінде жырау туралы құнды мәліметтер беріледі: Қалмақ тайшыларының бірінен Есім ханға сыйға бір сұлу қыз жіберілген екен. Оған Жиембеттің інісі Жолымбет батыр қызығып, барар жеріне жеткізбей жолдан тартып әкетіпті. Хан алдына көсе көлденең тұрғаны үшін Жиембет әуелде інісіне қатты наразы болған екен, артынан тентектігін кешіріп, татуласыпты. Енді Есім хана ағайынды екеуіне де қысым көрсетуді ойлайды. Мұны білген Жиембет бір реті келгенде ханға осы толғауы айтыпты.
Толғау 7-8буынды жыр ағымы үлгісінде келеді. Көркемдік құралдарға онша бай емес, көбіне-көп қолданатыны - теңеу.
Қайратым қанша қайтса да - деген сөздерге қарағанда жыраудың жасы ұлғайып қалғанда туғандығы көрінеді. Ол ханға тым батыл сөйлейді:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін!
Бұл өлең жолдарынан Жиембет жыраудың Есім хан алдындағы абыройын, беделін байқауға болады. Ел әңгімелеріне қарағанда, Жиембет - Есімді ақ киізге салып хан көтерушілердің бірі, оның барлық жеңісті жорықтарының қаһарманы болған. Әсіресе жыраудың батырлығы ерекше сөз болады:
Менің ер екенімді көргенсің,
Әуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың
Қайратымды білгенсің,-
дейді Жиембеттің өзі де.
Жиембет жырау көбінесе өзін мадақтаған. Жырларында өзінің ерлігін, өрлігін, батырлығын сөз етеді:
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре мен жайындай
Періктігімді сұрасаң,
Қарағай мен қайыңдай.
Әмірің қатты, Есім хан толғауы бір айтыста Есім ханның жыраудың інісі Жолымбетке деген бұрынғы ызасы өршіп, көзін жоймақ болып, оны әуелі зынданға тастатып, артынан дарға асылсын деп, жұртқа жар салған кезде туған. Жиембет жырау дар басына жетіп, би, батырлар ортасында тұрған Есім ханға тура барып, қаһарлы жырын термелейді:
Әмірің қатты, Есім хан,
Бүлік салып бұйырдың.
Басын бер деп батырдың,
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа,
Атадан жалғыз ол емес
Хан иесі, ісің жол емес!
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес!
Өмірінің соңында жыраудың інісі Жолымбеттің ісін сарайды қорлау деп санаған Есім бұл мәселеге ақынның өзін де іліктірді. Жырау ойраттармен шектесетін шығысқа қарай айдалады. Бір деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледі, енді бір деректерге сүйенсек, 1643 жылы Есім хан дүниеден өткен соң, туған жеріне қайта оралады деген мәліметтер бар.
Айдауда жүрген кезінде Жиембет жырау туған жерін, елін сағынып, қол-аяғының бұғауда, туған жерінің топырағы да бұйырмайды ма деп қатты қайғырып, қапаланады. Туған жеріне деген сағынышы, елінен жырақ жүргендегі қабырғасын қайыстырып, арманда кетіп бара жатқанын төмендегі өлең жолдарында көркем, әсерлі бейнелеген:
Қол-аяғым бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім!
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ,
Қалқаман, Шолан ерлерім!
Қайырылып қадам басарға
Күн болар ма мен сорға,
Өзен, Арал жерлерім?!.
Қиядан қолды көрсеткен
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік Дендерім?!
Қайырымсыз болған хандарға
Тиер ме екен бір күні
Жолбарыстай шеңгелім?!
Жиембет жырау шығармаларынан қазақ халқының хандары мен билері, сұлтандары мен батырлары жөнінде құнды мәлімет алып қана қоймай, қазақ пен қалмақ арасындағы шайқастармен, тарихи оқиғалармен, халқымыздың басынан өткен ауыр жағдайларымен таныс боламыз. Жыраудың бізге қалдырған толғауларының саны аз болғанымен, асыл сөздерінің құндылығы өте жоғары. Жиембет Бортоғашұлы - қазақ әдебиетінің тарихында үлкен орын алатын дарынды жырау, халқын сүйген қайраткер.
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау баурайында дүниеге келген. Әкесі Сары ауқатты кісі болған. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап, қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатысқан. Бұл туралы жырау:
Дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болдды жүрекке,
Он жетімде құрсанып, қылыш ілдім білекке
Жауға қарай аттандым
Жеткіз деп, Құдай, тілекке, - деп жырлаған.
Мейірімсіз жақын туыстарының түрткісін жасынан көрген жырау:
Жамаулы киім кигенім
Жарлық сенен көремін
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп
Жасым жетпей он беске.., -
деп, көрген азабы мен қиыншылықтары туралы айтса да, жарқын болашақтан үмітін үзбеген:
Көңілім сонда орнықты.
Жауласуға жау емес,
Жақынға қылман зорлықты.
Жыраудың ақындығымен қатар балуандығы, батырлығы да қатар шықты. Өзінің ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылған ол талай рет өлім аузынан қалды. 1723 жылы батыр-жырау өзінің белсенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz