Адамның мәдени материалдық әрекеті. Еңбек мәдениеті. Кәсіптік-еңбек мәдениеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Баяндама
Тақырыбы: Адамның мәдени материалдық әрекеті. Еңбек мәдениеті. Кәсіптік-еңбек мәдениеті.

Дайындаған: Дакен М.М
Тексерген: Саурбаева Р.С

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
+ мәдени әрекет,
+ мәдени орта,
+ мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
+ мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы,
онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинқталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихы зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, ділі мен тілі, ділі мен мұраты - осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні, мәдениет пен табиғатты, культура мен натураны қарсы қоюшылық, мәдениет ұғымына берілген анықтамалардың келесі тобын қарым-қатынастық бағыт деп атайық. Адамдық арақатынастың бәрі белгілі бір мәдени деңгейден басталады, ал осы сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған мақсатқа сәйкес предметтік әрекеттің нәтижелері адамдық мәндік күштердің заттандырылған көріністері болып табылатын мәдениет туындыларында (материалдық немесе рухани) жүзеге асады, басқаша сөзбен айтқанда, мәдениет дегеніміз адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі (В.М. Межуев, Л.Н. Коган, Н.С. Злобин және т.б.).
Мәдениетке арналған көптеген шығармаларда, ресми құжаттарда ол құндылықтар дүниесімен байланыстырылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының мәдени-әлеуметтік даму бағдарламасында мәдениет арқылы адам құндылықтарды айырып, олардың ішінен таңдау жүргізеді деп атап көрсетілген. Құндылықтар дүниесі адам әлемі (микрокосм) мен қоршаған ортаның (макрокосм) байланысын білдіреді. Адамдық әрекет шеңберінен қамтылған бейтарап заттар белгілі бір қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға, т.б. айналып, біздің тіршілігіміздің тіректері болады.
Адам - дүниені жай ғана пайдаланушы жан емес, оны қажеттіктеріне байланысты өзгертуші тұлға. Құндылықтарды зерттейтін ілімді аксиология деп атайды, бұл жөнінен мәдениеттануды аксиологиялық пән деп бағалаймыз. Мәдениет құндылықтарының иерархиялық жүйесін анықтау - кез-келген гуманистік ғылым үшін жауапты міндет. Мысалы, гуманизмді бастапқы принцип ретінде алған ілімдер үшін әлемдегі негізгі құндылық - мемлекет те, партия да, жалпы қоғам да емес, нақты адамның өзі. Өмірді ең жоғарғы игілік деп есептеу, күштемеу этикасы - міне, бұлар қазір қалыптаса бастаған болашақ мәдениеттің неізгі белгілері.
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың екі жүзден астам мемлекеттерге біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ нәрсе - мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет.
"Мәдениет" ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайды. Ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін пайдаланып адамның қалыптасуы мен кемелденуіне өте жоғары мән берген. Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған. Олар ақсүйектік қасиеттермен қатар, "адамзаттық" қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол - білім жолды. Г.Е. Жураковский: "Көп жылдық Афин мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты - оқушыларға афин қоғамының толық құқылы мүшесі екендігін толық сезіндіру болып табылады" - деп жазды.
Балаларды мектепте жазып-сызуға үйретіп, грек әдебиетімен таныстырды. Грамматика мен музыка сабақтары байланыстырылды, өйткені көптеген өлеңдер музыкамен сүйемелдеу арқылы жатталды. 12 жастан бастап ұл балалар палестраға барды, гимнастикамен айналысты. Жастар тыңдаушылар ретінде мемлекеттік істер қаралатын жиналытарға да қатыса алатын болды. Мұндай білім беру жүйесі белгілі бір талаптар мен ережелерді игерумен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өмірге де дайындады.
Грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым - қатынасы
Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Материалдық мәдениет
Адамзат рухани мәдениетінің мақтанышы
Мәдениетті философия тұрғысынан зерттеу
Көркем еңбек пәнінің білім беру үдерісінде ұлттық мәдени құндылықтарды оқыту әдістемесінің дамыту үдерісі
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Философия және мәдениет
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны
Пәндер