Мәдениет жүйесіндегі мұражай



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық туризм және меймандостық университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы:Мәдениет жүйесіндегі мұражай
Орындаған:Қалымбет Аружан

Шымкент қ. 2020-2021 оқу жылы

Адамзат тарихының күретамыры - мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры - адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын
айқындайтын басты белгі - мәдениеті.
Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады
Елбасы Н. НАЗАРБАЕВ

Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғанынан бергі жылдар ішінде бұған дейін бұрмаланып келген Отанымыздың тарихы жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті оң бағасын беру жүзеге асуда. Бүгінгі таңда біздің еліміз қол жеткізген табыстар бізге жан-жағымызға зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрі болашаққа батылырақ көз салуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып әлемнің өркениетті елдері қатарынан көрініп, ғасырлар бойғы арманына жетті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан-2030 жолдауында: Бүгінгі таңда біз тұрақтану кезеңіне өтудеміз. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуге қол жеткен табысымыз бізге жан-жағымызға түңіле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға, әрі болашаққа сенімді көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзетуге мүмкіндік береді.
Басшымыздың Халыққа Жолдауы жалпы елдің дамуымен қатар мәдениет, руханият салаларында түпкілікті бағыттарымызды айқындауға бетбұрыс болады. Президент Жолдауындағы ... Өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет деген жолдар музей мен қоғамның, мұражай мен өркениеттің, болашақтың біртұтас жағдайда ғана дамитындығын көрсетеді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы тарихи мұраларымыз бен ескерткіштерімізді зерттеу, насихаттауға бүтіндей қоғамның бетбұрысын қалыптастырады.
Адамзат ұрпағы басынан кешкен замандарды көз алдыңызға елестетіп, оны көңілге түйгіңіз келсе, жарқын болашаққа нық сеніммен ой жүгірткіңіз келсе, әрине, ең алдымен, мұражайға кіріп, ондағы жәдігерлердің сырына үңілудің маңызы зор. Ата-бабалардың өмірлерінде ұстап-тұтынған бұйымдарын таңдай қағып тамашалап, өткенге салауат айтып, қасиеті дарыған бабалар мұрасынан тағылым мен тәрбие нәрін алып шығатыныңыз анық.
Мұражай - табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін табиғат коллекциялары мен тарихи нұсқаларды жинақтау, сақтау, зерттеу, жәдігерлерін халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекен. Мұражай жәдігерлері ғылым мен өндірістің алуан түрлі салаларын қамтиды.
Мұражай - тарих, мұражай - шежіре. Мұражай - білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы - мұражай. Мәдениетті елдерде әрбір мұражайдың тарихы жазылып қатталады. Тіпті әрбір мұражайдың кезеңімен алмасып, жаңарып тұрар - экспозициясының тарихы шежіреленеді деген көрнекті әдебиетші ғалым Құлбек Ергөбек Түркістан жинағы атты кітабында.
Өркениетті мемлекеттердің көбісі өз мұражайларының сән-салтанатын арттыру арқылы әлемге есіктерін айқара ашып отыр. Расында да, мұражай ұлттық мәдениеттің кірер есігі, қара шаңырағы іспетті. Көне жәдігерлер мекенінің босағасынан аттаған қарапайым адамнан бастап, лауазымды тұлғалар болсын, мемлекет басшылары немесе шетелдік қонақтар елдің, халықтың бай құнарлы мәдениеті жөнінде түсінік алады. Мұражай тек құндылықтар сақтайтын қойма немесе сол құндылықтарды көрсететін көрме ғана емес. Ең алдымен, ол - ұлттық ғылыми-зерттеу мекемесі.
Себебі мұнда атқарылатын жұмыстардың дені - ғылыми-зерттеу еңбектерінің түрлі көріністері. Мысалы, мұражайға бір зат келді делік, оны есепке алу қажет, камералық өңдеуден өткізіп, тегін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Мұражай педагогикасы
МҰРАЖАЙ АРҚЫЛЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары жүйесіндегі Қарағанды облысының орны
Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы
Мұражайдың шығу тарихы
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
А.С.Пушкин көшесі
Шымкент мұражайлары
Пәндер