Сиқырлы есептер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар қаласының №26 жалпы орта білім беру мектебі
мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: Сиқырлы есептер
3 -секция:Математика

Орындаған:
Айтпай Әмина
1 Ә сынып оқушысы
№26 жалпы орты білім беру мектебі
Жетекшісі:
Нургалиева Арайлым Дархановна
педагог - модератор
бастауыш сынып мұғалімі
№26 жалпы орты білім беру мектебі

2020 -оқу жылы
Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Теориялық бөлім... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 - 6
Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 - 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14
Кітапша жасау кезеңдері
Тәжірибе барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Аннотация
Адам дүние есігін ашқанан бастап, математика не екенін біледі.Себебі,сен туғанан бастап, дәрігер сенің салмағыңды, бойыңды өлшейді.Содан кейін математика сенімен бірге өседі, өйткені сен 1 жасқа толасың содан кейін 2 жасқа толасын ары қарай жасыңа жас қосыла береді.Алты жасқа толғанан кейін сен мектепке барасың.Міне, тағы да математика сенімен бірге келе жатыр.
Мектептегі әр оқушы математика пәнін біледі, сабақта есептер шығарады. Оқушылардың барлығы оңай есептерді бірден шығара алады, ал логикалық есептерді шығарған кезде қиналуы мүмкін. Бірақ, уақыт өте амалдарды дұрыс қойып немесе берілген есептің шартын мұқият оқып жауабын табады.
Маған логикалық есептер өте қатты ұнайды.Бір күнде бір логикалық есеп шығарып , ата-анама тексертемін. Осы тақырып маған қызықты болғандықтан, басқа оқушылардың да қызықты есептер шығарғанын қалаймын. Сондықтан мен зерттеу жұмысымда логикалық есептерді қалай шығаруға болады және есептердің сиқырлы ертегі сияқты сиқырға толы екенін дәлелдегім келеді.
Логикалық есептерді шығарған кезде, бірден жануарлармен байланыстыруға тырысамыз. Мен осы зерттеу жұмысымда тек Павлодар облысында мекендейтін жануарларды ғана қатыстырдым.
Зерттеу жұмысының аяғында оқушы Сиқырлы есептер жинағы атты кітапша жасап шығарды.


Кіріспе
Мен ,осы жылы мектеп табалдырығын алғаш аттап, бірінші сынып оқушысы атандым. Бірінші күні мектепке келгенде бірінші сабағымыз математика болды. Ұстазымыз бізге математика кітабын таныстырды,осы кітаптың ішіндегі тақырыптарды айта бастады. Бір мезетте мен логикалық есептер деген тақырыпты естіп қалдым. Маған өте қызық болды логикалық есеп деген не екен деп ойладым. Мұғалім бізге бір логикалық есеп жасырды, мен бірден қолымды көтеріп, жауап бердім. Міне , сол кезден кейін маған осы тақырып ұнады.Зерттеу жұмысым сиқырлы есептер деп аталады, себебі әр логикалық есеп сиқырға толы.
Зерттеу мақсаты: Математикадан қызықты, яғни логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарын зерттей отырып, оқушы білімін, нәтижесін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Зерттеу кезеңдері:
1. Түрлі бағыттағы логикалық есептерді шығару
2. Өз бетімен есептер шығару
Эксперимент әдістемесі: Логикалық есептерді шығару, өз бетімен есептер құру, интернет жүйесін қарау, баспасөз беттерінен материалдар жинау арқылы логикалық есепті шеше білуге қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен жұмысжасай білуге үйрету
Зерттеу жаңалығы: Негізінен логикалық есептер шығаруда өзінің білім деңгейі көтеріледі. Кең ауқымды есептерді шешуде зерттеу, ойлау қабілетін дамытып, жаңа іс - қимылға жетеледі. Пәндік икемділігі қалыптасты.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Ғылыми жұмысты орындаушы өз талдауларын қорытындылай келіп, жоғарыда келтірілген логикалық есептерді шығару және қолдану жолдарының тиімділігін, олимпиадалық есептерді шешуде,халықтық есептерді шешуде, математика сабағында тақырыпты жеңіл ұғынуға болатынын дәлілдеуге ұмтылған және мектеп бағадарламаларында көбірек берілсе деп түйін жасайды.
Теориялық бөлім
Логика-(грек тілінен алынған Logic- сөз, ой,ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары, түрлері және әдістері туралы ғылым.Ой қорыту түрлері және әдістері туралы ілім Ертедегі Шығыста(Қытай, Үнді) пайда болды. Кейін грек ойшылдары ары қарай дамытты.
Математика ғылымы ішіндегі математикалық логиканың ғылыми бағыты қарқынды даму үстінде.Оның ғылыми нәтижелері кибернетикада, информатикада, басқару теориясында, гуманитарлық ғылымдарда қолданыс табуда. Кезкелген мемлекеттің экономикасының табыстылығы сол елдің басқару элитасының іскерлігіне және білім, ғылым және өндірістегі адамдардың интеллектуалды деңгейіне тікелей байланысты.
Ойнай білетін адам-ойлай да біледі демекші, ерте заманнан адамдар өз балаларының дамуына назар аударып, оларды ойын мен қызықты есептер арқылы ақылды адам етіп тәрбиелеуге тырысқан. Есепті шешудің ұтымды, жеңіл жолдарын табуға балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету, математикаға деген қызығушылығын тудыратынын өмірде көрсетіп отыр.Есептердің шарттары мен талаптарының сурет, кесте, өлең, жұмбақ, логикалық түрде берілуі қандай да бір әдістермен шешуге талпындыратыны байқалады. Логикалық ойлауды логикалық және қызықты математикалық есептердің көмегімен жүргізу керек.
Логика дегеніміз спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.
Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап балалардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық, яғни қызықты есептерді шығаруда шығармашылық жұмыс істеуді керек етеді. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше.
Енді біз сіздермен есептер шығарып көрейік. Логикалық есептерді шығарудың бірнеше амалдары бар. Мысалы, кесте арқылы.
Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилясына сәйкес келмейді. Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай?
Шешуі: 1 - тәсіл (Ой қорыту әдісі)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев - сары шашты. Онда Қарабаев - ақ шашты, ал Сарыбаев - қара шашты болады.
ІІ - тәсіл. (кестенің көмегімен )
алдымен есептің шарты бойынша, І кестені салайық
Тегі
Сары
Қара
Ақ
Ақбаев
+
-
-
Сарыбаев
-
+
-
Қарабаев
-
-
+
Жауабы: Ақбаев - сары шашты
Қарабаев - ақ шашты
Сарыбаев - қара шашты

ІІ. Граф әдісі (сәйкестендіру сызықтары арқылы)

Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.
Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.
а) Әлия - ІІ, Динара - ІІІ
ә) Әлия - І, Ғалия - ІІ
б) Мадина - ІІ, Динара - ІҮ.
Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табы керек.
Ә І
Ғ ІІ
М ІІІД ІV

Жауабы: Әлия - І,
Мадина - ІІ,
Динара - ІІІ,
Ғалия - ІV.

Тәжірибелік бөлім
Павлодар - әсем қалалардың бірі. Павлодар облысында жануарлар өте көп. Ал Павлодар қаласында көбіне жануарлар үйде өмір сүреді олар мысық, ит, балық. Павлодар қаласында туып өссемде, ауылға атам мен әжеме барып тұрамын. Ауылдағы жан-жануарларды көріп, бір қуанып қаламын. Қазақ елінің аса құнды төрт түлік малының барлығы біздің облыста бар. Павлодар обылымызда : қоян, түлкі, аю, қасқыр сияқты аңдар мекендейді. Біздің қаламызда Ертіс өзені бар. Осы өзенде балықтар көп, 20 жуық түрлері бар екен.Зерттеу жұмысым логикалық есептер болғандықтан , әр есебім облысымыздағы жануарларға байланысты болады.
Мен зерттеу жұмысымды ең алдымен жеңіл есептерден бастадым. Жай есептерді А деңгейі деп белгілейміз.
1-есеп.Екі мысықта неше құлақ бар?
2+2=4Жауап: екі мысықта төрт құлақ бар.

2- есеп.Екі лақта неше аяқ бар?
Жауап: екі лақта 8 аяқ бар.
Себебі, 1 лақта төрт аяқ бар. 4+4=8

3 - есеп.Әжемнің немересі Айдос, иті Алабай, мысығы Том.Әжемнің неше немересі бар?

Жауап: Әжемнің бір немересі бар. Ол-Айдос.Өйткені, мысық пен ит олар жануарлар .

4-есеп.Аю, түлкі, қоян, қозы, бұзау келе жатыр.Неше жануар үйге келеді?

Жауап: 2 жануар үйге келеді.Өйткені олар үй жануарлары.

5-есеп.Бір сиырдың 5 бұзауы бар, ал бір жылқының 2 құлыны бар. Барлығы неше жануар?

Жауап: барлығы 9 жануар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3-4 сыныптарға арналған логикалық есептер жинағы
Математикалық логика
Сыныптан тыс жұмыстарының түрлері және маңызы туралы
ФИБОНАЧЧИ САНДАРЫН ЕСЕП ШЫҒАРУДА ПАЙДАЛАНУ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫ
Логикалық есептерді шығару әдістері
Математикадан логикалық есептер жинағы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін оқытудағы жалпы дидактикалық принциптер
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Логикалық есептердің түрлері
Пәндер