IQ мен эмоционалды интеллект: анықтамасы, тарихы және айырмашылықтары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

IQ мен эмоционалды интелект арасындағы айырмашылық.

IQ - intelligence quotient адамдардың тез қабылдағыштығы мен ақылдылығына берілетін баға. Оны арнайы жасалған тест арқылы, қарапайым адамдардың ойлауы мен ақылдылығына қарап салыстыра анықтайды.

IQ тесттерін орташа есепке теңестіріп, шамамен 100 деп алатын болсақ, 50% адамдардың IQ-і 90 мен 110-ның арасында болуы тиіс немесе 25 % адамдардың IQ-і 90-нан төмен, 110-нан жоғары болуы керек. Ал 70-ке жетпеген адамдардың ақыл-есі жетілмеген болып саналады.

Тарихы

1912 жылы неміс ғалымы Вильгелм Штерн зияткерлілік коэффициентін енгізді. Ол адамдардың жас аралық ақыл-ой кемшіліктеріне аса мән берді. Штерн интеллект көрсеткіштерін жеке жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану керек деп ұсыныс жасаған. IQ ең алғаш 1916 жылы Стенфор-Бине шкаласында қолданылды.

Адамдардың IQ-ның гендік мәселеге тікелей қатысы бары "Plomin et al. " (2001, 2003) атты кітаптан бастау алды. Балаларға жасалған сынақ нәтижесінде тұқым қуалаушылық 0, 4 пен 0, 8 көрсеткішін көрсеткен. Олардың IQ дәрежесі тек аз мөлшерде генетикалық тұқым қуалаушылыққа тәуелді екені, ал қалғаны қоршаған орта әсерінен қалыптасатыны анықталған.

IQ-ді қалай жоғарылатса болады?

Зерттеулер IQ-дің жоғары болуы 40-80 пайыз адамдардың генетикалық белсенділігіне байланысты деген қорытындыға алып келді. Алайда әртүрлі ізденістер, оқулықтар, білім алу және дұрыс тамақтану секілді іс-әрекеттерімен зияткерлілік коэффициентін жоғарылатуға болатыны дәлелденген.

Жоғарылатудың жолдары:

Алдыңызға мақсат қойыңыз. Неліктен сіз интеллигент адам болғыңыз келеді? IQ-дің қандай болғанын қалайсыз? Егер де сіздің мақсатыңыз болмаса, сізді алдыға жетелейтін де ықпал болмайды, және де сіздің жасаған іс-әрекеттеріңіз аяқсыз қалады. Оқу. Кітап оқу, өз бетінше іздену секілді іс-әрекеттер IQ-ді міндетті түрде көтереді. Ғылымға бет бұра отырып сіз дүниетанымыңызды кеңейтумен қатар логикалық ойлау мен есептеу қабілеттеріңізді арттырасыз. Пазлдарды жасаңыз. The Wechsler Adult Intelligence Scale мен the Stanford-Binet ұйымдары адамдардың ақыл-ойын қалай дұрыс анықтау керек екені туралы сан алуан әдістер мен амалдар қарастырған. Сол себепті зияткерлілікті бір ғана әдіспен анықтау қате. Кез келген нәрсеге машықтану үшін бір әрекетті бірнеше рет қайталап, жылдамдық пен есте сақтау қабілеттеріне қатысы бар жаттығуларды жиі жасап тұруыңыз керек. Суреттермен жұмыс. Суреттермен жұмыс кез келген нәрсені жақсы сипаттауға, суреттерді ажыратуға, бір-бірімен байланыстыруға көп ықпал жасайды. Алдымен өте аз уақыттың ішінде суретке қарап, көзді жұма кездейсоқ бір бөлігін таңдап сипаттауға тырысыңыз. Егер де алдыңызда тыңдаушы кісі болмаса, үнтаспаға жазып, жіберген қателіктеріңізді түзеп алыңыз. Медитация. Медитация ағзаның қан айналымын жақсартады, сонымен бірге ойыңызды, есте сақтауыңызды бір қалыпқа келтіруге септігін тигізеді. Күніне 30 минут уақытыңызды медитацияға арнаңыз. Сонымен қатар 10 немесе 15 минуттан әр кезде қолыңыз бос бола қалса медитация жасаңыз. Таңғы жаттығулардан кейін және жатардың алдында істегеніңіз абзал. Жаттығу. Спорт - денсаулық кепілі. Таң ертең тұрып таңғы жаттығулар жасаңыз. Жиі жүгіріп, суға түсіп тұрыңыз. Дұрыс тамақтану. Аптасына кемінде 3 рет майлы балықпен тамақтаныңыз. Мәзіріңізде жеміс-жидек, көкөніс, дәнді-дақылдардың болғаны шарт.

Эмоционалды интеллект де­ге­німіз - адамның өз эмо­циясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді ше­шу үшін эмоциясын игеру қа­білеті. Эмоция - энер­гияның кө­рінісі. Сондықтан барынша эмо­циялық ойлауды дамыту керек.

90-жылдардың ортасында Дэниел Гоулманның «Эмоцио­налды интеллект: IQ-дан да ма­ңызды» психологиялық бест­­селлері жарық көрді. Белгілі жур­налистің зерттеу еңбегі көп­шілікке ой салды. Кітабында ере­сектер мен балаларды бірге зерт­теген. Қорытынды шығар­ғанда баланың қандай отбасында тәрбиеленгені, мектепте, уни­вер­ситетте алған бағасы үлкен өмірге сүйеу бола алмайтынын көрсет­кен. Адамның қоршаған ортамен байланысы, яғни эмо­цияны иге­ре алуы болашағына кепіл бола алатынын жазған. Жеке өмірде де эмоцияның ық­палы зор. Қарым-қатынас ор­нату, жаңа ортаға сіңісу аталған тақырыппен бай­ла­нысты екен. Мұны бұрын­нан білеміз ғой де­уіңіз мүмкін. Бірақ бұл - сіз ойла­ғаннан да күр­делірек та­қырып.

Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үш­ті­гін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллект­пен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Со­ған қарамастан, адам эмоция­сы мәселесі - әлі күнге өзекті тақырып.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллект: анықтамасы, түрлері, өлшеу және тұлғалық аспектілері
Эмоционалдық интеллект: анықтамасы, нейропсихологиялық негіздері және дамытудың практикалық тәсілдері
Эмоцияларды білдіру мен басқару: мәдениеттер, эмоционалды интеллект, ерік-жігер және стрессқа қарсы стратегиялар
Публицистика: анықтамасы, мазмұны және журналистикамен айырмашылықтары
Интеллект және ойлау: анықтамасы, түрлері және ақыл-ой тәрбиесі
Жасанды интеллект: тарихы, эволюциясы және компьютерлік негіздері
Әртүрлі бағыттағы студенттердегі эмоционалды интеллекттің қалыптасуы және белсенді оқыту әдістерінің тиімділігін зерттеу
Дереккөздер: анықтамасы, түрлері және орыс тіліндегі дереккөздермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Жасанды интеллект пен робототехника: даму тарихы, әдістері және болашағы
Стресс пен эмоциялық интеллект: психодиагностика, әсері және EQ индикаторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz