Дауысты дыбыстардың жасаламына қатысты еңбектерге конспект жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология және көптілді білім беру институты
Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СОӨЖ
Тақырыбы: Дауысты дыбыстардың жасаламына қатысты еңбектерге конспект жасау
6В02301- "Филология" мамандығы
1-курс

Орындаған: Дуанбекова Айзере

Қабылдаған: Қоқанова Жарқынай

Алматы,2020

Қазақ тілі фонетикасының бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейіне бақсақ, біз кейбір мәселелерге бұрынғы көрінген деңгейімізден кері шегініп, тіпті, басқа бағытқа бет алып кеткен тәріздіміз. Ең әуелі, біз қазіргі қазақ тілінде қанша дыбыс бар екендігін айта алмаймыз. Ғалым Ә. Жүнісбеков қазақ тілі дауыстыларының саны туралы пікірлерді келтіріп өтеді. Ол Ф.Г. Исхаковта - 12, Е.Ф. Симоновада - 10, В.М. Шварцманда - 11+2=13, т.б.
Қ.Жұбанов тіліміздегі дара дауыстылар санын 9 деп көрсетеді. Олар: а,ә,о,ө,ы,і,ұ,ү,е дыбыстары. Көріп отырғанымыздай, бұл қатарда у және и дыбыстары жоқ. Автор бұларды ұу, үу және ый, ій дифтонгтерінің құрамында ғана қосалқы дыбыс ретінде көрінеді деп біледі. Шынында, бұл пікір әріден - Ж. Аралбаевтан келе жатқан пікір. Ол: ...у-дың негізгі компоненті фонетика жағдайына қарай ұ не ү, ал екінші көмескі компоненті - сонар у (тау) өте келте қайырылады - дейді. Ал, С. Мырзабеков болса, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды эсперимент жолымен зерттеп жүрген Ә. Жүнісбеков, т.б. ғалымдар байырғы сөздеріміздің құрамында кездесетін осы екі (й,у) әріпті (дыбысты Ш.Б.) дауысты дыбыстар деп қарамайды... й,у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтыны Ә. Жүнісбеков еңбектерінде толық дәлелденген - деген пікірге тоқтайды.
Яғни, қазақ тіл білімінің соңғы жаңалықтары бойынша, қазақ тілінде у дыбысы жоқ деген пікір үстемшілік алып отыр. Осылайша, бұрында бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс ретінде қолданылатын у және й дыбыстары бар деп жүрген жарымжан түсінігімізден де енді ада болып отырмыз. Мұның сыры неде?
Тіліміздегі у дыбысының табиғаты туралы қалыптасып отырған мұндай пікірлер бүгінгі тіліміздегі сөздердің айтылу, дыбысталу сипатын экспериментальды фонетика тәсілдерімен зерттеуден туындап отыр. Мұнда, негізінен, тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық белгілеріне назар аударылады. Шынында, тіл дыбысы жалаң физикалық немесе биологиялық құбылыс па? Біздіңше, тіл дыбысы ең әуелі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс, яки саналы әрекеттің жемісі. Адамзат баласының дыбыстық тілі олардың өзара қарым-қатынас жасау қажеттігінен туғаны рас болса, дыбыстық тілдің элементі болып табылатын тіл дыбыстарының да қоғамдық, әлеуметтік құбылыс екендігін мойындамауға негіз жоқ. Әрине, бұл - тіл пайда болуы туралы мәселемен байланысты аса күрделі проблема. Тіл дыбыстарының қоғамдық, әлеуметтік мәнін мойындау дегеніміз олардың сана жемісі екендігін, яғни мағыналы элементтер екендігін мойындау болып шықпақ. Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін тіл дыбыстарының мағыналылығы туралы мәселе де аяқсыз қалып келеді...
Академик Қ. Жұбанов бұл мәселеде 30-жылдардың өзінде-ақ тың көзқараста болды. Ол: Дыбыстың әлеуметтік, тілдік қасиеттері тексерусіз қалғасын, дыбыс өзгерістері, дыбыс заңдары әлеуметтік жағдайлармен, жалпы салт-сана жүйесімен салмақталмаған соң, ескі тіл ғылымының фонетика аталған бөлімі тілдің дыбыстау жағын, дыбыстың анатомия, физиологиясын, дыбыстың физика, акустика жағдайын тексеретін бір табиғат ғылымы боп қалды. Қоғам қатынастары жүйесінде ғана, адам мен адам қатынасы арасында ғана жарыққа шығатын тілді, сөйтіп, индо-европашыл фонетика жеке адам басында ғана, дара адам денесінде ғана болатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімінің өзекті мәселелері пәнінің оқу -әдістемелік кешені
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Сауат ашу методикасының ғылыми негіздері
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Төлеу сөз
Бүгінгі күнде әртүрлі ғылымдардың өзара тоғысуы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖАЙЫНДА
Фонетика туралы түсінік. Кәсіби тілдің мазмұны, құрамы
Сөйлеу техникасы
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz