Қазіргі заманғы және түркі дәуіріндегі руханияттың өзіндік ерекшеліктері мен сабақтастығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1-Аралық бақылау

1. Қазіргі заманғы және түркі дәуіріндегі руханияттың өзіндік ерекшеліктері мен сабақтастығы.

Қазақстанның ортағасырлық тарихында, оның тегінде көне түріктердің орны маңызды екендігі тарихтан бізге белгілі жайт. Адамзаттың кемелденуіне алғаш аяқ басып, білімге, ғылым мен өнерге жол ашқан алғашқы адамдар осы түркілер болған. Осыған негіз ретінде әлемнің екінші ұстазы-Әбу Насыр әл- Фарабиді келтіре аламыз. Оның осы күнге дейін сақталған еңбектері қаншама жылдардан жиылған қазына десек, артық емес. Себебі, «Мемлекет қайраткерінің афоризмдерінде», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында әл-Фараби өз заманында сирек кездесетін ойлар айтады, тіршілік пен ой-пікірдің тарихи негіздерін қайта құру тұрғысынан алғанда аса маңызды қағидалар ұсынады. Адамның мінез-құлық ережелері, тарих, ғылым, музыка саласында жасаған еңбектері қазіргі күнге дейін актуалды. Ақыл-парасатқа жүгіну әл-Фарабиден кейін кең қанат жая бастады. Жүсіп Баласағұнның құндылықтар жүйесінде этикалық ұғымдар - Ақыл-ой, Әділдік, Бақыт және Теңдікке ерекше мән берілген. Бұл адам мен қоғамның үйлесімділігін жоғарыда аталған игіліктер атқарады деген пікірді, идеяны білдіреді. Ал, енді Махмұд Қашқаридің түркі халықтарының сөздік қорын ғылыми ретке келтіріп, оны «Дивани лұғат-ат түрк» деген атпен әлемге таныстыруы үлкен маңызы бар оқиға екенін айта кеткеніміз жөн. Бұл еңбекте түркі тілдес халықтардың фольклоры мен тарихи аңыздары, тілдік байлығы өз дәуірінің талаптарының барынша жоғарғы деңгейінде сипатталады. Ахмет Иүгінекидің "Ақиқат сыйы" деген еңбегі нағыз діни философия үлгісі, ол әрқашан өз замандастарына білім мен ғылымның шындыққа жетелейтін сырын ашуға тырысқан. Сөз - адамның күнделікті өміріндегі жасампаздыққа жетелейтін күш, оған әсер ететін Рухани күштер мен табиғат берген ерекше қасиеттер екенін Ахмед Иүгінеки өз шығармашылығында баса көрсетеді. Орта ғасырдағы сопылық дәстүрдің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауи ерекше тұлға ретінде халық ділінде сақталған. Оның өлеңдері кезінде халық арасына кең тарап, ауыз әдебиеті түрінде өмір сүріп келген. Сонымен қатар олар фольклордың бағытбағдарын анықтаушы рөлді де атқарған. Әрбір классикалық шығармаға тән қасиетке ие «Диуани хикмет» қазіргі заманның өзінде құндылығы мен өзектілігін жоғалтқан емес, бұл еңбекте қойылған мәселелер идеялық жағынан халықты біріктіреді және адамның рухани дамуындағы биік белестер болып қала бермек. Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген, өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде ала қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті.

Айтылған дәлелдемелер түркі руханиятының адамзат қолындағы байлығы екендігін дәлелдейді. Түркілік даналардың жасаған еңбектері бүгінгі қазақ руханиятына тигізген еңбегінің ролі өте зор. Себебі, түркі даласында өмір сүрген түркі халықтары бір нәрден бастау алып, дамығанын түсініп отырмыз. Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А. Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М. Шоқай «Ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл», М. Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт - тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп жазған еді. Еліміздің бас қаласы - Астанада қазақы рух, ұлттық нышан қалыптасуы үшін көптеген нәтижелі шаруалар атқарылуда. Ұлт болашағы бүгінгі бүлдіршіндер десек, астана болғалы бері 20 қазақ мектебі ашылды. Қазақтардың саны көпшілікке айналып, алпыс пайыз шамасына жетті. Күні кеше бір ғана қазақ мектебінің болғанын, қандастарымыздың жиырма пайызға жетер-жетпес болғанын айтсақ, Астананың қазақтана бастағанына толық көз жеткізесіз. Үстіміздегі жылы қаламыздың даңғылдары мен көшелеріне үш жүзден астам қазақы атаулар берілді. Атаулар беруде ұлтымыздың тарихында айрықша орынға ие болған тұлғалардың есімдері, Қазақстанның әр түкпіріндегі жер-су атаулары молынан қамтылды. Олардың ішінде Алаш қайраткерлерінің барлығының дерлік есімдері бар. Біз бұларды көлденең тарта отырып, қаламызда мәселе толық шешілді деп отырғанымыз жоқ, бұл бағытта атқарылар шаруа әлі де шаш етектен. Біздің ойымызша, ең алдымен қазақ баласының ана тілінде білім алуына баршамыз ықпал жасауымыз қажет. Олай болмайынша ертең ержеткен, бойжеткенге, бүрсүгіні мемлекеттік қызметкерге өз тілін үйретіп тағы әуре боламыз. Бүгінгі күннің руханияты-бүгінгі күн жастарының дамытар, әрі қолда бар қазынаны сақтар дүниесі.

2) Ұлттық код(тіл, салт-дәстүр, діл, мәдениет) -болашақтың кепілі.

Ұлт болып қалыптасу көптеген жылдар мен оқиғалар тізбегін қажет ететін, керек болса, сол үшін қан төгуді қажет еткен. Қазақ халқының қалыптасу сонау түркі заманынан бастау алған. Көшпенді халық болған қазақ жұрты қашан да өз мәдениетін тұрмыс-жағдайына, әлеумет пен қоғам жағдайына қарайласты өзгертіп, қалыптастырған. Сол ерте заманнан бастау алған бұл трансформация бүгінгі күні толық қалыптасқан, өзіндік ерекшеліктері бар жеке дара ұлт негізін құрып отыр.

Біздің ұлттық кодымыз тіл, салт-дәстүр, діл, мәдениеттен тұрады. Алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин заманындағы қазақ ақындары, жазушылары қазақ тілінің бар асылын бізге мұра еткен. Абай атамыздың қара сөздері мәңгі қазақ философиясы болып саналды. Осы тілдің бүгінгі жағдайы қалай? Мектеп қабырғасын аттаған бала қазақ тілін жетік меңгеріп, әдебиеттің бар мұрасымен танысады, бұл-тілге деген құрмет, сыйластық. Тіл-бар асылдың бастамасы. "Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі" деп Жүсіпбек Аймауытұлы бекер айтпаса керек. Сөзінің мәнісін ұғынсақ, тіл-ұлттың тірегі. Салт-дәстүр - ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Бүгінгі күнде де бұл салт-дәстүрлер орындалып келеді. Меніңше, заман өзгерген сайын, ұлт та, ұлттың мінез-құлқы, мен­та­ли­те­ті де өзгереді. Бірақ қазақ бойындағы қонақжайлық, үлкен той өткізуге деген қызығушылық, баланың ата-ананың алдындағы парызы, әйел мен ердің әлеуметтік орны сынды тақырыптар діл ерекшелігін көрсетеді. Қазақ халқының мифтік аңыздары, салт-дәстүрлері, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т. б. ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатырған тарихымыздан көшпенді қазақ тәрбиесіндегі өркениет, мәдениеттің болғанын бабалар қалдырған мұралардан, халық аузында жүрген мақал-мәтелдерден-ақ көруге болады. Қазақтың әрбір айтқан сөзі даналыққа сүйеніп, дәстүр мен дін біте қайнасқан үлгісінде көркем бір бейнеде үйлесімділік таба білгені анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі әдебиеті
Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі
Сақтар мәдениеті
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі
Қазақ халқының исламмен байланысқан салт - дәстүрлері
Түркілердің ежелгі сенімдері
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Қайырымды қалаға теріс қалалар
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz