Далалық әскери жүйе және көшпелілердің әскери өнерінің спецификалық ерекшелігі
Үй жұмысы
1.Далалық әскери жүйе және көшпелілердің әскери өнерінің спецификалық ерекшелігі
Қай заманда, қай дәуірде де, мемлекеттің іргетасы жер, халық және сол халықтың материалдық, рухани байлығы. Бұл үш ұғым ұлттың ұлтаны, ұлыстың ұстыны. Сондықтан болар осыдан 1300 жыл бұрын көк түріктің Білге қағаны Ер теңі - ұлы билік деп тасқа таңбалап, өсиет етіп қалдырып кеткен. Осы мәселені ерте түсінген ежел - гі көшпенділер мемлекеттің билік жүйесін жасаған алғашқы кезеңнен бастап, отырықшы елдерден мүлдем басқаша жолды таңдаған. Азия - лық жартылай отырықшы, көшпенді - лігі басым түрік этносы ел басқару ісін әскери-әкімшілік құрылым жасақтаған.
Осылай Ұлы далада орталық - тан - - ған басқару нәтижесінде эконо - ми - - ка - лық қуатты күштердің қолына билік шоғырланды. Билікті сақтау үшін қару-жарақты қосын-армия қажет бол - ды. Ол үшін қарулы күш - терді бір орталықтан басқаратын жүйе құрды. Ол ондық жүйе деп атал - ды. Бұл далалық қоғамның таби - ғи заң - ды - лы - ғынан туындаған құры - лым. Осы - лайша ондық, жүздік, бес жүз - дік, мыңдық, түмендік (он мың - дық), бу - мын - дық (жүз мыңдық) дала - лық қо - сын-армия құрылымы пайда болды.
Қолдың ең төменгі бірлігі он - дық бір ауылдан немесе бір ата - дан жасақталады. Ондықтың басшысын өздері сайлап алады. Бір ата, бір ауыл - дың азаматтары бір ондықта бол - ған - дықтан бір-біріне жағдай жасау, сол әулеттің, рудың ар-намы - сын қор - ғау, басқаның алдында ұятты бол - мау сияқты азаматтық жауап - кер - шілік, саяси-моралдық деңгейге көте - рі - леді. Осындай психоло - гиялық дайын - дық жеңімпаз армияны пайда болдырды.
Әскери бірліктің басшылары әс - кер - лердің соғыс шеберлігін жетіл - - діру, қару-жарағын дайындап, пси - хологиялық дайындықтан өткізіп, өзінен жоғары басшылар - дың тапсырмасын орындауға да - йын тұрады. Жүздік он ондықтан, бес жүздік елу ондықтан, мыңдық жүз ондықтан, түмен он мыңдықтай құралды.
Армияның темірдей тәртібі тө - менгі ондықтан басталып, жоғары бас қолбасшы - басбұйрыққа дейін сақталған. Бұл дегеніңіз көшпенділер армиясының іргетасын қарапайым халық өзі қалап, сырттан қандай жау келсе де соңына дейін қарсыласып, аюдай алысып, өмір мен өлімнің бірін таңдауды қалыптастырған саналы жүйе.
Бейбіт заманда ондық жүйенің мүшелері малын бағып, отын жағып, көшіп-қонып, ағаш, темір, жүннен тауарын өндіріп, жүре беретін болған. Сондықтан бұл жүйені әскери-әкімшілік құрылым деп атаған. Сыма Циянның Тарихи жазбалар сюнну баянында: ...жігіт-желеңі шетінен садақ асынып, сайлауыт сарбаз болады. Салт бойынша олар жайшылықта мал бағып, аң аулап, күнелтеді. Жаугершілік күн туса барлық адам соғысқа аттанып, шабуылға шығады. Бұл олардың сүйегіне сіңген дәстүрі деген тарихи дерек далалық көшпенділердің әскери-әкімшілік жүйесінің нақты сипаттамасы.
Далалықтардың соғыс өнерін ат-көліксіз елестету мүмкін емес. Ұлы далада атсыз азамат − мүсәпір. Соғыс аты дегеніміз - көкпарға үйретілген ат сияқты болған. Мысалы, соғыс кезінде шабуылға мінетін аттар тізгінмен бұрылмайтын етіп үйре - тілетін-ді. Шабуыл кезінде ат иесі жүгеннің тізгінін ердің қасына іле салып, оңға, солға, артқа, алға маневр жасап бұрып беретін бол - ған. Астындағы атын осылайша үйре - ту - дің нәтижесінде атты сарбаз алға, артқа еркін бұрылып садақпен ату - ға, қылышпен шабуға, найзамен түй - реу - ге, ат үстінен жауын жұлып алуға то - лық мүмкіндік туады.
Ғұн дәуірінен бастап жорыққа аттан - ғанда әрбір сарбаз үш-үштен сәй - гүлік атпен жүретін болған. Мы - са - лы, бір Күлтегіннің өзі тоғыз-оғыздар - мен шайқаста шабуылға үй - рет - - кен алып шабысты ақ ат, ақ азбан, аздық (аз тайпасынан алған) қара - кер, бірінен ке - йін бірін алмастырып мініп соғыс - қа - ны ту - ра - лы тас ұстынға қашап жазып қал - - ды - - руы - - ның өзі көп ақпарат беріп отыр.
Бүгінгі қазақ даласы мен байырғы көк түріктің Өтүкен мен Кейре (Кентай) жоталарының аралығында мекендеген халықтарда жылқы тым көп болған сияқты. Соның ішінде Ғобы даласы мен Кейре жотасын мекендеген тоғыз-оғыз тайпасының одағы жылқылы болған. Тоғыз-оғыздарды қол астына алған соң Бумын қаған жужандарға, Құтлұғ Елтеріс қаған Таң патшалығының қаһарлы шабуылдарына тойтарыс беріп І, ІІ Түрік қағанатын орнатты. Ұлы даланың атты сарбаздары тоқтамастан 6-7 тәулік бойы алыс жолды аттың күшімен алып тұрды. Ат үстінде 6-7 тәулік бойы жүру оңай шаруа емес. Әрбір сарбаз белін жалпақ кіселермен, белдік немесе арқан, құрлармен берік қылып таңып тастап 6-7 тәулікті шаршамай артқа тастайтын болған. Осылай далалық армия ойламаған жерден жауларының сыртын орап шығып, сансоқтыру, қоршауға алу, алдап соғу, із кесу сияқты тактикаларының барлығы аттың күшімен жасап келді.
Әр сарбаз ерінің артқы қасына өңгере орналастырған су өтпейтін тері қоржындармен жабдықталған. Онда кептірілген құрт, ірімшік, талқан, құрғақ сүт салынған.
Жорық жолында алып дариялар мен өзендер тап болғанда қалқыма тұлым қайық пайдаланатын болған. Тайдың, серкенің терісін бітеу сойып, илеп былғары дәрежесіне жеткізіп оны тұлымдап тігіп, ішін ауамен толтырып қалқыма тұлым қайық жасайтын болған. Сол тұлым қайыққа киім-кешегін, қоржынын салып, жетек аттарына бекемдеп тіркеп, өздері үстіне отырып немесе аттарының құйрығынан ұстап ұлы дарияларды кесіп өтеді. Аялдайтын болса, ұлы қолдың қонысын шеңбер тәріздес етіп орналастырып, шеңбердің ортасына армияның орталық аппаратын, қолбасшыларын, шаруашылық мүлкін орналастырып, әскерлерден бірнеше қабат қоршау жасақтап қауіпсіздігін сақтайды. Бұл шеңбер қонысты байырғы түріктер eb деп атаса, моңғолдар Курен деп атаған. Ежелгі және ерте орта ғасыр - дағы Ұлы далалықтардың әскери бірнеше тактикасын сөз етсек:
1. Жауына психологиялық үрей тудыру. Ондаған, жүздеген дабыл, даңғараларды ұрғылап өз армиясын жүректендірумен қатар жауын үрейлендіріп сес көрсету, мыңдаған ысқырма оқ атқылап үрей туғызу.
2. Қаша соғып қақпанға түсіру.
3. Қаша соғысып, жаудың сілесін қатыру.
4. Далалықтар соғыс алаңын жыл - дам ауыстырып, ыңғайлы орыннан жаңбырша оқ жаудырып ес- - ақылын алу.
5. Жеңілген жаудың ізіне түсіп қуалап, жау қолын кепілдікке алу.
6. Жау қолына бұрғылай кіріп опыра шабуылдау.
7. Итшілеу.
8. Жұлдыз шашу.
9. Бөрі бүлкек сияқты тактикаларды қолданған.
Солардың бірлі-жарымына түсінік берсек: жұлдыз шашу тактикасын қолданғанда қоян-қолтық шабуыл жасап, жан алысып, жан берісіп жатқан кезде, далалықтардың әлсіреуі байқалса дабылдың үні, тудың қозғалысымен орталық командадан белгі беріледі. Сол кезде сілкілесіп жатқан қол аспандағы жұл - дыздай жан-жаққа шашылып сыты - лып қашады. Жау жағының біразы артынан қайсысын қуарын біл - мей мәңгіріп қалса, біразы бытырай қашқандардың артынан бытырай қуады. Осы кезде дабылдың үні, ту - дың қозғалысымен әскерлерін дала - лықтар бір жерге топтастырып үл - ге - реді де, артынан бытырай қуып келе жатқан жау қолына бірік - кен түрде ауыр соққы беріп, талқандайды.
Бөрі бүлкек тактикасы бойынша артынан қуып келе жатқан жауларынан тым алыстап кетпей, қарасын көрсете қашып отырып, олардың дымын құртып шашыратып барып қайтарма шабуылдап соққы береді.
Азиялық көшпенділер соғыс тактикасын жоқтан бар қылып ойдан жасап шықпаған. Даланың ең ақылды жыртқышы, ең батыл айлакер аңы қасқырдан алған. Нақтылап айтсақ, бөрілердің шабуылын, адаммен қатынасын, психологиясын ондаған мың жылдар бойы зерттеп, танып біліп меңгерген. Нәтижесінде, қасқырлардың адам атты пендеден қорғана, көшпелілердің тән азығын қандай жолмен, қандай тактика қолдана отырып, тартып алу әдіс-айласын далалықтар өздерінің соғыс тактикасына шебер қолдана білген.
2.Антикалық аңыздар соғыс өнеріне қатысты далалықтардың жинаған мол тәжірибесі мен дәстүрі, дала заңдары.
Далалық әскери жүйе қола ғасыры кезінде - адамдар жылқыны қолға үйретіп, Еуразия кеңістігін игере бастаған кезеңнен бастап, от қару пайда болып, жаппай тарағанша үстемдік етті. Егер далалық әсери жүйені б.з.д. І мыңжылдықта қалыптаса бастады деп есептейтін болсақ, онда қазақтың қолбасшылық мектебінің алғашқы сатысы сақ заманынан басталатыны заңдылық. Оған тарих куә. Сақтар жарты әлемді жаулаған парсы патшалары Кир мен Дарийдің әскерін талқандап, ұлы қолбасшы Александр Македонскийдің әскерін тоқтатқан. Сол кезде сақ қолбасшыларының қандай ұрыс тәсілін қолданғанын және сақтардың жауынгерлігі туралы б.з.д. ІV ғасырда өмір сүрген тарихтың атасы атанған Геродот тәптіштеп тұрып өзінің Тарих деген еңбегінде жазып қалдырған. Сақтар әлемдегі ең маңызды өнерді игерген, олар еліне келген жауды талқандамай қоймайды, - деп біздің бабаларымыздың әскери өнеріне үлкен баға берген. Сонымен қатар Геродот сақтардың жауынгерлік мектебінен көрші елдердің патшалары да өткені туралы айтады. Ол Мидия патшасы Киаксар өз балаларына ат мініп, садақ таруды үйрету үшін арнайы сақ жауынгерлерін жалдаған деп көрсеткен.
Хандық дәуір өтіп, қазақ халқының басынан бақ кетсе де өздеріне кезеңген отқарудың қаһарынан бұқпаған қазақ қолбасшылары заманауи қарумен қаруланған жауға қарсы жаңа соғыс тәсілдерін тауып, айбынын асырып отырды. Мысалы Ш. Уәлиханов қазақтың батырларын тек ұрыс ісін білетін адам ғана емес, сонымен бірге жаудың мінез-құлқын жіті танитын психолог ретінде де көрсетеді. Бірде, атақты қорама мылтықпен қаруланған қалмақ мергені үңгірдің аузында бекініп алып бірнеше қазақ батырын жер қаптырады. Қалмаққа қарсы шығуға енді ешкімнің жүрегі дауаламай тұрған кезде Елшібек деген батыр жорға атын ойнақтатып, асықпай майда желіп шығып, мергенге жақындай түседі. Қалмақ мергенінің оғына ұшатын болды-ау деп тұрғанда Елшібек қалмақ мергеніне ұмтыла шабады. Қалмақ пілтені басқанда мылтығы бірден атылмай, екінші рет басқанша Елшібек оны шауып өлтіреді. Артынан серіктері одан неге асықпай шаптың деп сұрағанда ол: "Қалмақ атыма қызығып, оны жаралап алмау үшін мені жақындата түскісі келді. Ал менің ойым, оған жеткенше пілтесін көбірек күл шалып, мылтығы бірден атылмаса екен дедім", - деп жауап беріпті. Қазақтың әскери-қолбасшылық мектебінің деңгейі халық тарапынан сол заманда-ақ өз бағасын алып отырды. Қазақтар небір ұрыс жүргізудің тактикалық тәсілдерге соны ұтымды қолданған батырлардың атымен атайтын болған. Мысалы, Абылай Бұқар жыраудан өз батырларының жағдайын сұрағанда: "Жанатай Талқы арқылы өтеді, Бөгенбай Құлжандап өтеді, ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz