Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер


Қазақстан Республикасының «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң серiктестiк атауын, сондай- ақ «жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк» деген сөздердi немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиiс фирмалық атауы болады.
Қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктiң фирмалық атауында тиiсiнше «қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиiс.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң орналасқан жерi деп оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi танылады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк өзi орналасқан жерден тыс жерлерде филиалдар құрып, өкiлдiктер ашуға құқылы. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серiктестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзумен аяқталады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтай шарты:
құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс.
жазбаша нысанда
әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жасалады.
Құрылтайшылар қатарына кiретiн заңды тұлғаларды олардың тиiстi заңды тұлға атынан сенiмхатсыз әрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкiн. Шартқа қол қоюдан бас тарту серiктестiкке кiруден бас тартуды бiлдiредi. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берiлмейдi. Серiктестiктiң жекелеген қатысушылары мәртебесiнiң ерекшелiктерi барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтiнiнде көрсетiлуге тиiс. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиiс.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысы серiктестiктiң заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн белгiлейтiн құжат болып табылады.
Серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде оның жарғысы құрылтай құжаты ретiнде қаралады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғысында:
- серiктестiктiң фирмалық атауы, орналасқан жерi мен мекен-жайы;
- серiктестiкке қатысушылардың олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi көрсетiлген тiзбесi;
- серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;
- серiктестiк органдарын құру тәртiбi мен олардың құзыретi;
- серiктестiктi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату ережелерi;
- серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
- серiктестiкке қатысушыларға және үлестердi сатып алушыларға серiктестiктiң қызметi туралы ақпаратты ұсыну тәртiбi және мерзiмi;
- серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi болуға тиiс.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа ережелер де болуы мүмкiн.
Серiктестiктiң жарғысында оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi мүмкiн. Серiктестiктiң нотариат куәландырған жарғысында даналары, сондай-ақ оның кейiнгi өзгерiстерi туралы барлық құжаттар серiктестiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған органда сақталады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталы
Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшерi құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнгi айлық жүз есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне бара-бар сомадан кем болмауы керек. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанының бір түрі болып табылады. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жалғыз қатысушы ретiнде бiр адамнан тұратын басқа шаруашылық серiктестiгi бола алмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында оның қызметінің мәні мен мақсаты көзделуі мүмкін.
Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді, мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органға құрылтай шартын табыс ету талап етілмейді. Құрылтай шартының талаптары осы шартқа қол қойған құрылтайшылар үшін, сондай-ақ серіктестік құрылып, тіркелгеннен кейін оған кірген жаңа қатысушылар үшін міндетті болып табылады, жазбаша нысанда жасалады және нотариалды куәландырылады. Шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мәртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мәтінінде көрсетілуге тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат болып табылады және нотариалды куәландыруға жатады.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz