Әл-Фараби және ислам мәдениетінің философиялық дәстүрлері: перипатетизм мен аверроизмнің қалыптасуы мен ықпалы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Начало формы

Конец формы

Əл Фараби жəн ислам мəдениеті - ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі - ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы - Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:

  • Ислам мəдентетінің классикалық кезеңі (8 - 15 ғасырлар) ;
  • кейінгі (15 - 19 ғасырлар)
  • қазіргі заман (19 ғасыр - 20 ғасырлардың 2-жартысы) .

Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушджәне т. б. ұстанған.

«Дін - бәрі үшін Ең Бастының жазмышы арқылы алдын ала айкындалған көзқарас пен іс-қимыл Діннің арқасында бәрі өз бойларында үяланған мақсатқа жетеді…» …Ол сөйтіп, Құдай адам бойына белгілі бір мақсатты ұялатты және өзінің барлық іс-әрекетінін барысында ол оның парасат пен парасатты шығармашылық екенін дәлелдеді деп тұжырымдады. Адам адами мәнді ғылым, философия, поэзия, музыка арқылы іске асырды. Адам мақсатын әл-Фараби Жаратушыдан берілген шығармашылық әрекеттен көрді». Шынтуайтына жүгіентін болсақ ойшыл ұғымын кәміл меңгеру үшін Теология өнерін /Синаат уль-калам/ тану бағытына иек артқан дұрыс, сонда барып діни танымымыз кемелдене түседі. Діни ұғымды тереңдету үшін юриспруденцияның да /фикх/ да рөлі өте зор. Фикхтың бұлтартпайтын көңілге сиярлық дәлелдеріне түсіндірме жасау факихке /заңгер/ жүктеледі.

«Әл-Фараби дін философиядан кейін, ал қалам мен мұсылман құқы діннен кейін пайда болады деп санайды. Философия мен діннің кайсысының екінші пайда болғаны әл-Фараби үшін маңызды болып көрінеді. Кейде дін мен фәлсафаның бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары бар. Ол жөнінде Әбу Наср діни шарттылықтар философтардың көмегімен зерделенетін ұтымды тұжырымдамалар легі екенін нақтылайды. Дегенмен мутакаллимдер мен мутазилиттер тұжырымдамаларын да қарастырып қойғанымыз дұрыс.

Перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т. б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді.

Начало формы

Конец формы

Аверроизм - орта ғасыр философиясындағы бағыт, негізін қалаған - 12 ғасырдағы араб ойшылы Ибн Рушд (Аверроэс) .

Аверроэсқа ескерткіш Кордовта

Аверроизм Ибн Рушд аристотелизмінің материалистік тенденциясын - дүниені мәңгі екенін (демек, құдай жаратпағанын), жанның өлетінін дәлелдейтін, ақиқаттың екі жақтылығы жайындағы теорияны, білімді діни сенімнен, философияны теологиядан бөліп, тіпті оларды қарама-қарсы қоятын идея ойлап шығарды. Сөйтіп, Энгельстің айтуы бойынша, Аверроизм теологияға қарсы "ұшқыр, еркін ойдың" нышанын білдірді, ол нышан арабтардан роман халықтарына ауысып, 18 ғ. материализмнің тууына көп әсер етті.
Ибн Рушдтың шығармаларын латын тіліне аудару арқылы Аверроизм Батыс Еуропағатаралды. Онда Аверроизмнің басты өкілі Сигер Брабантский болды. Фома Аквинский өзінің "Аверроизмге қарсы сананың біртұтастығы жайында" деген шығармасында С. Брабанскийді сынға алады. Католиктік шіркеудің қудалауына қарамастан, Аверроизм философиясының Еуропа елдеріне ықпалы әлсіремеді. Италияда Аверроизм ықпалы 16 ғасырға дейін сақталды. Аверроизм әсіресе дәрігерлер арасында көп таралып, қайта өркендеу дәуіріне дейін өмір сүрді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фараби: өмірі, философиялық көзқарастары және шығыстық перипатетизм
Әл-Фараби және ислам: сенім принциптері мен философиялық жүйе
Әл-Фараби: философиялық мұра және педагогикаға ықпалы
Әбу Насыр әл-Фараби: өмірі, шығармашылығы және Орталық Азия мен ислам философиясына ықпалы
Ортағасырлық мұсылмандық Шығыстың философиялық дәстүрлері мен ғылыми ықпалы
Әл-Фараби және Орта Азиядағы Шығыс Ренессансы: перипатетика мен сопылықтың түркі-ислам мәдениеттегі ықпалы
Әбу Насыр Әл-Фараби: өмірі, философиялық ілімі және Абай шығармашылығына ықпалы
Әл-Фараби: түркі және ислам өркениетінің ойшылы және оның ғылыми-философиялық мұрасы
Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни және Махмұд Қашқари: қазақ мәдениетінің қалыптасуы мен өрлеуіндегі рөлдері
Әбу Насыр әл-Фараби: өмірбаяны мен ғылыми-философиялық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz