Мемлекет және оның ерекшеліктері, функциялары, типологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
№1 Аралық бақылау
Тақырып: Мемлекет және оның ерекшеліктері, функциялары, типологиясы
Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз - бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс. Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс. Мемлекет және құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы, Рим құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап, басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империяны франктер басып, өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византияда император Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір біріне сәйкес болған жоқ. Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.
Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты - бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті - бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осындай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді, топтар жөне таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекеттің алдында мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан - таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттерді марксизм құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бұл мемлекеттерде құл иеленушілік қарым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді, мемлекеттерді туғызған басқа жағдай - географиялық жағдайлар мен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде - Ніл езенімен байланысты жер суару жұмыстары). Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпенен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияларға марксизм құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық-қоғамдық формациямен тығыз байланыста дамуға тиісті.
Бұлардан басқа марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан құл иеленушілік қоғам арасындағы, құл иеленушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазиялық пен социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ, бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типтеріне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың XX ғасырда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың пайда болуы
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Мемлекет типологиясы: ұғымы мен тәсілдері
Саяси сана туралы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Мемлекет және жеке адам арасындағы жауапкершіліктері
Құқық және заң аналогиясы
Мемлекет нысанының түсінігі
Пәндер