Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретінде ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Жердің өндіріс құралы және жылжымайтын мүлік ретінде ерекшеліктері

Орындаған:Шектібай Олжас Асқарұлы
Кадастр 6-группа

Алматы 2020

Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар - дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал - жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.
Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар, қоғамының және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады.
Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары - ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары - ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар - экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.
Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:
- жер беті ретінде
- экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде
Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану мүмкіндіктері:

Өндеу
Қазба түрінде
Орналасқан орын
- Ауыл шаруашылығы;
- Орман шаруашылығы.
- Жер асты байлықтарын пайдалану,
- энергетика өндірісі,
- балық аулауда.
- тұрғын үй құрлысы,
- жол байланысы жүйесі,
- демалыс орындары,
- кәсіпорындар.

Жерді пайдалану -- қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылжымайтын мүліктің негізгі нысандары
Жерді бағалау
Жылжымайтын мүлік нарығы
Жерді экономикалық бағалау әдістері және оның негізгі принциптері
Жер кадастрының теориялық негізі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫ
Жерлерді кадастрлық бағалау
Тараз қаласының жерлерін кадастрлық бағалау жүргізу
Жерге орналастыру жұмыстары
Жылжымайтын мүлікті бағалаудың әлемдегі қалыптасқан әдістері
Пәндер