Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Туризм 19643
Орындаған: Калаева Айгерим
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Мұражай, музей, - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: "коллекция - шашыранды заттарды бір топқа біріктіру" деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи мұражайлар 16 - 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 жылы Германияда өнер мұражайлары құрылды. 1811 жылы Ресейде - Феодосияда, 1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи мұражайлар құрылды. 19 ғасырда этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық мұражайлар құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану мұражайы, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық мұражайлар. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық мұражайлар Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланд, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты.
Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи мұражайлар (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер мұражайы (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ``жаратылыстану мұражайы'' (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық мұражайлар (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ``кешенді мұражай'' (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетанумұражайы), мемориалдық мұражай (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған мұражай). мұражай ісінің негізгі бағыттары - мұражай мұраларын (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, мұражайдың кадрлық жүйесін жетілдіру. мұражай жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, мұражайлық басылымдар шығару, т.б. жатады. Мысалы, Қазақстандық мұражайларда кейінгі жылдары 20 мыңнан астам көрмелер мен дәрістер өткізілді
Мұражайлардың қор жинақтау жұмысында далалық экспед., ғылыми институттармен бірлескен жұмыстардың нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. - 3, 1927 ж. - 6, 1937 ж. - 19, 1939 ж. - 25, 1970 ж. - 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражай саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік мұражай (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер мұражайы (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар мұражайы (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), "М. Әуезов үйі" ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық "Музейлер ассоциациясы" құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, "Музеон" журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның "Музеум" журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Мұражайлар Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. - 29 мемлекет, 1950 ж. - 43 мемлекет, 1977 ж. - 109 мемлекет, 1999 ж. - 135 мемлекет мұражайлары мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап "Қазақстан музейлері" журналы шыға бастады.[[4]] 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ``Халықаралық мұражай күні'' болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражай қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде
Қазақстан бүгінгі таңда әлемдегі бірегей минералды-шикізат базасы бар мемлекеттердің бірі болып табылады. Әлемдік тау-кен өндіру өнеркәсібіне шолу жасалына отырып, Қазақстанда минералдық шикізаттың 55 түрінен (соның ішінде металлдың 29 түрі) 39 түрі (металлдың 29 түрі) өндірілетіндігі дәлелденді. Минералды шикізаттардың көптеген түрлерінің сапасы мен саны бойынша республиканың көрсеткіштері орта әлемдік көрсеткіштерден де асады. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы өзіндік коллекцияларын қалыптастырған геологиялық ғылымның дамуына және әртүрлі геологиялық мекемелер санының өсуіне септігін тигізді. Бүгінгі таңда Ресей мен әлемдегі көптеген геологиялық (одан да басқа) мұражайлардағы экспозициялар бұйымдарының отаны Қазақстанның бай жері болып есептелінетін жәдігерлер болып табылады. Атап айтсақ, олар - Жезқазғанның өзіне тән мысының керемет дендриттері, Ақтастың тау-кен хрусталінің үгінділері, Ақшатау пириттерінің кубы, Алтын-Төбе диоптаздың бірегей кристаллдары, Жезді Алтай мен Орталық Қазақстанның яшма тастары және басқа да пайдалы қазбалары. 2015 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің базасында геологиялық мұражай ашылды.
Мұражай руда мен минералдардың үздік үлгілерінен тұратын керемет коллекциялық материалдар негізінде жасалған. Геологиялық мұражай қорында минералдардың, тау жыныстары мен руда түрлерінің 400-дей үлгісі бар. Мұражайда Қазақстандағы пайдалы қазбалар кен орындарының әр түрлі бөлімдерінен тұратын геологиялық картаның 11 түрі көрсетілген. Дәл осы дәрісханада көптеген геологиялық үдерістерді түсіндіретін макеттер, плакаттар, карталар, суреттер бар.
Геологиялық мұражайдың қызметкерлері үнемі руда мен минералдардың коллекцияларын жандандырып, толықтырып отырады. Минералды коллекциялардың сөрелерінде Жер шарындағы геологиялық әртүрлілік пен тастардың сұлулығы және Жезқазған-Ұлытау аймағының бай жер қойнауы туралы түсінік беретін минералдар мен рудалардың әсерлі үлгілері бар. Минералды коллекциялардың соңғы сөрелерінде қазақстандық агаттардың бірегей коллекциялары бар. Дәрісхана тумбаларында әр түрлі кен орындарындағы рудалар мен минералдардың ірі габаритті үлгілері көрсетілген.
Геологиялық мұражай - Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының ғылыми-зерттеу бөлімдерінің бірі. 1942 жылы Сәтбаевтың тікелей басшылығымен, қалауымен құрылған бұл мұражай - ұлы ғалымның келер ұрпаққа тастап кеткен, ғасырлар арасын жалғастырар асыл мұрасы. Бұқара қауымға геология ілімін насихаттап, жас ұрпақты Жер қойнауының құпиясын сезіп-білуге жетелеу - мұражайдың мәдени және ағарту қызметі болса, өндірістік игеру барысында жоғала бастаған минералдар мен тау жыныстарының үлгілерін сақтау - мұражайдың ғылыми маңызы мен мәні. 60 мыңға жуық экспонаттар геологияның негізгі салалары палеонтология, стратиграфия, интрузивтік кешендер, минералогия, кен орындары бойынша ғылым жүйемен сараланып қойылған.
Техниканың дамуына байланысты кендерді қайта зерттеу барысында мұражай коллекциялары ғылыми деректер көзі болып отыр. Мұражайдың осы қалыптасқан ғылыми бағыты мен бағдарын анықтауда үлкен бастаманың басы-қасында ұлы ғалымның әріптестері Н.Г.Кассин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев және тағы басқалары ғалымдар тұрды. Осыдан да мұражайдағы әрбір бөлімнің қалыптасуы сол ғалымдардың ғылым қызметімен, республиканың жер қойнауын зерттеу және игеру тарихымен сабақтас болып келеді. Мұражайдың ең бір құнды әрі бай бөлімі Қазақстанның минерагениясын толығымен сипаттайды. Бұл бөлімнің алғашқы экспозициялары Сәтбаевтың 1935-38 жылы аралығында Жезқазған бойынша жинақтаған коллекцияларынан басталады. Жезқазғанда мыс бар екендігі ерте заманнан белгілі болғанымен, кендердің шын мәніндегі құндылығын, келемділігін анықтап, баға берген - Сәтбаев.
Тау жыныстарының және әр түрлі кезеңдерде қалыптасқан кентастар мен минералдардың теңдесі жоқ коллекциялары бұл кенді толық сипаттап, ұзақ жылдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. Сондықтан академиктің ғылыми тұңғыш жұмысы болып есептелетін Үлкен Жезқазған коллекцияларында осы күнге дейін ғалымның қолтаңбасы, көңіл-күйі, арман-тілегі көрініс тапкан. Ал мұражай сөрелеріндегі Жезді мен Найзатас кендерінен алынған браунит үлгілері (марганец кентасы) соғыстың жай-күйін жеткізіп тұрғанымен, сол қиын да қыспақ заманда Сәтбаев басқарған геологтар тобының абыройы мен жеңіс үшін еткен қажымас еңбектерінің куәсіндей болып есептеледі. Жиі ұйымдастырылып тұратын уақытша немесе тұрақты көрмелер мамандардың ғана емес, халықтың да қалауынан шығады. Тылым мен мәдениетті біріктірген бұл мұражай келер ғасырда қоғам игілігіне әлі де ұзақ уақыт қызмет етпек.
Мұражай шахталық клеткадан жасалған лифтісімен ерекшеленеді. Лифтіден түскен кезде, өзіңді нағыз шахтаға кіргендей сезінесің. Түрлі дыбыстар мен қағыстар мұражайдың көркін келтіреді, неше түрлі тастар, тастардан жасалған әшекейлер назар аудартпай қоймайды. Ал дыбыстық эффектілер, рельстердің қозғалысы мұражайға кіргенде-ақ байқалады.
Мұражайдың бастапқы кіші бөлмесінде Қазақстанның рельефтік картасын көруге болады. Картада Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі пайдалы қазбалардың орналасуын электронды батырмалардың көмегімен анықтауға болады. Ал сол картаның сол жағында ұлы геолог Қаныш Имантайұлының ескерткішін байқауға болады. Мұражайда кіші бөлмеден кейін, басты үлкен бөлмесінде минералдық галерея орналасқан. Минералдық тастардың классификациялары қатарын байқауға болады. Оның ішінде сульфидттер, алтын, күміс тастар және Қазақстандық алмаздарды көруге болады.
Малахит тастарында түрлі мозаикалы суреттердің қалыптасуы, гипс тастардың арқасында табиғи тас гүлдердің қалыптасуы қандай ғажап! Кейбір минералдық тастардың өзіндік тарихы бар екен. Мысалы, ұлы француз минералогы Гаюидің 1780 жылы тапқан ерекше жаңа минерал тастар ретінде көптеген ғалымдар неше түрлі атаулар берген. Санкт-Петербургта ерекше ықыласқа бөленген бұл тастар, кейін Индияда Ашэр саудагер изумруд атауын берген, аңыз бойынша бұл саудагерді кейін дарға асқан. Содан кейін бұл тастардың екі атауы пайда болды. Бірінші атауы саудагерге қандай да бір байланыс болғандықтан соның атынан аширид деп атаған, ал екінші атауы құрылысына байланысты диаптас делінген. Өзіндік әдемілігімен ерекшеленетін жарқыраған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық барлау институты
Мұражайдың шығу тарихы
Балалар мұражайлары
Өлкетану жұмыстары
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Өлкетану үйірмесі
Әлемнің ірі мұражайлары
Тауларда климат қатаңырақ
ҚазҰТУ-дың шаңырақ көтеруі – 1934-1960 жж. Қазақтың тау-кен металлургиялық институты (қазткми)
Музей түсінігі
Пәндер