Жүктіліктің физиологиясы. Жүктілікті диагностикалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №3
Жүктіліктің физиологиясы. Жүктілікті диагностикалау.
Оқушы білу керек:
-жүктіліктің физиологиясы туралы түсінік.
-жүктіліктің диагностикалау
-жүктіліктің қауіпті кезеңдері.
-жүктіліктің ерте мерзімін анықтау әдістері.
-қауіп-қатерлі факторлар.
-перинатальдық скрининг әдістері.

Тапсырма сұрақтары

1.Аналық және аталық клеткалардың құрылымы,ұрықтану дегеніміз не?
Аталық жыныс клеткалары - сперматозоиттар деп аталады. Спермотозоиттың бас жағында ядро және акросом орналасқан. Хромосомдар ядроның ішінде орналасқан. Хромосмдар ұрпаққа берілетін белгілері тасымалдайды. Акросомда аналық жұмыртқа клеткаларының қабықшаларын ерітетін ферменттер болады. Сперматогенез төрт кезеңге бөлінеді:
1) көбею
2) өсу
3) жетілу
4) қалыптасу
1. Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар деп аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді. Сперматогониялардың бірнеше типі анықталған: А‐1 (күңгірт), А‐2 (ақшыл) жəне В‐типі. А‐1 бағаналы клеткалар, А‐2 жартылай бағаналы. А‐1 клеткалар өте сирек бөлінеді де А‐2 клеткаларға айналады. А‐2 клеткалардың бірнеше рет бөлінуі соңында В клеткалар пайда болады. Бөлінетін В‐клеткалар клон құрайды, оның клеткалары əдетте сперматид сатысына дейін цитоплазмалық дəнекерліктермен өзара байланысқан күйінде қалады. Синцитиалдық байланыс бір жағынан клон клеткаларының синхронды дамуын, екінші жағынан олардың гетерогенділігі мен полиморфизмін қамтамасыз етеді, осыдан олардың өмірге қабілеттілігін арттырады.
2. Өсу кезеңінде жыныстық клеткалар бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядроларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға əсер етеді.
3. Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздың бірінші бөлінуі екінші реттік сперматоцитті құрады. Екінші бөлінуінен кейін сперматидтер құрылады. Мейоз бөлінуі нəтижесінде хромосомдардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматидтің ядросы гаплоидты болады.
4. Қалыптасу немесе спермиогенез кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады. Клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар клеткалардың бір шетіне орналасады. Оған қарама‐қарсы болып центриольдер шығады. Бірінші проксималды центриоль сперматозоидтың мойнында қалады. Дисталдық центриольдан құйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты клетканың үш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының аралық бөліміне митохондриялар жиналып, митохондриялық спиральді құрайды. Осы өзгерістердің нəтижесінде сперматидтен ерекше клетка сперматозоид қалыптасады.
Сүтқореқтілерде аналық бездердің сыртында бір қабатты эпителий болады. Аналық безінің негізі дәнекер ұлпалардан құралған. Эпителийдің астында фолликулдар бар. Олардан аналық жыныс клеткалар - жұмыртқалар дамиды. Фолликул д.з- сыртында фолликулды эпителиймен қоршалған бірінші реттік овоцит. Фолликулалардан жұмыртқа жасушалары дамиды. Фолликул дегеніміз сыртынан фолликулді эпителиймен қоршалған бірінші реттік ооцит. Аналық бездердің жалпы үстіңгі бетінен жатыр түтігінің шашақты шеті жауып тұрады. Толысқан организмдегі аналық бездердің бірінде ай сайын гипофиз гормонының әсерімен болашақ жұмыртқа клеткасы бар фолликул жетіледі. Фолликулды клеткалардан аналық жынысгормоны - эстроген бөлінеді. Грааф көпіршігі деп аталатын аналық жетілген фолликул бездің бетінен томпайып көріне бастайды да, сыртқы қабырғаға жұқарып жарылады.Жұмыртқа клеткасы фолликулдан сыртқа шығады. Бұл процесс овуляция деп аталады.Грааф көпіршігі -- аналық жыныс безі -- жұмыртқасындағы жарылуға дайын, пісіп жетілген көпіршікті фолликул. Грааф көпіршігінің қабырғасы -- ішінен сыртына қарай төрт қабаттан тұрады. Олар: фолликулалы қабат, шыны тәрізді жарғақ, тамырлы, талшықты қабаттар. Жетілмеген жұмыртқа клеткасы түкті воронка арқылы жатыр түтігіне түседі де, сол жерде пісіп жетіледі. Жарылған фолликулдың қуысы бірте - бірте сары клеткаларға толып, ішкі секрецияның уақытша безі сары денеге айналады. Фолликулдар мен сары денеден аналық жыныс гормондары түзіледі. Сары дене гормоны прогестерон келесі фолликулдың пісіп жетілуін тежейді де, жатырдың шырышты қабықшасын ұрықты қабылдауға дайындайды. Егер жұмыртқа клеткасы ұрықтанбаса, онда сары дене овуляциядан кейінгі 13-14 күнде гормон шығаруын тоқтатады. Сары дене ақ денеге айналады. Аналық жыныс бездерінде фолликулдардың бір шамасы жетілмей, артерикалық денешіктерге айналады. Ол процесті фолликулдардың атрезиясы дейді. Аналық жыныс бездері жамбастың кіші қуысының бүйір қабырғасындағы кішкене ойындыда бұлшықеттің үстінде жайғасқан. Бірақ аналық жыныс безінің жамбастағы орны тұрақсыз. Түрлі себептерге байланысты өзгеріп тұрады. Прогестеронның әсерінен жатырдың эндометриясы қалыңдап, ісініп, гликогенге толы клеткалар пайда болады.
Ұрықтану - екі жыныс клеткасының аталық жəне аналық клеткаларының қосылуынан тұрады. Осы екі жыныс клеткаларының қосылуы нəтижесінде зигота деп аталатын ерекше жаңа клетка пайда болады. Оның ядросында, ата‐аналарының екеуінің де тұқым қуалайтын белгілерін сақтайтын хромосомдары болады. Зигота бөліне бастайды да, содан соң көп клеткалы ұрыққа айналады. Əр түрлі жануарларда сперматозоидтар жұмыртқа клеткаларының ішіне дамудың əр түрлі сатыларында енеді. Ұрықтану үш кезеңнен тұрады: 1) дистанттік кезең (алыстан бір‐біріне əсер ету); 2) контакттік кезең (жақыннан бір‐біріне əсер ету); 3) сингамия (сперматозоидтың жұмыртқаға еніп, ядроларының қосылуы).

2.Плацентаның,кіндік баудың,қағанақ суының құрылымы және функциясы
Плацентаның екі беті болады: аналық беті - децидуалды қабықшамен, ұрықтық беті - түкті хоионнан тұрады. І. Децидуалды қабықша: базалды, капсулалы бөліктерден тұрады. А) базалды бөлігі плацента құрамына кіреді, ұрықты миометрийден бөліп тұрады. Ә) капсулады бөлігі: жүктіліктің 18 -куні капсулалы бөлік жатыр қуысына енген ұрықпен бірігіп, оны жатыр қуысынан бөліп тұрады. Б) қабырғалық бөлігі мен децидуалды бөлік бездері қосылған кезде, бұл бөлік кішірейіп айырмашылық жоқ болады.
Бүрлі хорион. Үшінші қатардағы жақсы дамыған бүрлер, етті қабатына қараған жағы - бүрлі хорион құрайды, мұнда капиллярлы тамырлар көп. Бүрлер аналық тінмен қатты байланысып, олардың аралық қатынасын мықтайды. ҚЫЗМЕТІ: жүкті әйел мен ұрық арасындағы зат алмасу 3 ай плацента арқылы пассивті және активті түрде өтеді. Плацента арқылы ұрық организміне стероидты гормондар мен билирубин кеңінен өтеді. Жүктіліктің соңында жетілген плацентаның диаметрі - 20 см, салмағы - 400 -600 г.
Адамдағы плацентаның түрі гемохориалдық - ана мен бала қаны араласпайды. Ана мен бала қанын синцитий, Лангханс клеткалары, дәнекер ұлпаның стромасы, ұрық капиллярларының эндотелийі бөліп тұрады. Плацентадағы ағып өтетін вена тамырларындағы қан артериялық. Плацентада бірқатар гормондар түзіледі: хориалды гонадотропин, эстроген, прогестерон. Плацентаның әр түрлі заттарды өткізу қабілеті күшті. Әр түрлі эфирлік заттар, азот тотықтары, алкоголь, морфин, никотин, антибиотиктер, токсин, антиденелер плацента арқылы ұрық қанына өтеді.
Кіндік бау - екі артериядан, бір венадан құралған. Қанды ұрықтан плацентаға, плацентадан ұыққа жеткізеді. Кіндік бау арқылы жалпы қан ағу көлемі - 500 млмин. 1. Плацента, кіндік бауының аномалиясы (ауытқуы) А) плацента қосымша бөліктерімен. Плацентаның қосымша бөліктері, босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр қуысында қалып, қан шығынын арттыруы мүмкін. Ә) екі бөлікті плацента - екі бөліктен тұрады, арасы қан тамырлармен байланысқан. Б) терезелі плацента - бөліктері жұқарған, бүрлі хорион жоқ. В)жқұарған плацента - көлемі өте үлкен, эндометрийдің қабыну салдарынан (аборттан кейін) пайда болады.
Кіндік бау ұзындығы - 70 -80 см. А) кіндік баудың түсуі - кіндіктің қынапқа түсуі салдарынан босану кезінде нәрестенің басы оны жаншып, нәресте асфиксияға ұшырайды. Ә) кіндік баудың қысқаруы. Тұрақты қысқаруы - ұзындығы 40 см-ден кем емес. Тұрақсыз қысқаруы - ұзындығы әдеттегідей, бірақ қысқаруы мойынға немесе денеге оралуынан. Бала жолдасы плацентадан, ұрық қабықшаларынан, кіндік баудан тұрады.
Қағанақ суының маңызы. Қағанақ суы немесе амниотикалық сұйықтық ұрықты қоршап жатқан биологиялық орта. Жүктілік ағымында қағанақ суы түрлі функционалдық қызмет жасайды, ана-плацента-ұрық жүйесінің дұрыс жұмысын қалыптастырады. Қағанақ суының мөлшері жүктілік мерзіміне байланысты, мөлшері бірқалыпты емес. Мысалы: жүктіліктің 10 -аптасында қағанақ суының мөлшері - 30 мл, 13 -14 аптада - 100 мл т. б. Қағанақ суының алмасуы амнион, хорион және параплацентарлық жол арқылы болады.
Жүктіліктің басында қағанақ суы - түссіз, мөлдір сұйықтық, жүктілік барысында оның түсі, қасиеті өзгереді; ұрық терісінің май бездерінің бөлінділері, эпителийдің қабыршықтары қағанақ суына түседі, осының салдарынан оның түсі былғанады. Қағанақ суының құрамы: белок, май, микро, макроэлементтер, қант, көміртегі, гормондар, ферменттер кіреді; қан ұюына әсер ететін факторлар да бар: тромбопластин, фибринолизин және Х, ХІІІ факорлар, сонымен қатар, қағанақ суының коагуляциялық қасиеті де бар.
Қағанақ суының механикалық функциясының да маңызы зор: ұрық еркін қимылдауы үшін мүмкіндік туғызады; сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан және кіндік баудың ұрық денесі және жатыр қабырғасы аралығында басылуынан қорғайды; қағанақ қуығының төменгі полюсі бірінші кезеңнің қалыпты физиологиялық ағымда өтуіне әсер етеді.
3.Жүктіліктің критикалық кезеңдері
Жүктілік барысында дәрілік препараттарға эмбрион мен іштегі нәрестенің аса сезімтал болып келетін 3 критикалық кезіңін бөліп қарастырады:
:: I критикалық кезең (эмбрионның зат алмасупроцесі жоғарылайтын алғашқы жүктіліктің
аптасы ) - дәрілік препараттың эмбрион өліміне және түсік тастау қаупіне алып келетін тератогенді әсері.
:: II критикалық кезең ( органогенез уақыты жүктіліктің 3 - 8 апталары ) - ұрықтың даму ақауына және өліміне алып келетін токсикалық және тератогенді әсері.
:: III критикалық кезең (18 - 22-ші апталар ) - бас миының биоэлектрлік активтелуіне, перифериялық жүйке жүйесінің дамуына, гемопоэзге, эндокринді бездердің жұмысының өзгеруіне айтарлықтай өзгерістер алып келеді; андрогендердің әсерінен әйел жынысты нәрестенің жыныстық жетілуінің дамуындағы ақаулары дамиды.
4.Жүктілікпен байланысты әйел организміндегі өзгерістер
Жүкті әйел организміндегі физиологиялық өзгерістерді екі үлкен топқа бөлуге болады:
Жалпы өзгерістер.
Жыныс жүйесіндегі өзгерістер.
Жүкті әйелдің сырт бейнесі, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді; бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет, сүйек жақтары үлкейеді.
Іш үлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды, осыған байланысты әйелдің жүріс-тұрысы өзгереді, Шекспир айтқандай - "жүктілердің тәкаппар жүрісі" пайда болады. Жүктілік кезінде жамбас сүйек қосылыстарында қатты өзгерістер, әсіресе шат қосылысының жан-жаққа ажырауы байқалады. Тері қабаттары да өзгереді. Жатырдың ұлғаюына байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді. Іштің төменгі жағында, шат аймағында, жамбаста және сүт бездерінде шамадан тыс май жинала бастайды. Терінің көбірек созылған жерлерінде жүктілерге тән жолақтар, терісінде қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дақ әсіресе бетте айқын көрінеді және іштің ақ жолақтарында, емшек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармакология бойынша
Пренатальды диагностиканың әдістері
Әйелді мед
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Медициналық генетикалық кеңес беру негіздері
Медициналық көмектің сапасы
Антенаталды кезең
Адамның гендік аурулары. адамның тұқым қуалайтын ауруларына диагноз қоюдың және алдын-алудың қазіргі кездегі әдістері
Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету
Бүйректің патологиялық аурулары
Пәндер