Іскерлік жағдайды талдау, шешімді дамыту, теориялық білімдердің өз багажын пайдалану және қосымша іздеу ақпараты арқылы кәсіптік бағдарланған құзыреттілікті қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Аралық бақылау

Мақсаты: Іскерлік жағдайды талдау, шешімді дамыту, теориялық білімдердің өз багажын пайдалану және қосымша іздеу ақпараты арқылы кәсіптік бағдарланған құзыреттілікті қалыптастыру

1. Қонақ үйдің негізгі қызметтері

2. Сыртқы және ішкі қызметтерінің қызмет көрсетуі

3. Интерфейс бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Қонақ үй кәсіпорынының ұйымдастырушылық құрылымы - әрбір қонақ үй қызметтері міндеттерінен тұратын әкімшілік- иерархиялық жүйе менеджменті. Негізгі қызметтер: қонақ үй иеленуші, гендиректор, оның орындаушысы, номерлік қор директоры

Қонақ үйлік қызметтер: қонақ үй қызметтерін қамтамасыз ететін кәсіпорынның функционалдық- технологиялық құрылымы. Қонақ үй құрылымы, қызметтер құрамы, қ. үй кешенін басқаруды ұйымдастыру оның көлемі, оның ерекшеліктері, орналасқан орны т. б. факторлармен анықталады. әрбір қонақ үй кәсіпорны құрылымында негізгі қызметтер: туристерді қабылдау және орналастыру, номерлердің эксплуатациясы және қызметтерді көрсету, инженерлік- техникалық (электр энергия, санитарлық- техникалық жүйені қадағалау, жөндеу құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, байланыс жұмыстары), коммерциялық (маркетинг және жарнама бөлімдері жұмыс істейді, шаруашылық әрекет қаржыланады), әкімшілік (кадр бөлімі және хатшы қызметі қонақ үй кешенінің құжаттық және ақпаратық қамтамасыз ету) және жанама (тамақтандыру- банкетинг және сауда қызметі) мен қосымша қызметтерден (автотұрақ, кинотеатр, спорттық қызметтер, прачечная, қойма) тұрады.

Қонақ үй қызметтерін копм. басқару жүйесі ақпараттық құралдар және бағдарламалық қамтамасыз етуден арқылы құрады. Қонақ үй индустриясы - қонақ үй мүлігін басқару жүйесі (PMS- Property Management System) және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары (RMS- Restaurant MS) жүйелерін қолданады.

Қонақ үй мүлігін басқару жүйесі (PMS) - үш негізгі сегменттер қонақ үй цикліне қызмет көрсететін компьютерлік жүйе. Олар сырты және ішкі қызметтермен, интерфейстерді бағдарламалық қамтамасыз ету.

1. 1. Сыртқы қызметтерге қызмет көрсету - 4 жалпы бағдарламалық модульдер:

  1. номерлік фондты басқару,
  2. брондау,
  3. клиенттермен есеп,
  4. жалпы басқарудан тұратын қонақ үй мүлкін басқару жүйесі.
  1. Номерлік фондты басқару- қонақ үй мүлкін басқару жүйесіндегі бағдарламалық модуль. Номерлік қордағы әрбір номер ақпаратын құпияда сақтау, жүктемеге бақылау жүргізу, тазалықты қадағалау және басқа да туристерді маршрут бойынша жіберу мен саяхат соңында еліне қайтаруды қамтамасыз ету арқылы қонақ үй қызметтері кезіндегі шиеленістерді болдырмау және шешу жолдары операциялары. Аталмыш модулдің құрамдас элементі кілттердің электрондық сақталуы номерлік қор қозғалысының ақпараттық таблосы болып табылады. Номерлік қор қонақ үй шаруашылығының көп бөлігін алып қоймай, табыс үлесін береді. Номерлік қор құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады:
  • Фронт - офис не портье қызметі - қабылдау және орналастыру. Қызметі, клиенттермен есеп жүргізу, брондау бөлімі және түнгі аудиторлар; Бұл қызмет арқылы өтетін ақпараттар екі бағытта - қонақтарға және қонақ үйдің түрлі бөлімшелеріне жылжиды.
  • Горничный және номерлерді тазалау; үш негізгі тазалық түрі бойынша жүргізіледі.
  • Консъерж, жүргізуші, қорғау қызметі (төтенше жағдайларға дайындық процедурасын өңдеу, қонақ үй бөлмелерінің күнделікті қауіпсіздігін қадағалау, сигнализация жүйесі, территорияны бақылау), коридордағы қызметтерді біріктіретін сервис қызметтері (гардеробшы, тасымалшы, швейцар) .
  1. Брондау - қонақ үйді жалпы брондау жүйесі шеңберіндегі уақытқа бағынышты «келісім/бас тарту» режімінде жұмыс жасайтын бағдарламалық модуль. Резервтеу бөлімі- номерлік қор қызметі бөлімінің бірі. Номерлерді брондау орталық компьютерлік резервтеу жүйесі арқылы не қонақ үйдің сауда өкілдерімен жүзеге асыр. Сонымен бірге П. К. Форстер зертеулеріне сәйкес номерлік қор қызметінен түсетін таза пайда үлесі жалпы таза пайда көлемінің 73. 4 % құр. Қонақ үй көлеміне қарамастан, номерлік қор құрылымы және оның қызмет қағидалары бірдей.
  2. Клиенттермен есеп - қонақ үй клиентерімен есеп жүргізуді жоғарлатады және аудиторлық жұмыс жүргізуді жеңілдетеді. Клиенттер есебі электрондық жүйе арқылы карточкалық жүйені құру және чектік кассаларды ұстау қажеттілктерін жоғалтады. Модуль барлық операциялар көлемі бойынша келісілген жеңілдіктер мен несиелерді автоматты бақылау және алдын ала төлем туралы ақпарат беру.
  3. Жалпы басқарудан - басқару үшін қажетті есепдер мен анықтамаларды құрады және ішкі және сыртқы PMS сегменттері арасындағы интерфейстерді жүзеге асырады.

Қонак үйлердегі қызмет түрлері үйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, Нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т. б. факторларға қатысты негізгі кызмет түрлері:

- әкімшілік басқару қызметі;

- қабылдау және орналастыру қызметі;

- нөмірлік қор қызметі;

- қоғамдық тамақтандыру;

- коммерциялық;

-инженерлік-техникалык;

- қосымша және көмекші қызмет.

Әкімшілік қызмет міндеттеріне қонақ үй кешеніндегі барлық бөлім қызметіне жауапты. Қаржы мамандармен қамтамасыз ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеуге жағдай жасау, еңбек ережесін сақтау, қауіпсіздікті сақтау, өрттен сақтану және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды камтамасыз етеді. Қызмет құрамы: хатшы, кадр, қаржы, инспекторлар (өртке карсы кауіпсіздік, техникалық кауіпсіздік) .

Қабылдау және орналастыру қызметі жататын орынды брондау, конақтарды қабылдау, тіркеу, бөлмелерге орналастыру, жатын орындарында, бөлмелерде қызмет ету, сонымен қатар қонақтарға үйлеріне шығарып салумен айналысады. Қызмет құрамында: директордың орынбасары, әкімшілік кызметкерлері, портье, есептеу операторлары, төлқүжат және анықтама қызметкерлері, швейцарлар, жүк тасушылар, кауіпсіздік кызметкерлері т. б. болады.

Нөмірлік қор кызметкерлері қонақ үй тазалығынан бастап тұрмыстык қызмет керсетуді қамтамасыз етеді. Оның құрамында: менеджер, қабаттағы қызмет көрсетушілер, үй тазалаушылар, кезекшілер, кір жуу қызметкерлері.

Тамақтану қызмет орны мейрамхана, кафе, барларда презентация, банкет, тамақтануды үйымдастырады. Бұл жерлерде менеджерлерден баска асхана қызметкерлері, даяшылар, зал администраторы жұмыс істейді. Коммерциялық қызмет конақ үйдің оперативті стратегиялык жоспарлау мәселелерімен және қызмет көрсету түрін оңтайландырумен қонак үй сұранысы сараптап үнемі жүзеге асырып отырады.

Коммерциялық қызмет тобында - директор, маркетинг және жарнама қызметкерлері жұмыс істейді. Қаржы қызметі қонақ үйдің қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп, қадағалап қаржыландырып отырады. Бұл сала өте жауапты және қомақты жұмыс істейтін бөлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй ұсынатын қызметтерді талдау
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Кредиттік оқыту және қашықтықтан оқыту
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz