Сөйлеу тілін тексеруге арналған көрнекі және сөздік материалдардың мазмұны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сөйлеу тілін тексеруге арналған көрнекі және сөздік
материалдардың мазмұны.
Бастапқы кезеңде сөйлеуді дамытуды ұйымдастыру балаларға ұсынылатын сөйлеу материалының анық таңдап алынуын талап етеді. Ересектер балалармен әр түрлі заттар мен құбылыстарды талқылай отырып, күнделікті сөйлеу материалымен қоса тақырыптық лексиканы да қамтитын үлкен көлемдегі сөйлеу материалын пайдаланады. Бұл балалармен үнемі мақсатты түрде сөйлеу қарым-қатынасын талап ететін топтағы сөйлеу ортасын ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады. Алайда, арнайы жұмыс үшін сөздер мен сөз тіркестерін қатаң түрде іріктейді, себебі бір жағынан олардың қайталануын алдын ала қарастыру керек, ал екінші жағынан 2-3 жасар балалардың сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтау және қабылдау мүмкіндігі аз болады.
Сөйлеу материалының бірнеше тобын мақсатты түрде қолданылуын алдын ала қарастыру. Бұл, біріншіден, күнделікті қолданылатын сөйлеу лексикасы, ол баланың тұрмыстағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет, сондай-ақ сабақтың түрлі кезеңдерінде қолданылатын іс-шараларды ұйымдастыру кезінде керек болады. Оқытудың бастапқы кезеңінде келесі сөздер мен сөз тіркестері қолданылады: Тұрыңдар, отырыңдар, ойнаймыз, айтамыз, ..., топқа барыңдар, қараңдар, тыңдаңдар, бөгет жасамаңдар, дұрыс, дұрыс емес, жарайсың және т.б.
Екіншіден, бұл сөйлеу материалы сабақ тақырыбымен байланысты және оның мазмұнды бөлігін анықтайды. Тақырыптық сөздікті іріктеудің мақсаттылығы сабақтарды ұйымдастырудың тақырыптық принципімен байланысты, сондай-ақ тілдесу белгілі бір жағдайларда болады, және де оларда пайда болатын қажеттіліктермен негізделеді. Тұрмыстық жағдайлар мен тақырыптар бойынша топталған лексика өзара байланысты. Сол бір заттар мен құбылыстар әр түрлі тақырыптарда назардағы объектіге айналады. Сәйкесінше сөйлеу материалының қайталануы, әр түрлі тақырыпқа байланысты сөйлеу кезінде қолданылуы қамтамасыз етіледі.

Тақырыпқа байланысты бұл материалдың мағынасы келесі сабақтарда кеңейе түседі. Келешекке арналған жоспар құру кезінде сурдопедагогтар белгілі бір уақыт (ай, квартал) аралығына арналған сөйлеу материалының көлемі мен құрылымын алдын ала анықтайды.
Балалармен жұмыс істеуге арналған және қабылдауына арналған барлық сөйлеу материалдары бастапқы кезеңде алдын ала кестеге белгіленеді. Оны ауызша және жазбаша түрде ұсыну алдын ала қарастырылады, белгілі материалдың белгілі бір бөлігі балаларға экранның арғы жағында тыңдату негізінде ұсынылады.

Алдын ала іріктелген сөздік және сөз тіркестік материалдан бөлек сөздердің белгілі бір бөлігі алдын ала қарастырылмаған жағдайларға байланысты кірістірілуі мүмкін. Бұл сабаққа жоспарланбаған қонақтардың келуі, және де табиғаттағы күтпеген құбылыстар, балалардың қарым-қатынасы. Олардың кез-келген алдын ала қарастырылмаған жағдайлары жаңа сөздер мен сөйлемдердің кірістірілуімен байланысты болады, және де сабақта бірнеше рет қайталаған сөздерге қарағанда осы сөздерді балалар жылдам есінде сақтап қалады.
Сабақтың тақырыбы мен мазмұнын жоспарлай отырып, сурдопедагогтар сөйлеу материалын іріктеуді бірқатар критерийлерді негізге ала отырып орындайды.
Сөйлеу материалын іріктеудің ең маңызды критерийі - осы тақырыптың айналасында балалармен сөйлесу кезінде қажетті болуы. Осылайша, алдын ала таңдап алынған сөздер методикалық әдіс таңдауды анықтайды, ал қарым-қатынас кезіндегі жағдайлар сөйлеу құралдарын іріктеуге әсерін тигізеді. Ең бірінші сөздікке заттарды, құбылыстарды, бала тұрмыста күнде тап болатын және көп рет қайталатын іс-әрекертті білдіретін сөздер қосылады. Мысалы, Киім тақырыбындағы сөйлеу материалын жоспарлау кезінде, педагог қолданылатын киім мен онымен орындалатын іс-әрекетті қосады (көйлекті, кофтаны, сымды, күртені, құлақшынды ки немесе шеш).
Түрлі тақырыптарға байланысты лексиканы іріктеу барысында педагог сөздікке осы тақырып бойынша сөйлесу жағдайында қолдану керек болатын әр түрлі грамматикалық категориялар қосады. Олар қарым-қатынас жағдайына байланысты алынады және, сәйкесінше, сөйлеу материалының құрылымы мен мазмұнына байланысты алынады. Көбінесе назардағы объектілер заттар болғандықтан, педагог соларды көрсетуге арналған сөздерді алады. Әр түрлі тақырыптарда бірінші сабақты ұйымдастырудан бастап зат есіммен қатар етістіктерді де қосу керек. Етістіктерді түсіну және қолдануды үйрету фразалық сөйлеудің құрылуына керек. Ондай болмаған жағдайда қаншалықты көп болса да, заттық сөздіктер тілдесуді қамтамасыз ете алмайды.Тақырыпқа және коммуникативтік жағдайға байланысты балалардың сөздігіне заттың үлкендігін, түсін, дәмін сипаттайтын сын есімдер, үстеулер (дұрыс, дұрыс емес, дәмді, ...), есімдік (сен, мен, сенікі, ...), сұрақтар (бұл кім? бұл не? кімнің?... ) және тағы да басқа тілдесуді ұйымдастыруға қажетті басқа сөздер қосылады.
Балалардың сөйлеуін дамытудың бастапқы кезеңдерінде лексиканы іріктеу барысында педагог сөздердің мағыналық байланысын ескереді, себебі сөздерді белгілі бір ретпен ұсыну және олардың мағынасымен жұмыс істеу ол сөздерді қабылдауын жақсартады. Оқудың бірінші жылы сөздер көбінесе тақырыптық логикада ұсынылады, бірақ сөздердің басқа байланыстары да ескеріледі. Оқудың кезеңі мен тақырыпқа байланысты бұл сөздер мағынасы бойынша қарама-қарсы іс-әрекеттер немесе заттар ; бүтін заттың бір бөліктерін білдіретін сөздер, түбірлес сөздер болуы мүмкін. Мысалы, (аппараттарды) киіңіз-шешіңіз, тұрыңыз- отырыңыз, жақсы- жаман, иә - жоқ, үлкен - кішкентай және т.б. сөздерімен құрылған сөз тіркестерін қолдану жоспарлануы мүмкін. Оқытудың екінші жылында сөздердің мағыналық байланысы кеңейтіледі. Кейбір түрлік-түбірлік қатынаспен біріккен және өз мағынасында жалпылаудың жоғарырақ дәрежесін көрсететін сөздердің (алма, алмұрт, банан... -- жемістер)мағынасы айқындалады. Педагогтар кейбір синонимдік байланыспен байланысқан сөздерді де ұсынады (балалар, жасөспірімдер ).
Ұсынылып отырған материал тілдесу барысында қолданылуы үшін, сурдопедагогқа бұл сөздер қандай сөйлеу конструкциясында қолданылатынын анықтау керек, яғни алдын ала сөз тіркестерін табу, синагматикалық байланысын айқындау. Есту қабілеті нашар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетін жақсартудың осы әдісінің айналасында сөздердің мағынасы нақтыланады және де сөйлеу құрылымы нақтыланады. Сол себепті педагог сөйлеу құрылымын анықтап, мағынасын ашу керек деген сөздерді бөліп алады, одан кейін құрылымы қарапайым сөздерді және сөйлемдерді қайта қосады. Мысалы, баланы кесе, тәрелке сөздерімен таныстырған кезде, мұғалім осы сөздерді сөйлемдерде қолданады (Кесені ал. Тәрелкені ал). Басында бұл өте қарапайым бер, ал, ма етістіктер арқылы, кейін күрделене жағдайға қарап, ақырындап баланы іс-әрекетке ынталандыру сөздері қолданылады ( қасықты жина).Мысалы: хабарлау (қасық түсті), сұрақтар арқылы ( қасық қайда?), терістеу ( қасық жоқ).
Жұмыс барысында қолданған сөздік материлдарды балалар әр түрлі жағдайда, яғни бала-бақшада және үйде, ойын ойнағанда және т.б жерлерде қолдана алатындай болуы қажет.
Ойыншықтар деген тақырыпқа сай келетін сөздік материалдарға мысал келтіретін болсақ. Сөздік материал сөз тіркесі және сөйлем арқылы беріледі. Одан әрі өңдеуде жекеленген сөздер қолданылады.
Оқудың 1 - ші жылында (1-ші кіші топ): Қараңда, бізге кім келді?Бұл мысық. Мысық Мяу-мяу деп сөйлейді.Мысықты сипалаңдар. Мысықтың ұйқысы келді. Ұйықта, мысық. Бұл жереде тағы кім бар? Ит осында. Ит ав-ав- деп үреді. Иттің тамақ жегісі келіп тұр. Итті тамақтандыр. Ит жеп жатыр. Ит рахмет айтты. Ит жоқ. Ит қайда? Сонда.
Оқудың 2-ші жылында (кіші топ): Бізге қонақтар келді. Қарашы, кім бар. Қоян келді. Қоян Салем дейді. Қоян жүгірді. Қашты. Қоян жоқ. Мұнда тағы кім бар? Бұл түлкі. Түлкі билеп жатыр. Түлкімен биле.Түлкі Сау бол дейді. Түлкі жоқ. Осы жерде аю да бар екен. Аю топ-топ етіп жүрді. Ой, аю құлап қалды. Аюға көмектес.

Еститін балалар мен салыстырғанда есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілі дамуында жазу мен оқу сауаттылығы үрдісін жылдамдытуға дұрыс деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында мәтінді оқыту түрлері
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Оқыту процесінде қолданылатын аутентті мәтіндер
Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеудің теориялық негіздері
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
Көрнекі құралдар
Пәндер