Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттықсананың өсуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Иржанова Айдана 111 ЖМ

Тақырып №6. Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттықсананың өсуі.

1. Л. Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі

1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н. С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л. И. Брежнев, үкімет басына А. И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды.

Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді.

Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8, 4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3, 8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4, 4%-дан 1, 4%-ға дейін төмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді.

Целиноград наразылығы - 1979 жылғы 16 - 19 маусымда Целиноградқаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары. Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті.

Ауған соғысы (27. 12. 1979 - 15. 02. 1989) - КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.

Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында, КОКП ОК Саяси бюросының отыры­сын­да түбегейлі қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілген екен. Бұдан бес ай бұрын 105-әуе десанты дивизиясының 111-парашютті десант полкі Баграм қаласына барып жайғасқан болатын. Бұл Кеңес Армиясының Ауғанстанға кірген алғашқы бөлімі еді.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 1-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.

2. М. С. Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.

1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев келді.

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалыққұрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды.

Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді.

3. Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.

1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы. 1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызмет атқара жүріп, республикадағы тау - кен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы басқарған жылдары қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар - Екібастұз отын - қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС - 2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр стансысы, Павлодар трактор зауыты т. б. кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды.

Қонаев республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық көрсетті. Ол кезінде Өзбекстанға Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды, Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түркіменстанға беру жөніндегі орталықтың ұсыныс - жоспарларына қарсы шықты. Ол Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады.

Дінмұхамед Ахметұлы басшылық қызметте болған кезде Қазақстанның Кеңес Одағындағы рөлін нығайтты. Павлодар қаласын Хрущевград деп өзгертуден, Маңғыстау облысын Түркіменстанға беруден сақтап қалды. Өзбекстанға өтіп кеткен қазақ жерінің қомақты бөлігін қайтарып алуға қол жеткізді. Ақын О. Сүлейменовпен «диссидент» жасауға тырысқан «сұр кардинал» М. Сусловтың әрекетіне тосқауыл қоя білді. Қазақстан картасындағы Торғай, Жезқазған, Маңғыстау, Талдықорған сияқты жаңа облыстардың ашылуы осы кісінің еңбегімен тікелей байланысты. Оның тұсында қазақтың тұңғыш екі сериялы фильмі, 12 томдық энциклопедиясы жарыққа шығып, Алматыда ғажайып архитектуралық ансамбльдер бой көтерді. Шиырып айтсақ, күрделі, тұсаулы қиын уақытта басшы болған бұл адамның қай істе де Қазақ елінің алдында сіңірген еңбегі талассыз. Оның қызметінің нәтижелері отандастарымыздың келесі ұрпағы үшін де жемісті болатыны анық.

4. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері. Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фирманың жұмыс атқаруы макроорталығының негізгі факторлары
Фирманың жұмыс атқару микро және макро орталығының негізгі факторлары
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Маркетингтің негізгі түсініктемелері
Маркетингтің негізгі түсініктемелері. Фирманың жұмыс атқару микроортасының негізгі факторлары
Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны
Маркетингтi басқару процесi
Елдің экономикасының даму стратегиясы
1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстан экономикасындағы монополиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz