Қоғамдағы белгілі-бір өзекті тақырыпқа әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: «Тарих, этнология және археология»

Кафедрасы: «Дүние жүзі тарихы, тарихнама, деректану»

Мамандығы: «Мұрағаттану, құжаттану, құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету»

Картинки по запросу қазұу

СӨЖ

Тақырыбы: « Қоғамдағы белгілі-бір өзекті тақырыпқа әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын құру»

Орындаған: Наурызбекова Назым

Тексерген: Арын Дүйсенкүл

2020 жыл

  1. Проблемалық жағдайды анықтау: Қапшағай қаласындағы сыбайлас-жемқорлық мәселесі. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде оның саяси дамуына байланыссыз әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол ауқымдылығымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елді-мекеннің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады. Бұған мысал ретінде: қазіргі күннің өзінде мен Қапшағай қаласының қарапайым тұрғындарынан:-«ҰБТ-ны сатып алып, грантка түстім, есесіне қала рейтінгісі бойынша 2020 жылдың ең үздік түлегі атандым».

-«Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім».

-«Қызыл дипломды сатып алдым да, беделді жұмысқа орналастым. Бұдан кімге жаман болды?» деген әңгімелерді естіп жүрмін. Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті екеніне көз жеткізуге болады. Осы себептерге байланысты қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесі өзекті болып отыр.

Бұл әлеуметтік қауіпті құбылыспен күресудің өзектілігі бірқатар жағдайларға негізделгенін атап өткен жөн:

● бұл құбылыс әртүрлі жағдайларға үздіксіз өзгере және жетілдіріле отырып бейімделеді,

● бұл іс-әрекет үлкен материалдық және моральдық шығын келтіреді,

● сыбайлас жемқорлық тек жасырын сипатта ғана емес, сонымен қоса келісімді түрде жасалады, қағида бойынша ол өз артынан шағым тудырмайды, өйткені кінәлі тараптар заңсыз жасалған мәміледен өзара тиімді пайдаға ие болады;

● сыбайлас жемқорлық әрекеттер әдетте кәсіби емес адамның тексеріп қарауына қиын соғатын күрделі өзіндік және құпия мемлекеттік қызмет түрлерінде жасалады;

Осы мәселелер сыбайлас-жемқорлықтың өзектілігін одан әрі айқындай түседі. Сондықтан бұл іс-әрекеттің кең етек алып кетпеуі үшін тиісті шаралар қолдану қажет деп есептеймін. Аталмыш проблема қоғамда өзектілігімен танылумен қатар қиындығымен де қызықтылығымен де ерекшеленетіндіктен осы тақырыпты зерттеу жағдайын іске асыруды жөн көрдім.

2. Зерттеудің мақсатын анықтау: Қапшағай қаласындағы қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық мәселесінің өріс алу себептері мен оны шешу жолдарын анықтау.

3. Зерттеудің міндеттерін анықтау:

● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тізімін көрсету;

● мемлекеттік және жеке меншік бөлімдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау үрдістерін саралау;

● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мәселесіне баға беру;

●Сыбайлас жемқорлық мәселесіне қарсы күрес жүргізетін бағдарламалар мен бақылау институттарын көбірек құру туралы мәселені қарастыру;

  1. Зерттеудің объектісі-Қапшағай қаласының тұрғындары (адамдары) .
  2. Зерттеу пәні:Қапшағай қаласындағы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға және тұрғындарға тигізген әсері.
  3. Негізгі ұғымдарды талдау:Пара - белгілі бір мәселе тиімді шешілу үшін лауазымды адамға берілген ақша, бағалы қағаз, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық. ҚР қылмыстық заңы бойынша пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу (ҚР Қылмыстық кодексінің 311, 312, 313-баптары) мемлекеттiк қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар қатарына жатады. Лауазымды адам- мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам. Қылмыс- қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Жаза - сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табыладыЖауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілі.

7. Зерттеудің гипотезасы: Сыбайлас жемқорлық деңгейі өскелең ұрпақ санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру мен оны асқан жауапкершілікпен атқарудың арқасында біршама төмендеуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру - өскелең ұрпақ тәрбиесімен байланысты болғандықтан, бұл өте маңызды бағыт. Барлық білім беру деңгейлерінің оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелері енгізілген. Бұл - мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназиясында» «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Жалпы 623 оқушы іріктеліп, олар 446 шараға қатысты. Сонымен қатар, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да» тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. Тәрбиелеудің осындай нысанын енгізу оқушыларға адалдық және әділдік қағидаларын бойларына сіңіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

8. Жалпы жиынтық:

Жалпы жиынтык

9. Таңдамалы жиынтық: Есептеу бойынша 2018 жылғы статистиканы алдым. 36, 06*5/100 есептеу алгоритмі бойынша нәтижесінде динамика көрсеткіші 1, 803 пайызын қамтыды.

10. Зерттеу әдісі-сауалнама . Мен өзім тұратын Қапшағай қаласындағы 7-11 сынып мектеп оқушыларының арасында сыбайлас-жемқорлыққка қатысты мәселелер бойынша 2 түрлі сауалнама жүргіздім. Аталмыш сауалнама 7 сұрақты қамтыды. Қойылған сұрақтар қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан проблемаларды анықтайды.

1. Сіздің ойыңызша жоғары оқу орнына түсу неге байланысты?

а) білімге

ә) сәттілікке

б) ақшаға

в) танысқа

2. Мұғалімдер саған ақша үшін қосымша сабақ ұсынды ма? (иә, жоқ) .

3. Мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне сыйлық үшін ақша жинауға мәжбүр болдыңыз ма? (Иә, Жоқ) .

4. Беделді жоғары оқу орнына (мектеп, лицей) түсу және оқу мүмкіндігі үшін Сізге ақы төлеуді ұсынса қандай әрекеттерге барасыз?

А «төлеймін»

Ә «өз күшімен түсуге тырысатын боламын»

Б Оқудан оқудан бас тартамын»

В «полицияға шағым түсіремін»

5. Ауруханада сіздің жақын адамыңызды мұқият қарауға және ерекше емі үшін сізге ақы төлеуді ұсынса?

А «төлеймін»

Ә «денсаулық сақтау мекемесі қызметкерлерінің өз міндеттерін тегін орындауын талап етемін» -

Б «полицияға шағым түсіремін».

6. Сотта даулы мәселені сенің пайдана шешу үшін ақша төлетсе төлейсіз бе?

А «төлеймін»

Ә «бас тартамын, өйткені мен өзім заң күшімен қол жеткізе аламын»

Б «бас тартамын және жеңіліс тапқан жағдайда жоғары тұрған сот инстанцияларына жүгінемін»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедейлер қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі табы ретінде
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Салыстырмалы кестелердің түрлері
Жастардың әскери қызметке бейімделу ерекшеліктерін зерттеу
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ КЕДЕЙЛЕРДІ ӨЛШЕУДІҢ, САНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Әлеуметтанудағы маргиналдылық тұжырымдамасы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz