Орхон-Енисей жазбалары және қазақ ауыз әдебиетінің тарихи-мәдени негіздері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан тарихы

Археологиялық жазба мәлімметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері.

Түркі дәуіріндегі Орталық Азия халықтарының рухани мәдениетінің дамуы мен әдеби дәстүрлерінің қалыптасуы.

Археологиялық ескерткіштер -халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған қалашықтар мен қалалар, ежелгі қоныстардың қалдықтары, обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт- дәстүрлік құрылыстар, адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер, тасқа және үңірге қашап жазылған жазулар, табылған жекеленген қазбалардың орындары жатады.

Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас - Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ. ) . V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ. Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон - Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері - Орхон, Енисей, Селенгі және Талас бойы. Орхон жазуы көне түркі мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Cібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатынОрхон ескерткіштері оқиғалар мерзімі, жазу стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы - жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы, сірә, халық арасына кеңінен тараған болу керек. Күлтегін ескtрткіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі: «Түркі салқын тиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым, жаңылып кеткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдері түркінің қазіргі халқының бектері» - дейді. Шамамен VІ ғасырдың орта кезінде Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан жақсы мәлім. Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар - «Күлтегін», «Білге қаған», және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлпытастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Руна жазуындағы жәдігерліктер жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Бұларды біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсірее, көрнекті совет ғалымы И. В. Стеблеваның «VІ - VІІІ ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылады. «Сонымен қатар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Көне түркі авторлары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жырларындағыдай, болашақ жорықтарды немесе өткен оқиғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай отырып, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр арасында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісінше тусінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заңдылықты Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманың үшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпкерін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есепсіз ерліктерін сүреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тәсілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасаудағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз. »

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің тарихи-мәдени маңызы және қазақ әдебиетінің көне дәуірі
Түркілер дүниетанымы мен этногенезі: Орхон-Енисей жазбалары және мәдени-тарихи аспектілері
Ежелгі түркі әдеби ескерткіштері: Орхон-Енисей жазбалары мен қазақ әдебиетінің бастаулары (VI-XIV ғғ.)
Түркі-қазақ жазба және ауыз әдебиетінің тарихы: Орхон-Енисей ескерткіштерінен XX ғасырға дейін
Орхон-Енисей жазбалары: Күлтегін және Тоныкөк жырларының тарихи-әдеби талдауы
Орхон-Енисей ескерткіштері мен руникалық жазбалардың тарихи-мәдени маңызы
Көне түркі руна жазбалары: Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихи-лингвистикалық зерттелуі және гипербореялық шығу тегі
Түрік қағанаты: Бумын мен жужандар қақтығысы, темір өндіруі және Орхон-Енисей жазбалары
Орхон-Енісей жазба ескерткіштерінің қазақ әдебиеті мен тарихи зерттеудегі рөлі
Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштері: көне түркі жазуының тарихи-әдеби және мәдени маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz