Іс қағаздарының тарихы
Іс қағаздарының тарихы
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Іс қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор. Мемлекет, Республика, қала, аудан, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу-басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу-мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Қазақ ресми іс қағаздар тілінің тарихы тек қана ХVІІІ ғасырмен байланысты ғана шектелмейді. ХІХ ғасырда қазақ ресми іс қағаздар тіліне елеулі ерекшеліктер алып келген болатын. ХІХ ғасырда болған елеулі оқиға Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі де қазақ іс қағаздар тарихында елеулі өзгешеліктер алып келді. Бұл көтерілістің тек көркемдік әдебиет пен тарихта ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ісін қалдырғандығын Махамбет Өтемісұлының Ладыщинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына жазған хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.
Ал, ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды.
Иә, жасыратыны жоқ қазақ іс қағаздар тілінің тарихы тек қазіргі кезде ғана қолға алынып отырған жоқ. Жоғарыда аталған кезеңдерден соң, аумалы-төкпелі 1921 жылы қазақ тілінде іс жүргізу міндеттеліп, небір пәрменді шаралар белгіленіп, бұл салада әжептеуір ілгері шаруалар тындырылып келіп, ақыры аяқсыз қалғандығы жөнінде зерттеушілеріміз атап өтеді. Сөз жоқ, бұған да себептер болған. Жаппай елдегі ашаршылық, тәркілеу, қуғын - сүргін, қала берді Ұлы Отан соғысы, бертінде тың игеру жылдары бұған әсер етпей қалған жоқ.
Бертінде, дәлірек айтқанда, 1957 жылы Республика Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да шешім қабылдаған екен.
Бұл істе әуелде қызу қолға алынады да, кейіннен бәсең тартып, жетпісінші, сексенінші жылдары мүлде саябырсып кетеді.
Алайда, бүгінгі күні бұл іс қайта жанданып, бұрынғыдан да кең көлемде, кең құлашпен жүріп жатқаны айқын аңғарылады.
Енді, осы салада жарық көрген еңбектер тарихына тоқтала кетсек. Бастапқыда, дәлірек айтсақ, 1936 жылы жазылған Ағыбаев деген автордың іс жүргізуге арналған сөздігі жарық көрген кейіннен, елуінші жылдардың соңынан ала, жетпісінші жылдардың басына дейін 12 кітап болып, кәдімгідей нөмірленіп, салалық, терминологиялық сөздіктер жарық көреді. 1961 жылы Ғ. Мұсабаев пен Б.Сүлейменованың Орысша - қазақша терминологиялық сөздігі кітабы жарыққа шығады..
Қазіргі таңдағы іс қағаздарымен шұғылданып жүрген зерттеушілерімізді де қол қусырып қарап отыр деуге болмайды. Іс қағаздар жөніндегі сөздік - анықтамалықтар, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары т.б. туындылар қазіргі таңдағы, осы салада еңбек етіп жүрген М.Қасымбеков, Қ.Әлімқұлов т.б. зерттеушілерді атап өтуге болады.
Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметінде атқарады.
1. Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
4. Мемлекеттік тіліміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім көздерімен қаруландырып, қазақ тілінің дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігін тигізуін қамтамасыз ету.
5. Іс қағаздарының түрлері. Оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Ақпараттарды құжатта сақтауға байланысты кез-келген басқарушылық қызмет және кез-келген басқарушылық шешім міндетті т үрде құжаттық нысанада тіркеледі.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу-пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
:: Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
:: Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
:: Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
:: Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.
:: Іс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz