БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ MARINO MADI БРЕНДІНДЕГІ БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ MARINO MADI БРЕНДІНДЕГІ БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Б. Б. ӘСІЛБЕК, П. М. ЗЕЙІН, Д. С. БАШИРОВА Д, А. Ж. АМАНҒАЛИЕВА
Кіріспе
Бүгінгі таңда сән әлемінде өз орны бар немесе өз мансабын енді бастап жатқан сан алуан бренд түрі бар. Біз таңдап алған бренд түрі, ерекше сән стилін таңдап алған Marino Madi бренді. Marino Madi әлемдік деңгейде өте танымал болғанмен, Қазақстанда тек қана Алматы қаласында ашылды. Халық арасында бұл кәсіпорын танымал ма? Дәл осы сұрақ бізді ынталандырып, халықтың брендке деген көзқарасы мен жалпы Қазақстандағы кәсіпорындарын қалай дамытуға болатыны жайында сауалнама жүргіздік.
Зерттеу мақсаты
Marino Madi брендіндегі бизнесті жүргізу ерекшеліктерін, брендтің артықшылықтарын, даму тенденцясын, таңдап алған бизнес стратегиясын анықтау.
Зерттеу міндеттері
1. Теңіз стиліндені Marino Madi брендінің жалпы сипаты мен ерекшеліктерін анықтау
2. Халық арасында Marino Madi брендінің қаншалықты өзекті екенін зерттеу
3. Marino Madi брендінің жүргізу барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Өзектілігі
Таңдап алынған тақырыбымыздың өзектілігі сөзсіз. Себебі, елімізде тікелей шетелмен байланыс жасап отырған, отандық кәсіптермен бәсекеге қабілетті "Marino Madi" бренді дамып келеді. Бұл кәсіп түрі Қазақстандағы басқа кәсіптерден тек стилімен ғана емес, тағы несімен ерекшеленетінін анықтау - өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
Гипотеза
Бренд Қазақстан нарығын жаулауға бірнеше батыл қадам жасайды, франчайзингпен кең түрде айналысады, Батыс және Орталық Азия нарығына кіреді.
Кәсіп мақсаты - халыққа киім ұсыну, шетелдік нарыққа қазақтың ұлттық нақышымен безендірілген теңіз стильіндегі киімдер шығару. Тұтынушылары- барлық жастағы азаматтар мен азаматшалар, балалар. Персонал саны - 25.
Құндылықтары және ұстанымы - теңіз стилін сақтап қалу және дәріптеу. Қазақи нақыш пен заманауилықты қатар алып жүруді ұмытпау. Тұтынушылардың сұраныстары бірінші орында.
Кәсіпорынның ішкі факторлары - нарық, сапа, персонал, жеткізу, бәсекелестік, технологиялық.
Кәсіпорынның сыртқы факторлары - саяси, табиғи, экономикалық, кәсіптен тыс факторлар.
Сауалнама: сауалнама жалпы 12 сұрақты құрайды. Оның сегізі таңдауға арналған немесе иә, жоқ жауабын талап ететін сұрақтар, үшеуі қысқа жауап талап ететін сұрақтар және соңғы бір сұрақ жауап берушінің көзқарасына бағытталған. Сауалнамаға 47 адам қатысты. Оның 23і ер адам, 24і әйел адам. Сауалнаманың 45 пайызын 35тен асқан адамдар өтті, 30 пайызын 16-25 жасқа дейінгі адамдар өтті, 25-35 жас арасындағы адамдар пайызы 25ті құрайды. Жауап берушілер теңіз стилі қазіргі таңда 73 пайызға өзекті деп орташа деңгейде таңдады.
Сауалнама сұрақтары:
1. Жынысыңызды таңдаңыз
2. Жас аралығын таңдаңыз.
3. Теңіз стилі қазіргі таңда қаншалықты өзекті?
4. Теңіз стилінде өндіретін әлемдік деңгейдегі брендтерді білесіз бе?
5. Егер білсеңіз, атап өтіңіз
6. Қазақстандағы Marino Madi брендін танисыз ба?
7. Теңіз стилімен танылған атақты брендтің қандай жетістіктерін атап өте аласыз?
8. Қазіргі таңда кәсіпорынның бәсекеге қабілетті дәрежеге жетуіне қай нұсқа көбірек үлесін қосуда?
9. Қазақстандық брендтің әлемдік аренаға шығып, елімізді танытуына әрекет жасап жатырғандығы сізді ынталандыра ма?
10. Өзге де бәсекеге қабілетті қандай кәсіпорындарды білесіз?
11. Marino Madi бренді жайында берілген ақпарат сізді қызықтырды ма?
12. Қазақстандағы өзге кәсіпорындардың Marino Madi бренді секілді бәсекеге қабілетті болуы үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?
Кәсіпорынның даму стратегиясына SWOT талдау
Мықты жақтары
- Қазақстандағы жалғыз теңіз стильін пайдаланатын кәсіп түрі;
- Шетелдік азаматтар арасында танымал;
- Еліміздің дамуында қосатын үлесі;
- Танымал тұлғалармен жұмыс жасайды;
- Тек сапалы тауарларды ұсынғандықтан, лояльді клиенттері көп;
- Кез-келген жерге жеткізу қызметі қарастырылған
Әлсіз жақтары
- Елімізде аса танымал емес;
- Дүкендері тек Алматы қаласында бар
Мүмкіндіктері
- Елімізде жаңа стильді дамыту;
- Әлемдік нарыққа елімізді таныстыру;
3. Ыңғайлы сайттарын қолдана отырып, жан-жақты клиент табуға болады
Қауіпі
- Тауарлар мен қажетті материалдардың шетелден келетіндіктен, сыртқы экономикалық-экологиялық факторларға байланысты зардап шегу қаупі;
- Елімізде өз жұмысын тоқтатуы
Әдебиетке шолу
Теңіз стилі (ағылшындық теңіз сәні, теңіз стилі) - бұл көбінесе жаз мезгілінде қолданылатын киім мен аксессуарлардың сәнді бағыттағы курорттық демалысқа арналған киімдер. Бүгінгі таңда бұл стиль ағыны күнделікті және кеңсе келбеттеріне оңай бейімделеді. Теңіз және спорт тенденцияларының үйлесіміндегі киім, сәнді бағыттағы киімдер тобына жатады және яхталарға арналған киімнің негізін құрайды. Киімдегі теңіз тақырыбы өзінің негізгі элементтерін сақтап қалды және 100 жыл ішінде мүлде өзгерген жоқ. Экстравагантты классикалық стильге жолақты киім, ерекше жағалар, манжеттер мен шынжырлар, якорь, руль дөңгелектері түріндегі аксессуарлар және теңіз өмірі жатады [Тимофеева Т. Т. 2020 жыл] .
Барлығы сәннің циклді екенін біледі, өткен дәуірлердегі таңғажайып үрдістер қайта жаңарып, қайта ойластырылып, кейіннен сәннен шығып қалады. Егер ешқашан жойылмайтын бір тенденция болса, бұл теңіз көрінісі. Теңіз формасынан, яхта киімінен және теңіз стилінен шабыт ала отырып, теңіз сәні - көлденең жолақтардан матрос шляпаларына, жез түймелері бар курткаларға, бушлаттар мен якорь принтеріне дейін - ашық теңізде, ашық ауада, күн мен ашық мұхитта өмір сүрудің романтикалық идеясын тудырады. Көптеген заманауи тенденциялар сияқты, теңіз стилі де күшті әскери әсерге ие. Теңіз сәніне деген махаббат ХІХ ғасырдың ортасында, патшайым Викторияның заманынан басталады. Бұл дәуірде Британ империясы бүкіл әлемге әсерін кеңейтті, ал британдық корольдік әскери-теңіз күштері империяның күшін нығайтты, сондай-ақ әлемдік аренада үстемдік етуде маңызды рөл атқарды. Осылайша, флот ұлттық күштің символына айналды және онымен бірге әскери-теңіз нысаны батылдық пен адалдықтың белгісі болды. Содан кейін, бүгінгідей, тенденциялар қоғамның жоғарғы эшелондарымен белгіленді. 1846 жылы Виктория патшайым өзінің ұлы Альберт Эдвардқа, Уэльс ханзадасына корольдік яхтада кию үшін теңізшінің миниатюралық костюміне тапсырыс берді. Көп ұзамай жоғары қоғамның барлық өкілдері теңіз мотивтерімен киім кие бастады, ал мұндай стильдер тез арада байлық пен мәртебенің белгісі болды.
Теңіз сәні бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңында трендтердің шыңына жетеді, өйткені әскери эстетика ұлттық мақтаныш пен ынтымақтастық сезімін тудырды. Әрине, теңіз сәнінің тенденцияларына британдықтар ғана әсер еткен жоқ. Франциядан келген жолақты Бретон көйлегі-теңіз стиліндегі ең тұрақты бейнелердің бірі. Бастапқыда Британияда балықшылар киген la marinère 1858 жылы француз әскери-теңіз формасының бөлігі ретінде ресми түрде қабылданды. Аңыздарға сәйкес, 21 жолақ Наполеон Бонапарттың жеңістерін бейнелеуі керек еді. Әскери-теңіз стилі қазіргі заманғы сәнде өз орнын қалай тапты? Бұл үшін біз Коко Шанельге алғыс айтуымыз керек. Франция жағалауына барғаннан кейін ол 1917 жылғы коллекцияға маринер стилін енгізуге шабыт берді. Бұл көйлек ерлер киімі болып саналды және сол кездегі әйелдер сәніне қарағанда әлдеқайда еркін болды. Ондаған жылдар өткен соң, Ив Сен-Лоран, Вивьен Вествуд және Жан-Пол Готье сияқты сән данышпандары өздерінің коллекцияларына теңіз стильдерінен шабыт алып, танымал қиялдағы бейнені одан әрі нығайтты[Агуайер Д. Ж. 2018 жыл] .
2015 жылы Marino Madi сауда маркасы Францияда тіркеліп, бір жылдан кейін осы сауда маркасымен алғашқы коллекция шығарылған болатын. Бренд қарапайым мағынаны білдіреді: Marino - теңіз, Madi - дизайнердің аты. «Брендтің идеясы - күнделікті өмірге арналған спорттық киімдегі теңіз стилінің үйлесімі» [М. Сыпатаев, 2017 ж. ] . Бұл брендке футболкалар, поло, көйлектер, курткалар, шалбар, сонымен қатар бас киімдер, былғары белбеулер және костюмдер зергерлік бұйымдары жатады. Ал 2018 жылдан бері сырт киімдер линиясын шығарып келеді. Бүгінігі таңда бренд ғаламтор желісіндегі дүкендерден бөлек, Францияда 8 қалада, Италияда 1 қалада, Россияда Москвада өзінде 5, Сочиде 1 және Қазақстанда Алматыда 3 жерде дүкендері бар [Forbes журналы, 2017 ж. ] .
Мәди Сыпатаев 12 жылға жуық Қазақстанда құрылыс бизнесінде жұмыс істеді - мансап сатысымен «Стройкомплект» менеджерінен кәсіп иесіне дейін көтерілді. 1999 жылы болашақ дизайнер «Стройкомплект» құрылыс компаниясына жұмысқа орналасып, төрт жылдан кейін Adiana Group әртараптандырылған кәсіпорнын құра отырып, кәсіпкерлікпен айналысты [Воротилов А. 2017 жыл] . Құрылыс кәсіпкері болғанмен де, бала кезінен теңіз көріністерін салғанды ұнатып, желкенді кемелердің модельдерін жинады. Кәсіпкер өзінің бүкіл құрылыс және сауда бизнесін сатуға шешім қабылдады және Ниццаға көшті(2011) . Marino Madi брендінің өзгелерден ерекшелейтін таңқаларлық оқиғасы бар. Қарақшылықтың алтын дәуірінде қарақшылар тобы бай мырзалардың барлық мүлкін, құндылықтарын тонап кететін. Бірде теңіз шекарасындағы француз Ривьерасының акваториясында белгісіз шағын кеме байланғанын жергілікті тұрғындар көріп, қоршап алады. Жергілікті диалектіні білмейтін кемеші тұрғындарға өзін түсіндіре алмады. Уақыт өте келе кемеші бұл елдің тілін үйреніп, сол жерде тігін кәсібін дамытады. Әсіресе, теңіз жағасында тұратын сыйлы адамдарға киім тігетін, теңізді құрметтемеген тұтынушының тапсырысын қабылдамайды. Шебер тігетін заттар сапалы болғандықтан, ол теңіз ақсүйектерінің ортасында сүйіспеншілік пен құрметке ие болды. Ол жасаған костюмдердің кесіндісінде еркіндік сезілді, әр тігісте жағалау сызығы байқалып, ал жалпы бейнеде еркіндік рухы мен ұзақ сапарлардың романтикасы айқындалды. Қартайған шағында саяхатшы өзінің артында лайықты ізбасар қалдырмағанына өкініп, ана тілінде тігін шеберлігі жайында хат қалдырып кетеді. Жылдар өте келе бұл хат Ниццадағы антиквариат дүкендерінің бірінде сақталады. Дәл осы хатты түсінген әрі бұл салада керемет нәтиже көрсете алған тұлға - Мади Сыпатаев [Marino Madi. 2016 жыл] .
“Ең басында брендті дамытуда қиындықтар болды. Алғашқы жинақты дайындау кезінде тәжірибесіздік маған кедергі жасады. Мен еуропалық зауыттарда бәрін жоғары деңгейде істейді деп ойладым. Бірақ олар бәріне бірдей тіге бермейді екен. Барлығы тапсырыс берушіге және оның талаптарына байланысты. Егер сіз соңғы өнімді жақсы сипаттайтын болсаңыз, нәтиже орынды болады”-деп, өз кәсібінің басындағы қиындықтарын Мәди Сыпатаев Forbes. kz сайтына берген сұхбатында баяндайды[forbes. kz. 2017 жыл] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz