. Әл-Фараби жайлы


1. Әл-Фарабидің өмірбаяны жайлы баяндаңыз.
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятн сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала) . Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби - көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол - философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т. б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
2. Фарабидің отаны Отырар өркениеті туралыбаяндаңыз
«Ұлы Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі» - деп еліміздің президенті айтқандай, тарихқа «Отырар өркениеті» деген атпен енген, тамырын тереңге тартқан өлкенің орны ерекше. Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) - ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар - бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 - 15 ғ-ларда Аралбойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Кешегі Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге қадам басуға үлкен жол сілтеді. Осы мақала аясында музей қызметкерлері Ұлы Отырар қорғанына саяхат жасап, сондағы археологиялық қорық мұражайы қызметкерлерімен кездесіп, тәжірибе алмасты. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар ежелгі заманнан-ақ қалаларында ғылым мен мәдениет, сауда, өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі болған. Сондай-ақ, бұл қала Әбу Насыр әл-Фарабидің Отаны ретінде әлемге танымал. Сырдария мен Арыс өзендерінің екі жағасында бірімен-бірі иін тіресіп тұрған тарихи-мәдени, археологиялық ескерткіштер орналасқан бұл өлке республикамыздағы өзіндік орны бар туристік орталық болып табылады. Олардың әрқайсысы өз алдына ашық аспан астындағы мұражай деуге болады. Қазір қорық-музей қарамағында 4 республикалық, 130 жергілікті дәрежедегі ескерткіштер бар. Олардың жалпы көлемі 11000 гектарды алып жатыр. Әрбір ескерткіштердің өткен тарихымызды зерделеуде алар орны ерекше. Сондай-ақ, осы өңірдің тарихында өзіндік маңызы бар Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Отырар аймағындағы ежелгі және ортағасырлық қалалар мен қалашықтар бар. Атап айтар болсақ, Отырартөбе, Құйрықтөбе, Көкмардан, Алтынтөбе, Ақтөбе, Жалпақтөбе, Оқсызтөбе, Пышақшытөбе және ХІІ ғасырға тән Арыстанбаб әулие кесенесі т. б. тарихи-мәдени ескерткіштер.
Отырардың қираған орны және осы аймақтың басқа да ескерткіштерін зерттеу ХІХ ғасырдың аяғында Ташкентте жұмыс істей бастаған археология әуесқойлары Түркістан үйірмесінің күшімен 1904 жылы жүргізілген қазба жұмыстарынан басталады. Кең ауқымды зерттеулер 1969 жылы К. Ақышевтің басшылық еткен Қазақ ССР Ғылым академиясы тарих, археология және этнография институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы тарапынан басталып, қазіргі Ә. Марғұлан атындағы археология институты мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы жүргізіп жатқан қазба жұмыстарымен жалғасып келеді. Бұл өңірде ежелгі тас дәуірі ескерткіштері де кездеседі.
Елбасымыздың бастамасымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2004-2006ж. ж. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген жұмыстар ежелгі Отырардың қайта өркендеуі бағдарламасы бойынша жалғасын табуда. Бүгінгі таңда Арыстанбаб кесенесі Қазақстан мен Орта Азия мұсылмандарының зиярат ететін қасиетті орыны болып саналады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң кесенеге ерекше назар аударылып, оған толығымен реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, кіре беріс қақпа, зияратшыларға қызмет көрсететін қонақ үйлер, кітапхана, салт -дәстүр сарайы т. б. құрылыстар салынды. Мұражай қызметкерлері бізге Ұлы Отырар қорғанына экскурсия жасап, көптеген мағлұматтар берді. Қорғанды көргенде сол кездегі қанды қырғын көз алдымызға елестеді. Сол сапарда Отырардан музейге қоямыз деп теріп алған ыдыстың, құрал-сайман сынықтарын қорық қызметкерлері алудың қажеті жоқ, оны алып кеткен адамдардың қайтып әкеліп беріп жатқандығын айтты. Бұдан түсінгеніміз Ұлы Отырар қорғанының сондай киелі, ата-бабаларымыздың қаны мен көз жасы төгілген қасиетті жер екендігін сезіндік. Алған заттарды сол жерге қалдырдық . . .
Ия, тарихи жерді көріп, халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын келешек ұрпақтың еншісіне сол қалпында қалдыру, насихаттау, мына біз бен сіздің борышымыз екенін түсіндік
3. Әл-Фараби дүниетанымының қалыптасуының ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz