Жыраулар философиясындағы ерік бостандығы


Салдырова А. Ғ
Юриспруденция
Жыраулар философиясындағы ерік бостандығы қалай сипатталады?
Жалпы философияда, антикалық грек Аристотелінен қазақтың жырау Қорқытына дейін, ерік бостандығы туралы көптеген ой-толғаулар мен тұжырымдамалар айтылды. Бұл ұғым тек қана философияда емес, сонымен қатар психология, физиология және психиатрия салаларында зерттелуде. Десе де, мәдениет пен қоғам санасына қарай, әр ғалым және сан түрлі философия өкілдері өзінше көзқарастарға ие. Қазақ философиясындағы ерік және ерік бостандығы мәселесі қалай түсіндіріледі және оның басқа дүниетанымдардан қандай айырмашылығы бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін салыстыру және талдау тәсілдерін қолдануды жөн көрдім. Көбінесе эпостық жырлардың басты тақырыбы - Отаншылдық, ұлтжандылық, туған жер мен елді қорғау мәселесі. Осыған орай, менің ойымша, жырауларымыздың санасында қалыптасқан ерік бостандығының мәні жалпыға ортақ бақытта, батырлықта және еркіндік сезімінде жатыр. Бұл пікірге сәйкес кішігірім ой-толғау жүргізейік.
Біріншіден, менің байқауымша, қазақ жырауларының көп шығармаларында жалпыға ортақ бақыт тақырыбына көп көңіл бөлінеді. Жұртымыз, халқымыз тыныш болуы - жалпы қазақ философиясының өзекті мәселесі. Осы негізді ала отырып, сен өз еліңнің бақытты болғанын қалайсың ба әлде жоқ па сұрағы туындап, ерік бостандығы мәселесіне алып келеді. Көптеген философтар ерік ұғымын моральді жауапкершілік ұғымымен өте тығыз байланысты деп болжайды. Егер расымен осылай болса, біздің жағдайда жалпыға ортақ бақыт сенің еркің таңдаған игілік жолы болып келеді. Ақтамберді жыраудың "Жауға шаптым ту байлап" өлеңінде:
"Елді-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап!" (bilim-all. kz)
-деп, баршаның тыныштығы мен бақыты үшін өз еркімен өмірін қатерге тіккенін айтады. Расымен де, Ақтамберді жырау 17 жасынан бастап қазақ хандығы мен Орта Азия хандықтарының арасындағы соғыстарға қатысқан. Отан соғысы кезінде Орта жүз рубасы ақсақалдарының бірі болған. Яғни, ол өзінің беделі немесе қара бас пайдасы үшін емес, жалпы жұрты игілігіне осындай таңдау жасап, ерік бостандығын жұртының, халқының пайдасына арнап тұр. Мұны өзімізге таныс Милльдің утилитаризм теориясына жатқызуға болады. Бұл тұжырымдамадан екінші белгіні айқындауға болады, яғни, үшінші кезеңдік жыраулар поэзиясының мақсаты патриотизмге шақыру, сол арқылы өз еркіндік белгіңді тану болды. Олар өз өлең және жырларымен, парасатты істерімен жұртына адал қызмет етіп, үлгі беретін ұстаз бола бiлдi. Осының арқасында патриотизмді сезім дами бастады.
“Қайырлы болсын сіздерге,
Менен қалған мынау Еділ жұрт! . . . ” (bilim-all. kz)
- деп, Еділ бойында қалған түрік тектес руларға бақыт, береке, тыныштық тілеумен аяқталады. Толғанып өткен Қазтуған жыраудың бұл сөздері өзінің қуатын, мағынасын осы күнге дейін актуалды. Осы секілді өлеңдер ғасырлар бойы ата-бабаларымызға патриоттық рух-жігер беретін. Жастайынан әкелерінің, аталарының туған жеріне махаббатын, құрметін көріп өскен олардың санасында ерекше сезім пайда болады да, болашақта елін қорғауға ерік береді. Соғыста өлемін деп қорықпауы ата-бабасынан үлгі алған ерекшелігі. Оның қорқатыны тұтқын болу, зынданда отыру, не құл болу. Яғни, еркіндіктен айырылу.
Екіншіден, батыр немесе қорқақ болу мәселесіне келсек, әрине, егер жалпыға ортақ бақыт және патриотизмді рухпен өніп-өскен жұрт батыр болуды таңдайды. Оған өз елін сату немесе соғысқа бармай, өз елінде қалу ұят, жат нәрсе болып табылады. Осыдан ерік бостандығының көрінісін байқауға болады. Сартр айтқандай, қорқақтық бұл темперамент емес. Егер біз оларды белгілі бір органикалық немесе психикалық шарттардың әсерінен, тұқым қуалаушылықтың арқасында осындай деп айтсақ, адамдар: "Иә, олар сондай және оны өзгерте алмайсың" деп айтар еді. Бірақ экзистенциалист қорқақты сипаттай отырып, бұл қорқақ өзінің қорқақтығы үшін жауап береді деп санайды. Ол өзінің физиологиялық құрылымымен емес, өз іс-әрекетімен өзін қорқақ етеді. Әлсіз адам міндетті түрде қорқақ бола бермейді, өйткені қорқақтық белгілі бір жағдайдан бас тартқанның немесе көнгеннің нәтижесінде пайда болады. Адамдар бірден қорқақ немесе батыр болып туылғысы келеді. Бірақ, бізде бір нақыл сөз бар:
... жалғасы"Кім бай болғысы келмейді, құдай қаламайды
Кім батыр болғысы келмейді, жүрегі дауаламайды. "
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz