Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)

Мамандығы: Электротехника және энергетика

Орындаған: Тасболат Шерхан Оспанұлы Тобы: ЭЭк 20-7

(Аты-жөні)

Тексерген: т. ғ. қ. проф. Берлібаев Б. Т

(Аты-жөні, атағы, қызметі)

«16» қазан 2020ж

Алматы 2020

Жоспары;

Кіріспе

Қазақ диаспорасы

Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер

Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері

Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері

Құлжа

Қашғария

Ауғанстандағы қазақтар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Төмендегі материалдар қазақ жерінде болған оқиғаларды және қарапайым халықтың тағдырын таразылай отырып, белгілі бір тарихи-оқиғалық тұтастығы бар кезеңдерді ретпен баяндап береді. Қазақ диаспорасы, шетелде қазақ диаспорасының қалыптасуы жөнінде жалпы мәлімет беріліп кетеді де, басты тақырып талқыланады. Олар қазақтардың басқа шекаралас елдерге қоныс аудару себептері, Қытай және Ауғанстан жеріне көшу. Қазақ халқына ауыр күндер тап болады. Аштық, ашаршылық, жетіспеушілік. Мұның бәрі халықтың шекаралас елдерге қоныс аударуына әкеп соғады. Негізі қазақ халқының қанына сіңген көшпелі өмір. Бірақ көшу барысының өзі оларға оңайға соққан жоқ. Шекарадан асу үлкен бір ахуалға айналып, көтеріліс болып, бірнеше мың адам қаза тапты. Қытайдың Құлжа, Қашғар сияқты өңірлерін паналаған. Қытайға қоныс аудару туралы мәліметтерді табу оңайырақ болғанымен, Ауғанстанға көшу жайлы көп мәліметпен, анықтамалармен, дәлелдемелермен кәрсетілмеген. Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40 жылдарында пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары ханмен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының құғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Ал Қытайда болса, XIX ғасырдың аяқ кезінде жүз мыңға жуық қазақ тұрды. XIX ғасырдан бастап біртіндеп көшкен болса, 1916 жылы патшаның құғын сүргініне шыдамай бірнеше мыңға жуық қазақ қоныс аударып кетті. Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты.

Қазақ диаспорасы

Қазақ диаспорасы - Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5, 4 млн деп есептеледі (1997) . Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0, 5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.

Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер

XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ соғыстары, қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы XVIII - XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары, патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің агр. саясаты, Орт. Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы, ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясат. Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі, 2-дүниежүз. соғыс; экон. себептер: Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі, 1960 - 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны, кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық; діни себептер: патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеғе діндарлардың хажылық сапармен баруының қиындауы, әсіресе, кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы, дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.

Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 ж. солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңт. -батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қ. д-ның әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солт. -батыстан оңт. -шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған (1916 - 21) ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 - 1934) 1, 9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солт-нде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған. Қазақстан дүниежүз. қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына - тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.

Қазақтардың Қазақстан аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару себептері

Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.

Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы

Жаңа заманда қазақ халқының қалыптасу үрдісі Ресей, Қытай, Моңғолия мен Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында одан әрі жалғаса берді. Егер олардың бір бөлігі ол жерлерде ежелгі замандардан тұрып келген болса, енді бір бөлігі жерін күштеп тартып алу, ұлт-азаттық көтерілістерге қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшырау және басқа саяси, әлеуметтік-экономикалық себептердің салдарынан сол елдерге барып қоныстануға мәжбүр болды.

Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі

Қытай жеріне, негізінен, онымен шекаралас қазақ аудандарындағы озбырлық пен ашаршылыққа төзбеген кожалықтар көшіп кетті. Олар Кеген, Жаркент, Талдықорған, Ақсу, Алакөл, Лепсі, Октябрь, Үржар, Тарбағатай, Жайсан, Қатонқарағай аудандарынан болатын. Осы аудандардан 1929-1931 жылдары 5993 шаруа қожалықтары Қытай жақ бетке өтті. Қазақтардың Қытайға көшуі біз жоғарыда қарастырған Ресей мен Орталық Азия республикалары жерлеріне өтуден әлдеқайда күрделі болды. Өйткені Қытайға көшу бір мемлекеттен екінші мемлекетке шекаралық тәртіпті бұзып көшу еді. Ал шекара бұзу мемлекеттік ауыр қылмыстың бірі саналатыңы белгілі. Голощёкиндік геноцидке шыдамаған қазақтар екі мемлекет шекарашыларының қарсы болғандығыңа қарамастан, шекараны бұзып өтуге ұмтылды. Шекарашылармен қарулы қақтығыстарға дейін барды. Осындай шайқастардың бірінде 734 қазақ каза тауып, 38-і жараланды.

Шекарашылардан да адам шығыны болып, 24-і қайтыс болды. Қызыл шекарашылар шекарадан өткізбей қою міндетімен шектелмей, Қытай жеріне өткендердің соңынан куып барып, қырып салып отырды. Голощёкин Ресей мен Орталық Азиядағыдай Қытайға да бай-кулактар көшіп жатыр деп айтудан жалықпады. Кеңес үкіметінің жазықсыз айыптаулары мен озбырлықтарыңа шыдамай жеке бастары Қытайға өтіп кетіп, соңынан отбасы мүшелерін, туыстарын көшіріп әкету үшін қаруланып шекарадан қайта өткен қазақтарды «бандылар» деп жариялады. Мұндағы ойы босқын қазақтарды жек көрінішті, қылмыскер ретінде кәрсетіп, катаң да шұғыл жазалау шараларын өрістету еді.

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері

Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасуы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-жоңғар соғысына тікелей байланысты болды. Жоңғарлардың басқыншылық шабуылы барысында қазақтар Жетісу, Тарбағатай аймақтарындағы шұрайлы жайылымдарының едәуір бөлігінен айырылып қалды. Мұның өзі ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының бұрыннан дәстүрлі қалыптасқан көші-қон бағыттарының бұзылуына соқтырды.

Қытай-жоңғар және қазақ-жоңғар соғыстарының барысында Жоңғар мемлекеті тарих сахнасынан кетті. Қазақтар өздерінің байырғы дәстүрлі мал жайылымы жерлерін қайтарып алуға тырысты. Бірақ жоңғарлардың көзін жойған негізгі жеңімпаз ретінде қытай үкіметі қазақтардың ондай талабын қабыл алмады. Жоңғар хандығының орнына Қытайда Синьцзянь атты аймақ құрылды. Онда бекініс-қамал түріндегі қалалар салына бастады.

Абылай хан бастаған қазақ билеушілері Қытай өкімет билігі орындарымен бірнеше рет келіссөздер жүргізіп, қазақтардың ежелгі жерлерін қайтарып беру мәселесін қайта-қайта қозғаумен болды. Сонымен бірге қазақтар жаңа аумақтық құрылымның жеріне өз беттерімен қоныстануын да тоқтатпады. Ақырында Қытай өкімет билігі орындары 1767 жылы қазақтардың Синьцзяньға көшіп, қоныс аударуына рұқсат етті. Бірақ оның есесіне қазақтар ондағы жайылымды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге тиісті болды. Төлемақының мөлшері әр түліктің 100 басына жылына бір малдан беріп тұру болып келісілді.

XIX ғасырдың аяқ кезінде Қытайда 100 мыңға жуық қазақ тұрды. Бұдан кейінгі жылдардағы халықтың қоныс аудару үрдісі барысында ондағы қазақтардың саны арта түсті. Қазақтардың Қытай шекарасына үдере қоныс аударуының басты себебі патша үкіметінің жергілікті халықтың қолындағы құнарлы жерлерін тартып алуы болды. Сонымен 1911 жылы Қытайдағы қазақтардың жалпы саны 225 мыңға дейін жетті. Ресейден Қытайға 1911 жылға дейін өткен қазақтардың барлығы да 1914 жылы Қытайдың қол астына өтіп, Қытай азаматтығын алды. Өзгелері ел аумағынан күштеп шығарылды. 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің қудалауына төзе алмаған 300 мыңға жуық қазақ Қытайға өтіп кетті.

Қытайдағы қазақтар мал шаруашылығымен айналысты. Соңғы кезде Шыңжаң қазақтары шекара маңындағы қазақ-орыс саудасын Дамытуда маңызды рөл атқарды.

Құлжа

Құлжа немесе Инин - Қытайдың солтүстік-батысында, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы қала, Іле Қазақ автономиялық облысының орталығы. Тұрғыны 177 мың адам (1990) . Қала Іле өзені аңғарындағы ежелгі Ұлы жібек жолының бір тармағы - Құлжа жолы бойындағы ірі экономикалық орталық. Негізінен қазақ, ұйғыр, қытай, дүңген ұлттары тұрады. Ертедегі отырықшы мәдениеттің маңызды мекені болған. Қол өнері, сауда-саттық жақсы дамыған. Құлжа тұрғындары бау-бақша, жүзім өсірген. 1851 жылы Құлжада орыс-қытай сауда шартына қол қойылып, саудагерлер жеңілдік ретінде Құлжада және Шәуешекте сауда жасауға толық рұқсат алды. 1864 жылы Шығыс Түркістан халқы көтерілісіне байланысты, Іле сұлтандығы құрылып, астанасы Құлжа болды, бірақ Ресей әскері Құлжаны басып алып, онда 1882 жылға дейін орын тепті. Іле өлкесін Қытайға қайтарып берген кезде Құлжа тұрғындарының көпшілігі Жетісу жеріне көшіп келіп паналады. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Құлжа - Іле Қазақ автономиялық аймағының орталығына айналды. Қалада ауыл шаруашылық, тамақ, жүн, тері өңдеу, тоқыма кәсіпорындары жұмыс істейді. Аймақта ірі уран, вольфрам, т. б. түсті металдардың ірі кен орындары мен кеніштері бар.

Құлжа жолы - ежелгі керуен жолы. Қазіргі Ташкент, Тараз, Мерке, Бішкек, Тоқмақ, Алматы, Жаркент, Құлжа бағытымен өткен. Орта ғасырда Құлжа жолы екі тармаққа бөлінген. Бірі Тоқмақ, Суяб, Баласағұн, Баршынкент, Қарақол қалаларын, Ыстықкөлдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағындағы Шығу қаласын (Үйсін мемлекетінің астанасы) басып, Құмтекей, Ақбейіт, Сарыжаз елді мекендері арқылы Текес, Сүмбе арқылы Құлжаға жеткен. Екінші тармақ Тоқмақ, Бішкек, Қарғалы, Талғар, Жаркент, Алмалы, Қорғас арқылы Құлжаға, оның бір бөлігі Талғардан Түрген, Қаракемер, Шелек елді мекендері арқылы Торыайғыр, Қулық тауларын асып, Кегеннен (қыстақ) Құмтекей қала арқылы бірінші жолға қосылады. 19 - 20 ғасырларда бұл жол “ Құлжа жолы” аталды.

Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді) . Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні - ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан аймақтарына қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАР юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу - ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) үәли (губернатор) басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан.

Қашғария

Қашқар, Қашғария - Батыс Қытайдағы Тянь-Шань, Памир, Кунь-лунь және Бэйшань тауларымен шектелетін өлке. Ұйғыр халқының ежелгі мекені. Қашқар халқы қазақтармен ертеден араласып тұрған. Қазақтар оның Қашғар, Тұрпан, Жаркент, Ақсу қалаларына барып, сауда-саттықпен айналысқан. Сондықтан Қашқар қазақтар тарихымен тығыз байланысты. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде уақытша ұйғыр ханына қараған, Аңқара, Енисейден келген халықтар (қазақ болуы мүмкін) хақында айта келіп: «Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін исламды үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да мұсылман болдық депті» деген дерек береді.

Ауғанстандағы қазақтар

Қазақтар Ауғанстанда XIX ғасырдың 40-жылдарыңда пайда болды. Ондағы қазақтардың алғашқы тобын Кенесары хан мен Наурызбай батырдың жасақтары құраған еді. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін, қазақ сарбаздарының бірқатары патша үкіметі жазалаушы отрядының қуғын-сүргінінен құтылу үшін Ауғанстанға асып кетті. Кейінірек оларға патша үкіметінің отаршылдық баясатына наразы қазақтардың тобы барып қосылды. Сөйтіп XX ғасырдың бас кезінде Ауғанстандағы қазақтардың саны 2 мындай болды.

Сонымен, XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде шекаралас көрші мемлекеттердің аумағында қазақ халқының едәуір бөлігі тұрды. Рас, олардың бірқатар бөлігі ол жерлерді ежелден бері мекендейтін. Ал енді бірқатары қуғын-сүргін (катаклизм) кезінде қоныс аударуға мәжбүр болған еді.

Жаппай аштық жылдары бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Олардың 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейін өз еліне көшіп келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Барлығы - 503 қожалық
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)
Жануарлардың қоныс аудару
Қазақ хандығының күшеюі
Қазақстанның қазіргі тарихнамасындағы 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңа көзқарастар
Күрділердің мәдени орталықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz