Дифференциалдап оқыту технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
І.Жансүгіров атындаға Жетісу университеті

БӨЖ №2

Тексерген: Борибекова Фарзана
Орындаған: Өміржанова Гүлнұр
Тобы: БҚ 311

2020 жыл

Дифференциалдап оқыту технологиясы

2020 жыл

Дифференциация сөзі латын тілінен (difference) шыққан және айырмашылық, бөлу деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан дифференциация - бұл оқулары әр түрлі жүзеге асатын жекеленген оқушылар тобын бөліп алу. Шындығына келгенде дифференциация түсінігі анағұрлым терең, әрі кең.

Дифференциациялап оқыту - бұл әр оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі.

Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал - дифференциация болып табылады.

Дифференциацияның мәні - оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Оқыту және білім берудегі дифференциация дегеніміз:

1. Білім берудің мазмұнын, түрін, әдісін, темпін, көлемін таңдау арқылы әр оқушыға білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
2. Әр түрлі білім алу қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арнап оқыту жүйесін бағдарлау.

Дифференциациялап оқытудың мақсаттары төмендегідей:
1.Әр оқушының қызығушылығымен бейімділігін дамыту және талаптарды анықтауға тиімді жағдай жасауға негізделген оқытуды даралау. Бұл дифференциациялап оқытудың психологиялық-педагогикалық көзқарастағы мақсат.
2.Әлеуметтік көзқарас бойынша дифференциациялап оқытудың мақсаты ол әрбір қоғам мүшесінің социулмен өзараәрекет бейімділігін ұтымды пайдалану мақсатпен шығармашылық, интеллектуалдық, профессионалдық қоғам потенциалын қалыптастыруына мақсаттылықпен әсер ету.
3.Дидактикалық көзқарас бойынша оқушыларды дифференциациялап оқыту үшін жаңа әдістемелік жүйені жасау жолымен толғағы жеткен мектеп проблемаларын шешу.

Тиімділігі - мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады:
- мұғаліммен бірігіп;
- жеке өз бетімен;
- мұғалімнің жетекшілігімен.

В.М. Монахов, В.А. Орлов, В.В. Фирсов дифференциалап оқытудың келесі формасын ұсынады:
1. Ішкі (деңгейлік) дифференциация - барлық оқушылардың дайындықтық міндетті базалық деңгейін меңгеруге білімді қабылдауда әр түрлі деңгейдің бөлінуі негізінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастыруда оқытудың әдісі, формасы және тәсілінің жиынтығы.
2. Сыртқы дифференциация - білім беру мазмұны және оқушыларға ұсынылған талаптар ескерілетін, белгілі принциптер негізінде (қызығушылық, қабілеттілік, нәтижеге жету, бейімделгіштік) тұрақты топ құру.

Оқыту және білім берудегі дифференциация 3 түрлі болады:
1.Сыртқы дифференциация (арнайы мектептер ұйымдастыру, тереңдетіп оқыту және коррекциялық сыныптар, факультативтер, таңдау курстарын т.б. ашу).
2.Ішкі дифференциация - әдеттегі сынып көлемінде әр оқушының даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ барысындағы жұмыстың ұтымды түрін анықтау.
3.Элективті дифференциация - бұл оқушыларға міндетті оқу пәндерімен қатар бірнеше пәндерді қосымша ретінде оқуға құқық беру.

Сыртқы дифференциация - біршама тұрақты топтарды арнайы принциптер негізінде (қызығушылық, бейімділік, қабілет, жетістік нәтижелері, жобаланған мамандық) құрау болып табылады. Мұнда білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптар өзгеше болады. Сыртқы дифференциация селективті жүйе көлемінде (профильді сынып және пәндерді тереңдетіп оқыту сыныбын таңдау) немесе элективті жүйе көлемінде іске асырылады.
Сыртқы дифференциацияның мәні білім беруде оқушыларды таңдаған бағытта максимал дамыту мақсатымен олардың тұрақты қызығушылықтарын бейімділіктерінің және қабілеттерінің көлемінде мамандануға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңде мектепте 2 түрлі сыртқы дифференциация қолдануда:
- факультативті сабақтар;
- және жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары.
Ішкі дифференциация - бұл кездейсоқ белгілер арқылы жиналған оқушылардың үлкен тобын әр түрлі оқыту. Бұл түр оқушылардың дара және топтық ерекшелігін толық ескеруге мүмкіндігіне негізделген. Ол мареиалды оқыту темпін, оқу тапсырмаларының дифференциациясын, әр түрлі іс-әрекетті таңдау, мұғалім тарапынан көмектің мазмұны мен дәрежесін мөлшерлеу вариативтілігін болжайды. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушыларды дифференциалдап оқыту мәні мен түсінігі
Дифференцияланған оқыту технологиясы
СЫНЫПТАН ТЫС УАҚЫТТА МАТЕМАТИКАДА ДИФФЕРЕНЦИАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары
Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл
ХХ ғасыр – ғылым ғасыры
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
Оқыту технологиясын топтастыру
Оқыту процесінде әдісті пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz