Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттік пайда болу принциптері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тұрғынбек Диана 001-1k

"Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттік пайда болу принциптері"

Құқықтық мемлекет дегеніміз- жеке тұлға мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Құқықтың дамуы - адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары адамзат тарихын мың жылдық дамуы барысында саяси-құқықтық ой-пікірде біртіндеп, эволюциялық жолмен қалыптасты. Олардың пайда болуларының ең негізгі себебі - жалпы адамның табиғатына жат бассыздық пен заңсыздыққа тосқауыл қою және деспотизммен бір адамның мемлекеттегі шексіз билігін тежеу қажеттігі болды. Бұл жалпы адам табиғатының сұранысы, бостандық, теңдік, бақытты өмір сүруге ұмтылудың негізгі талаптарының бірі. Құқықтық мемлекет ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік ой-сананы, прогрессивтік құқықтық идеялардың қортындылаудың нәтижесінде арнайы қағидаларды қалыптастырады.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т. с. с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

“Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:

-қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;

-қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап) .

-1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды.

-1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.

-Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

-Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық . Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.

-Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

-“Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.

-Қазақстан Республикасы - д емократиялық мемлекет .

Әлеуметтік мемлекет - кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.

Қорыта келіп, құқықтық, әлеуметтік, демократиялы мемлекеттің принциптеріне мыналарды жатқызғанын дұрыс деп есептеймін:

1) Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын толығымен көбірек қамтамасыз ету;

2) Саяси биліктің құқығының көмегімен, мемлекеттік құрылым үшін құқықтық тежеу режимін қалыптастыру;

3) Билікті заң шығару, атқару және сот биліктеріне бөлу;

4) Федерализм;

5) Заңның үстемдігі;

6) Мемлекет пен жеке адамның өзара қарым-қатынасы;

7) Қоғамдағы құқықтық саналық пен мәдениеттің жоғарғы деңгейде болуы;

8) Азаматтық қоғамның болуы және өз жағынан, барлық құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және ақсүйектік мемлекеттің пайда болу принциптері
Еуропа елдеріндегі гуманистік тәрбие идеяларының қалыптасуы
Мемлекет түрі
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары
Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқыктык ілімдер туралы ақпарат
Орта ғасыр мен қайта өрлеу жылдарындағы, жаңа замандағы саяси ой-пікірлер
Мемлекет нысанының жалпы сипаттамасы
17 ғасырдың музыкалық мәдениеті
Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығының тарихы
Құқықтық билік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz