Интернет арқылы ақша табудың артықшылықтары мен кемшіліктері
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеты Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Әлеуметтану кафедрасы, Әлеуметтану мамандығының 2 курс студенті: Оралхан Кәусәр ӘЛ-21
ТАҚЫРЫБЫ: Интернет арқылы ақша табудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Қазіргі күні Қазақстанда 10 миллионнан астам адам интернетті пайдаланады екен. Смартфонның шығуымен интернет үлкенге де, кішіге де қолжетімді болып алды. Осындай халық арасында кең таралған интернет арқылы ақша табуға болатынын өкінішке орай, көптеген ғаламторды қолданушылар білмейді. Сонымен қатар бұл ақша табудың оңай жолы, әрі бұл саланың зиян тұстарын жоққа шығару мүмкін емес.
1.1. МӘСЕЛЕ: Интернетте оңай ақша табу жолы және осы саланың білікті маманы болған адам, қомақты табыс табуына мүмкіндігі бар. Дегенмен, егін шыққан жерде арамшөптің де қаулап өсетіні сияқты интернетті жағалап, аңғал адамдарды алдап, ақша тапқысы келетін алаяқтар да жыл санап көбейіп келеді. Сондайлардың қармағына бірер рет түскен адам интернеттен безе қашып, одан ақша табуға болады дегенге күмәнмен қарайтын болады. Ақша көбейтып алу мақсатында ақша салып, алаяқтардың алдауына түсіп сан-соғып қалатындар да қаншама.
1.2. ӨЗЕКТІЛІГІ: Қазіргі таңда елімізде интернет арқылы ақша табу танымалдылыққа ие. Ол да бір еліміздің экономика саласының дамуына өз үлесін қосуда. Сонымен қатар бұл саланың басқа салалармен салыстырғанда артықшылығы физикалық тұрғыдан жеңілділігі. Бірақта бұл салада интернетті жетік меңгеріп, тиімді пайдалана білу аса маңызды.
Дегенменде, интернетте ақша табу зиян тұстарынан да бізге белгілі. Осы атты жамылып халықтың қалтасын қағып жүргендер де аз емес. Сол себепті инвестиция салмас бұрын толығымен танып білу керек. Біздің уақытымызда сайт құру-күрделі іс емес. Сапалы сайт жасап, соның арқасында ақша жасау- артық күшті қажет етпейді. Қазіргі уақытта Пирамида, Бай бол деген сияқты неше түрлі атаулары бар, ақша салып оны екі есе көбейтуге болады деген арнайы алаяқтықпен айналысатын адамдардың бағдарламары мен топтары бар. Кей адамдардың құжаттарын сұрап, оларды салымшы етіп, адам санын көбейтіп, соңына келгенде өздерін кінәлі етіп шығаруы мүмкін.
1.3. ОБЪЕКТІСІ: Интернет арқылы ақша табудың негізгі жолдарын табу.
1.4. ПӘНІ: Қазақстандағы цифрлық технология саласы, экономика.
1.5. МАҚСАТЫ: Әлеуметтік желі арқылы ақша табудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
1.6. МІНДЕТІ:
- Елдегі экономика саласына үлес қосу
- IT саласын дамыту
- Қаржылық жетіспеушілікті азайту
- Қосымша қаражат көздерін пайдалану
1.7. ГИПОТЕЗА:
Әлеуметтік желі арқылы ақша табу мүмкіндіктері өте көп, әрі уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Алаяқтық жолмен, әрекет ететін адамдардың, оңай ақша табуы, өзгелердің сенгіштігі, тез алданып қалуы болып табылады.
1.8. КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯ:
Биткоин (Bitcoin, BTC) -- орталықсыздандырылған виртуальды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды криптовалюта деп те атайды. Биткоин төлемдерінің желісі толықтай дерлік орталықсыздандырылғандықтан қадағалаушысы болмайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады.
Криптовалюта -- сандық валютаның түрі. Оның миссиясы мен есеп-қисабы түрлі криптографиялық әдістерге негізделген. Ал жұмыс істеуі компьютерлік желіде орталықтандырылмаған. Криптовалюта -- жаңа технологиялар мен үкіметтің бақылауынсыз жүргізуге негізделген төлемдер мен ақша аударымдарының жылдам әрі сенімді жүйесі.
Реферал -- басқа қатысушы ұсынысы бойынша тіркелген, партнёрлік бағдарлама қатысушысы.
Фрилансер -- Интернет арқылы еркін табыс көзін пайдаланытын бизнесмен.
Меркантилизм -- (итальян тілінен аударғанда мирканте -- көпес, саудагер)
1.9. ОПЕРАЦИОНАЛИЗАЦИЯ:
Интернетте ақша табудың дамуы Қазақстандағы интернет жүйесінің белең алуымен тікелей байланысты. Осыдан 15 жыл бұрын бұл туралы ешкім ойына да алмаған еді. Жалпы дүние жүзі бойынша интернет саласы дамығанмен Қазақстанға ол әлі толығымен жете қоймаған еді. 2012 жылы жоғары жылдамдықты 4G интернеттің Қазақстанға келуі де өз үлесін осы бағытқа қосты.
Қазір батыстың дамыған елдерінің ірі компанияларының бәрі өз бизнестерін интернетке енгізді. Осылайша, интернет-бизнес деп аталатын бизнестің жаңа саласы қалыптасты. Бұл ара қашықтыққа қарамай, миллиондаған адамдардың интернет арқылы жақсы ақша тауып, соны негізгі кәсібі етіп алуларына мүмкіндік жасауда. Қазіргі уақытта блогерлер жарнама жасау арқылы да ақша тауып жатады. Әрине бұл өте тиімді әрі ыңғайлы.
Интернетте табыс табудың артықшылықтары:
-жұмысты өзіңіз қалаған кесте бойынша жасайсыз;
-үйден шықпай жұмыс істегендіктен, сіз жанұяңызға көбірек уақыт бөле аласыз;
-қанша қаражат таба алатыныңыз өзіңізге байланысты.
Кемшіліктері:
-ақшаны табу жолдарын дұрыс зерттеп алмай, сіз қандай да бір жетістікке жетуіңізге қиын болады;
-мұқият болмасаңыз алаяқтардың қолына түсіп қалуыңыз мүмкін;
-алғашқы уақытта сіз жасаған жұмыс өз жемісін бермеуі мүмкін, сізге шыдамдылық қажет.
Табыс табудың бірінші түрі - әріптестік бағдарламаларға қатысу арқылы, ақпаратты тауарларды сату. Инфобизнесмендердің дайындаған дыбыс немесе бейне курстарын, электронды кітаптарын жұртшылыққа сату арқылы, оның үстінен қомақты комиссиялық табыс тауып отыруға болады. Табыс табудың екінші жолы - МЛМ бизнес, яғни желілі маркетинг. Көптеген ірі компаниялар мен фирмалар өз тауарларын интернет арқылы сатуға шығарады да, сатып алушыны тапқандарға белгілі мөлшерде комиссия ақысын төлейді.
Сонымен қатар сізге сауалнамаға қатысқаныңыз бен анкета толтырғаныңыз үшін ақы төленеді. Бұл арқылы тұрақты ақы алып отыру да қиын , бірақ көптеген адамдар бұлай да ақша табады.
YouTube - бейнежазуларды тамашалауға мүмкіндік беретін хостинг компаниясы. Оның танымалдығы үнемі өсуде. Сондықтан интернетте қалай ақша табуға болады деп ойлансаңыз, Бұл тәсілге міндетті түрде назар аударыңыз. Ютубта үлкен табыстарға жету үшін, оны үнемі жетілдіріп, көбірек уақыт бөлгеніңіз қажет.
Егер сізде өзіңіздің жеке танымал сайтыңыз бар болса, табыс табу жолдарын іздей беруіңізге болады. Өзіңіздің электронды ресурстарыңызда табыс табу жолдары:
-басқа компаниялардың жарнамаларын орналастыру;
-серіктестік бағдарламасының көмегімен;
-трафикті сатып алу арқылы;
-өз тауарларыңызды сату арқылы.
Егер сіз интернетте қажетті деген біліміңіз болса, мысалы, сайт құрастыра аласыз, дизайннан хабардарсыз, әлде фотошопта сурет сала аласыз не болмаса зат сатудын қыр сырын жетік меңгерсеңіз, не болмаса архитекторлық қабілетіңіз болса... жалпы сіз интернетте жақсы ақша таба аласыз! Белгілі бір биржаға не істей алатыныңызды жазасызда жауап күтесіз, тапсырма келгесін орындайсыз да, ақыңызды аласыз.
Ғаламторлық кәсіптің тағы бір әдісі - блог жазып, жарнамадан ақша табу. Егер сіз белгілі бір қызықты тақырыпта ақпарат беріп, мақала жаза алатын болсаңыз, сол тақырыпты талқыға салатын кісілерден құралған аудитория жинайсыз. Оқырмандар көп болған сайын сол тақырыпқа жақын тауарлары мен қызметтері бар компаниялар сіздің блогыңызға жарнама ілуге ынталарын білдірер еді. Қазақстанда интернет арқылы ақша табудың ең көп кездесетін жолы - сайт жасау қызметі. Мамандардың айтуынша, сайт жасау қызметінің құны орташа алғанда 100 АҚШ долларынан басталып, күрделілігіне қарай қымбаттай түседі. Жоғары дәрежедегі корпоративті сайттың құны 1000 АҚШ долларын құрайды.
1.10. КОНТЕНТ ТАЛДАУ:
Интернет арқылы ақша табудың маңызынан бұрын біз ақшаның шығу тарихы, оның экономикалық маңызына үңіліп кетуіміз керек.
Ақша -- адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтудің түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша - тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операциялардың жаңа түрлері пайда болуда.
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тарихы былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. I ғасырда бір беті пехвели, екінші бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы бар теңгелер (б.з. V -- VI ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі тым ерте қолға алған. 68 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI -- VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі -- сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі -- үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 -- 766 жж. Таразда құйылған теңгелерде Түргеш қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақшa орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78 -- 81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 ж. жүргізген Кебек хан реформасының да үлкен маңызы болды. Ол бүкіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға енгізді. Ақшаның салмағы -- 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолданылыста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Бұл аталғандардың барлығы қазақ халқында ақшаның шығуы жайлы мәліметтер.
Ақша теориясы және оның эволюциясы.
Үш ақша теориясын атап айтуға болады - металдық, номиналдық және сандық.
Металдық ақша теориясы. Бұл теория Англияда капиталдың бастапқы шоғырлануы тұсында XVI - XVII ғғ. пайда болды. Металдық ақша теориясының негізін салушылардың бірі У.Стаффорд (1554- 1612). Бұл теорияны мақұлдаушылар ақшаны қағаз ақша түрінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz