Авторлық бағдарлама Сәлем мектеп – бұл мен


Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№19 ОМ КММ»
Курмашева Анаргуль Назымбековна
Авторлық бағдарлама
«Сәлем мектеп - бұл мен!»
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу
Көкшетау 2016
УДК 37. 015. 3 (041)
ББК 74. 200. 5 (5 каз)
К 86
Көкшетау қаласы педагог-психологтар әдістемелік бірлестігінің шешімі бойынша баспаға ұсынылды. № 3 Хаттама 12. 01. 2016ж.
Рецензент: Какабаева Динара Сериковна Педагогика ғылымының магистрі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.
К 86 Авторлық бағдарлама: 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеуге арналған түзете-дамыту бағдарламасы «Сәлем мектеп - бұл мен!». Құрастырушы Көкшетау қаласының № 19 ОМ педагог-психологі Курмашева А. Н., Көкшетау қаласы 2016 ж. 38 бет.
Авторлық бағдарламада жаңа жағдайға бейімделудің қиын кезеңінен өтіп жатқан 1-сынып оқушыларына жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделуге психологиялық - педагогикалық қолдау жасауға арналған психологиялық тренинг сабақтарының үлгі жоспарлары берілген. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін бейімсіздену мен мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізуді мақсат етіп алған барлық педагог - психологтарға, әсіресе жас ұстаздар мен жас психологтарға көмекші әдістемелік құрал бола алады.
ББК 74. 200. 5 (5 каз)
УДК 37. 015. 3 (041)
Курмашева А. Н.
2016
Түсінік хат
Бала бірінші сыныпқа келді. Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады. Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысы жоқ бірқатар міндеттер қояды, ерекше зияткерлік және физикалық күш салуын талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі. Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады.
Баланың мектепке бейімделуі - өте ұзақ процесс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт қажет болады. Зерттеулер көрсеткендей, 1-сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі әртүрлі өтуі мүмкін, балалардың 50-60%-ы алғашқы 2-3 айда бейімделіп кетсе, балалардың 30%-ы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бейімделеді. Ал балалардың 14%-ының бейімделуі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма емес. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өту мүмкін, өкінішке орай, кейбірінде бұл процесс ойдағыдай өтпейді. Егер "ойдағыдай болмаса" (ол бейімсіздену деп аталады), "мектеп өміріне бейімделу" тетіктері бұзылады.
Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін, бірінші сынып оқушылары өміріндегі ең бір өзгермелі кезеңі болып табылатын мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арналған, бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге бағытталған "Сәлем мектеп - бұл мен!" арнайы бағдарламаның маңызы зор.
Бейімдеу сабақтарының мақсаты:
1. Бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық-педагогикалық қолдау жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін мектептік бейімсіздену және мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізу.
Бейімдеу сабақтарының міндеттері:
1. Балалардың бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі кезінде қорғаныштық және эмоциялық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
3. Мектеп ережелеріне қатысты оң қарым-қатынас әсерін қалыптастыру.
4. Бірінші сынып оқушыларының тұлғалық эмоциялық және коммуникативті жақтарын дамыту.
5. Әр баланың табысқа жету жағдаятын қамтамасыз ету.
6. Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау.
7. Сыныптың ұжымдық бірлігі, бір-біріне деген сенімді қатынасы ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Бейімсізденудің алдын алудың ең тиімді тәсілі балалармен жүргізілетін топтық жұмыс. Мұндай топтық жұмыс түрінде жүргізілген бейімдеу сабақтары жақсы нәтижеге қол жеткізеді және бірінші сыныптың бастапқы оқу кезеңінде жүргізген дұрыс.
Осындай сабақтар баланың мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оқу мен тәрбие процессінде оның одан әрі қарай сәтті дамуына көмектеседі.
Оқушының ортаға деген оң микроклиматын қалыптастыру арқылы, жағымды атмосфера, эмоционалдық жайлылық, балалар арасында өзара құрметке негізделген тұлға аралық қарым-қатынас орнауына көмек көрсетеді, эмпатия, бірін-бірі қабылдау мен өзара сенім білдіру, өзара іс-қимылды жақсартып, топтық ұжымшылдықтың дамуына ықпал етеді.
Балаларды "мектеп өмірі" ережесіне бейімделуге, одан әрі өміріне қажет көптеген басқа да өмір тәжірибелеріне үйретеді.
Бейімдеу сабақтарының ерекшелігі үнемі эмоциялық жағымды көңіл-күймен жүргізлетіндігінде. Олар балалар үшін ұнамды және қызықты болуы тиіс. Сабақтарда ойын және шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ психологиялық сипаттағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Балалармен орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жинақтау, талқылаудың маңызы зор, кейбір тапсырмалардың нәтижелерін сынып оқушысының тұлғалық маңыздылығын, әрбір баланың жеке жұмыстарын ұжымдық және сыныптағы жеке қасиетін көрсету мақсатында ортақ көрмелер мен композициялар түрінде орналастыру көрсетуге болады. Сабақтардың бір бөлігі екі жақты сипатқа ие: олардың құрамында дамытушылық, түзету жаттығулар ғана емес, диагностикалық тапсырмалары болады.
Сабақ жиілігі және санының шарттары:
Бейімделу сабақтары бірінші сынып оқушылары үшін аптасына 1 рет 10 сабақ көлемінде есептелген. Ұзақтығы 30 минут.
Педагог - психологтың топтағы жоспарланған жұмысының нәтижелері.
Бейімдеу сабақтарын жүргізу нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының бейімсізденуін болдырмау, бірінші сынып оқушыларының бейімделу ұзақтығын қысқарту нәтижелілігі күтілуде. Мазасыздық деңгейі төмендетіледі. Мектепте өзін-өзі алып жүру ережелерімен танысады. Оқушылар ұжымында қолайлы орта жасалады. Балалар бір-бірімен және сынып жетекшісімен танысады.
Бейімдеу сабақтарының жоспары
"Сәлем мектеп - бұл мен!"
Мазмұны
1-сабақ
"Кел, танысайық"
- Жаттығу: "Сәлем"
- Жаттығу "Жақсыкөңіл-күй эстафетасы "
- Жаттығу "Өз құйрығын тістеген айдаһар "
- Жаттығу "Менің күлкілі портретім"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
- Жаттығу "Менің атым . . . Мен өзімді сүйемін . . . "
- Жаттығу: "Көңіл-күй неге ұқсас"
- Жаттығу «Оқушы болу деген не?»
- «Балабақша тәрбиеленушісі - оқушы» тақырыбында сурет салу
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
3-сабақ
"Мектеп өмірінің ережесі"
- Жаттығу "Рөлдік көркем жаттығу"
- Жаттығу: "Орман тұрғындары"
- "Орман мектебін" құру
М. А. Панфилованың ертегісі
- "Мектеп ережесі"
М. А. Панфилованың ертегісі
- Слайд көрсету "Мектеп ережесі"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
4-сабақ
"Мектепке не үшін барамыз?"
- Жаттығу: "Мұрын ұшымен амандасу"
- Жаттығу "Сөйлемдерді аяқта"
- Жаттығу: "Ең үздік бірінші сынып оқушысы"
- Жаттығу: "Мектепке не үшін барады?"
- Жаттығу "Мен мектептемін"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
5-сабақ
«Менің досым-мектеп портфелі»
- Жаттығу "Жел соғады . . . "
- Жаттығу "Мектепте маған не керек"
- "Портфельді жинау"
М. А. Панфилованың ертегісі
- Жаттығу "Мен өзімнің портфеліме саламын"
- Жаттығу: "Төртінші артық"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
6-сабақ
"Мені жақынырақ таны "
- Жаттығу: "Әуедегі бал"
- Жаттығу "Шариктермен жаттығу"
- Жаттығу: "Не өзгерді"
- Жаттығу "Кімде . . . , барлығыңыз орын ауыстырып отырыңыздар"
- Жаттығу: "Мен үшін маңызды не"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
7-сабақ
"Бірге жұмыс істеуге үйренеміз"
- Жаттығу: "Амандасып қояйық"
- Жаттығу Шарлар"
- Жаттығу: "Пингвиндер"
- Жаттығу"Фигуралар салу"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
8-сабақ
"Біздің сынып - бұл біз!"
- Жаттығу: "Мейірімді есім"
- Жаттығу: "Құрттар"
- Жаттығу «Оқушы портреті»
- Жаттығу «Жалғыз аяқты жол»
- Жаттығу "Біздің сынып - бұл барлығымыз"
- Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
9-сабақ
"Мектептегі көңіл-күй"
- Жаттығу: "Жаңбыр"
- Жаттығу "Көңіл-күйімді тап"
- Жаттығу "Көңіл-күйімді бейнеле"
- Жаттығу "Хрустальді саяхат"
- Жаттығу "Көңіл-күй түстері"
- Жаттығу "Менің мектептегі көңіл-күйім"
- Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
10-сабақ
"Бірінші сынып оқушысы болу қандай керемет"
- Жаттығу "Майшам"
- Жаттығу "Бірінші сынып оқушысының сиқырлы жастығы"
- Жаттығу "Бірінші сынып оқушыларының аралы"
- Жаттығу "Тамаша бақша"
- Жаттығу "От"
- Жаттығу "Күн сәулелері"
- Жаттығу "Көбелектің ұшуы"
- Жаттығу: "Біздің жүректеріміздің жылуы"
Сабақ конспектілері
1-сабақ.
Мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Шиеленістің алдын-алу.
Сабақ барысы
Жаттығу: "Сәлем!"
Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.
Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Кейбір жағдайларда жұмырлана домалақталған шарфты пайдалануға болады. Мұғалімі көз қарасымен бірінің бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.
Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.
Жаттығу: "Жақсы жаңалықтар эстафетасы " Мақсаты: топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру. Барысы жаттығулар: Мұғалім: -сіздер кеше (осы аптада), өздеріңізбен болған жағымды бір оқиғалар жөнінде айтып бересіздер. Оның үстіне, сіз айтып жатқанда, доп немесе жұмсақ ойыншық сіздің қолыңызда болуы керек. Сіз айтып болған соң, жағымды жаңалықтар эстафетасын, яғни допты көршіңізге бересіз, осылайша доп шеңбер бойынша айналып шығады.Жаттығу: «Өз құйрығын тістеген айдаһар»
Мақсаты: ыңғайсыздық пен шиеленісті шешу.
Жаттығулар барысы: Балалар бір тізбекке тізбектеліп тұрады. Бір-бірінің белдерінен ұстайды. Жетекші кім "басы", ал кім "құйрығы" болатындығын көрсетеді. "Құйрықтың" міндеті "басқа" ұстатпай қашу, бірақ тізбекті үзбеу. Ойын әуен астында өтеді. 2 минуттан кейін басы мен құйрығы өзара алмасады.
Жаттығу: "Менің күлкілі портретім"
Мақсаты: танысу, жұмысқа тарту.
Жаттығу барысы: Мұғалім: "Ал қазір мен әркімге өз автопортретін салуын ұсынамын". Біздің сабақтарда сіз сурет салуды өзіңізге қалай үйреншікті, сол әдіспен саласыз, түрлі-түсті қарындаштар немесе фломастерлер арқылы салуыңызға болады". Оқушылар әуен астында сурет салады.
Аяқталғаннан кейін мұғалім әр оқушының суреттері бойынша презентация ұйымдастырады. Мұғалім: "Біздің суреттер дайын. Кел оларды бір-бірімізге көрсетейік". Балалар өздерінің автопортреттерін бір-біріне көрсетеді және тақтаға іледі.
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығу барысы : Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы : Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын. Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
2-сабақ.
Мақсаты: Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.
Сабақ барысы
Жаттығу "Менің атым . . . Мен өзімді сүйемін, себебі . . . "
Мақсаты: Топтағы қатысушылардың аттарын еске түсіріп, қалпына келтіру және жұмыс атмосферасын құру.
Жаттығу барысы. Жаттығу шеңберде өткізіледі. Әрқасысы кезек-кезек екі сөз тіркестерін "Менің атым . . . " және " Мен өзімді сүйемін, себебі . . . " деп айтады. Сіздердің тілектеріңіз жөнінде даулар және талқылаурға көңіл бөлінбейді. Жай ғана оларды кезекпен, әділ және тез айтамыз.
Жаттығу: "Көңіл-күй неге ұқсайды?" Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін анықтау. Жаттығу барысы. Ойынға қатысушылар олардың бүгінгі көңіл-күйінің қандай табиғи құбылыс немесе ауа райына ұқсайтындығын кезек-кезек айтады. Салыстыруды ересектердің бірінің бастағаны жақсы: "Менің көңіл-күйім байыпты көгілдір аспандағы ақ мамық бұлттарға ұқсас, ал сенің?"Ойын шеңберде өткізіледі. Ересек біреу барлық топтың дәл бүгінгі көңіл-күйі қандай екенін қорытады: мұңды, көңілді, күлкілі, ашулы және т. б. Балалардың жауаптарын интерпретациялау кезінде, естеріңізде болсын, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, бұлыңғыр аспан, агрессивті элементтер эмоционалдық қиыншылықтардың бар екенін куәландырады.
Жаттығу "Оқушы болған қалай екен".
Мақсаты: оқушы мәртебесін сезіну.
Жаттығу барысы. Психолог сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
- Сіз - оқушысыз. Бұл не деген сөз?
- Оқушылар өздерін қалай ұстауы керек?
Тақтада әртүрлі жағдайларға байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар әдебіне жат қылықтарды тауып, тақтадан алып тастау керек.
Төбелес «5» алу Мұғалімнің тапсырмасын
орындау
Сабақ үстінде ойнау Жаңа киіммен Ұлдармен достасу
мақтану
«Мектепке дейін - оқушы» тақырыбында сурет салу.
Мақсаты: "Мектепке дейінгі" және "оқушы"позицияларының
айырмашылықтарын түсіну
Жаттығу барысы. Балаларға екі сурет салу ұсынылады: "Мен мектепке дейінгі кезеңдемін", "Мен - оқушымын" ("Бірден қайсысы қай тақырыптағы сурет екенін анықтауға болатындай қылып салады, бірақ ешкімге айтпайды") . Уақыт шектеледі (20-25 минут) . Сурет салу барысында, жетекші қанша уақыт қалғанын үнемі еске салып отырады. Кез-келген оқушы өзінің не салғаны туралы айтып беруіне болады. «Біз енді оқушымыз» деген тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылады.
Сонымен, бүгін біз мектепке не үшін баратындығын білдік, көп жаңаны үйрену, білу үшін барады екен.
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығу барысы : Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы : Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын. Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
3 сабақ.
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымының ұйымшылдығын дамыту.
Сабақ барысы
"Рөлдік гимнастика".
Мақсаты: топтың одан әрі жұмыс істеу үшін қыздырып алу
Балалар ым мен ишараттар көмегімен түрлі жануарларды: қасқыр, қоян, түлкі, аю және т. б. кезек-кезек бейнелейді
Жаттығу: "Орман тұрғындары"
Мақсаты: орманды мекендеушілер туралы білімді жалпылау.
Жаттығулар барысы. Балаларға орманда қандай жануарлар өмір сүретіндігін еске түсіруі керек.
Психолог бірінші сынып оқушыларына мынадай ертегілер оқиды.
М. А. Панфилова "Орман мектебін" құру ертегісі
Ертеде бір кірпі болған екен. Ол кішкентай, дөңгелек, сұр түсті, үшкір мұрынды және қара түйме-көзді болған. Кірпінің арқасында нағыз өткір істіктер бар болатын. Бірақ ол өте мейірімді болатын. Кірпі мектепте өмір сүрді.
Иә, дана мұғалімдер көп балаларды оқытатын кәдімгі мектепте өмір сүрді.
Мұнда қалай келгенін, Кірпінің өзі де білмесе керек, оқушылардың бірі оны "тірі табиғат бұрышына" кішкентайынан әкелді ме, ал мүмкін, ол мектепте дүниеге келген шығар. Ес білгелі кірпінің есінде қалғаны, мектеп қоңырауының сыңғыры, оқушылардың мейірімді қолы, дәмді астары және сабақтар . . .
Кірпіге сабаққа барған өте қатты ұнады. Балалармен бірге Кірпі оқуды, жазуды, санауды және басқа да пәндердіоқып үйренді. Әрине, бұл адамдарға байқалмай өтіп жатты. Оларға Кірпі өмірге қуанып жүгіріп жүргендей көрінетін. Ал Кірпі армандап жүр еді . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz