Прокуратурадағы қызметті ашу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ожсөж
Тақырыбы: Прокуратурадағы қызметті ашу.

Орындаған:Игисинов Д.К.
Тексерген:Ерланова А.Е.
Негізгі сұрақтары:
Мамандарды жинақтау, орналастыру және тәрбиелеу;
Прокуратура қызметкерлері лауазымына тағайындалатын тұлғаларға қойылатын талаптар;
Прокуратура қызметкерлеріне сыныптық шендер беру және аттестациялау. Тәртіптік жауапкершілік және көтермелеу шаралары;
Прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау. Еңбекті құқықтық реттеу.

Прокуратура органдарында мамандарды жинақтау, орналастыру және тәрбиелеу жұмысын басшылар мен қатар, кадр қызметі жүзеге асырады. Кадр қызметі көп салалы және өз ерекшеліктерімен сипатталады. Кадр қызметі мамандарды жинақтау, орналастыру және тәрбиелеу жұмысымен қатар, кадр жұмысына есеп жүргізеді талдайды, аттестация өткізеді, кадр резервімен жұмыс жүргізеді, заң факультеті студенттерімен біліктілігін көтеру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қалалық (аудандық) прокуратурада тек алдын ала орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару және тәртіптік жауапкершілікке тарту жұмысымен облыстық және бас прокуратура айналысады.
Прокуратура органдарының көпшілік қызметкерлері жұмысын адал және кәсіптік жағынан жоғары жүргізеді. Сонымен қатар, кейбір қызметкерлер қызметтік әдепті сақтамайды, өз билігін асыра пайдаланады. ҚР бас прокуроры өз бұйрықтарында барлық прокурорлар мен прокуратура қызметкерлері саяси көзқарасы жағынан жоғары және сатып алуға жатпайтындай, объективті болу міндетін көздейді.
Прокуратура органдарына мемлекет жоғары талаптар қояды. Себебі осы саладағы қызметкерлер кең көлемді құзыретке ие: қылмыстық іс қозғайды, адамның жеке өміріне қол сұққанға санкция береді т.б.
Барлығына мәлім, егер кең көлемді билік бергенде оны асыра пайдалану да қауіпті.
Егер прокурор кәсіби қателікті қасақана жібермесе, онда сәйкесінше жауапкершілік тумайды.
Прокуратура органдарының қызметкерлері келесі қасиеттерге ие болу керек:
кәсіптілік;
ізгілік;
заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда қылмыспен күресте күш жігер салу;
бастамашылдық.

2.Прокуратура туралы ҚРЗ 48-бабында прокуратура органдарының қызметкерлеріне қойылатын кәсіби, өнегелі-әдептік талаптар көзделген:
1. Прокурор - өз құзыреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерін білдіруді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының басқармалары мен бөлімдерінің аға прокурорлары және прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.
Әскери, табиғат қорғау, көлік, сондай-ақ арнайы объектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Әскери міндетті прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарында арнаулы есепте тұрады.
Прокуратура органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне, бiлiктiлiгiне және арнаулы қызметтегi стажына сәйкес мынадай сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi:
- жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi;
- 1-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;
- 2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;
- 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;
- аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;
- әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигi;
- кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;
- 1-сыныпты заңгер, әдiлет капитаны;
- 2-сыныпты заңгер, әдiлет аға лейтенанты;
- 3-сыныпты заңгер, әдiлет лейтенанты;
- кiшi заңгер.
Жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.
Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртiбi және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.
Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы Ереженің 27-бабына сәйкес шендер мен лауазымдар еңбек стажына, жақсы мінездемесіне қатысты беріледі.
Осы ереженің 28-бабына сәйкес келесі сыныптық шендер, келесі лауазымдарға сәйкес келеді:
жоғары сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi - ҚР бас прокуроры;
- 1-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі - Бас прокурордың бірінші орынбасары;
- 2-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты; - Бас прокурордың орынбасары;
- 3-сыныпты мемлекеттiк әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры; - Облыс прокуроры, бас прокуратура департаменттер бастықтары;
- аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi; - Департамен басшыларының орынбасарлары, облыс прокурорының орынбасары; т.б.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы.
Конкурс:
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындауды жүзеге асыратын бос лауазымдарға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (бұдан әрі - Бас прокуратура);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ҚСжАЕК-нің Төрағасымен;
облыстық, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы, ҚСжАЕК-нің аумақтық бөлімшелерімен - тиісті уәкілетті басшыларымен;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен (бұдан әрі - Құқық қорғау органдары академиясы) - Құқық қорғау органдары академиясының ректорымен.
Конкурс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, конкурстан тыс қызметке қабылдануға құқығы бар адамдардың, бос орынға орналасуға резервке енгізілген кандидаттардың қатарынан өздерінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері бос орынға орналастыруға сәйкес келетін кандидаттар болмаған жағдайда жарияланады.
Азаматтар іріктеуге және конкурсқа қатысу шығыстары (тестілеу, әңгімелесу, тағылымдама өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) азаматтардың өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзіледi.
5. Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі:
1) нысандағы өтініш;
2) нысандағы сауалнама;
3) нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;
11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;
12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 25.02.2016 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Прокуратура органдарына қызметке қабылдау кезінде конкурс өткізу
Прокуратура органдары конкурс өткізу үшін конкурстық комиссияны құрады.
Прокуратура органының басшысының немесе өкілетті басшысының бұйрығымен бекітілетін конкурстық комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауы тиіс.
Конкурстық комиссияның орнында жоқ мүшелерін алмастыруға тыйым салынады.
Конкурстық комиссияның хатшысы болып прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесінің өкілі табылады және ол оның ұйымдастырушылық жұмысын қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурстық комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кадр жұмысы жөніндегі бөлімшелердің өкілдері және өзге де қызметкерлер енгізіледі.
Конкурс жарияланған бос лауазымы бар бөлімшелердің басшылары конкурстық комиссияның жұмысына қатысу үшін шақыртылуы мүмкін, олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдарының қызметі
Әділет органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
Прокуратура қызметіндегі жетілмегендіктер
Құқық қорғау органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің құқықтық негіздері
ҚР-ның прокуратурасы
Прокуратураның құқықтық актілері
Құқық қорғау қызметі
Қазақстан Республикасының прокуратурасының міндеттері
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Пәндер