Қазақстандағы химиялық өндірістер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚазККА

Реферат

Тақырыбы: Қазақстандағы химиялық өндірістер

Орындаған:

Қабылдаған:

2020-2021 оқу жылы

Қазақстандағы химиялық өндірістер

Химиялық өнеркәсіп өнеркәсіптің басқа салаларының арасында ең маңызды орындардың біріне ие. Химиялық өнеркәсіптің маңыздылығы ол қазіргі заманда қоғамның өміріне өте қажетті кептеген өнімдерді дайындайды. Химиялық өнеркәсіп өнеркәсіптің басқа салаларының арасында ең маңызды орындардың біріне ие. Химиялық өнеркәсіптің маңыздылығы ол қазіргі заманда қоғамның өміріне өте қажетті кептеген өнімдерді дайындайды. Қазіргі заманғы химиялық өндіріс, негізі химиялық технология болатын, мамандандырылған өндіріс болып табылады. Химиялық технология табиғи материалдардың өндіріс құралдарына (өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қолданылатын өнімдер, жартылай өнімдер) және тұтыну құралдарына дейін өңделу процестерін қарастырады. Нақты химиялық өндіріс дегеніміз, шикізатты дайын өнімге дейін өңдеуге қажетті, бір-бірмен байланысқан технологиялық процестер мен аппараттардың көптеген сандарының қосындысы болып табылады.

Бүгінгі таңда біздің мемлекет экономикасы әртараптандыруға, жаңа химиялық өндірістерді құруға және орнығуға бағытталған. Қазақстанның осы саладағы ниеті өте маңызды, оны осы күнгі өнеркәсіп саласының дәрежесінен байқай аламыз.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының соңғы кеңістігі химия өнеркәсібін құру болып табылады. Химия өнеркәсібі, мұнай-химия және кен-металлургиялық ансамбльдермен қатар, электр энергетикасы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер етеді, өйткені химиялық өндіріс өндіруші экономиканың барлық салаларын біріктіреді.

Қазақстанда фосфорит және барит рудасы, ас тұзының айтарлықтай қоры бар. Облыстық химия өндіріс саласын жергілікті табиғи шикізатты қолдана отырып дамыту мүмкіншілігі бар. Өндіріліп жатқан заттардың өзгешелігімен және бірігейлігімен өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруге болады. Сонымен қатар химия өндірісінің маңызды өнімдері импортталады, ол аймақта өндіріс өніміне сұраныстың өсуі тұралы дерек береді. Химия өндірісі өнімінің импорты 2015 жылы 204, 1 млн. АҚШ долларын құрады. 2013-2015 жылдар импорт өсімі 32%-ды құрады. Импорттың жалпы көлемін химиялық және минералдық тыңайтқыштар құрайды. Ол бүкіл импорттың саладағы 13%-ын құрайды. 2015 жылы химиялық өндіріс кәсіпорындары арқылы 2, 9 млрд. теңге өндірілген.

Әлемдік күкірт өнеркәсібі әлі күнге дейін екі сектордан тұрады: дискрециялық және дискрециялық емес. Күкірттің жалпы өнідірісінің көлеміндегі дискрециялық бөліктің үлесі кемінде 10% құрайды. Қазақстанда күкірт қышқылын өндіру үшін шикізат Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарының (Қазақмыс АҚ), Өскемен және Шымкент қорғасын-мырыш комбинаттарының (Қазмырыш АҚ) қалдық газдары болып табылады. Күкірт қышқылын бағасына оның тұтынушыға дейін жеткізетін тасымал шығындары барынша әсер етеді. Қазіргі кезде Қазақстандағы күкірт қышқылының өндірісі жылына шамамен 1 млн. тоннаны құрайды және уран кендерін жерасты сілтілеу үшін тыңайтқыштар мен басқа да өнімдерді өндіру үшін жылына 1 млн. тоннадан астам күкірт тұтынылады.

Елімізде күкірт қышқылын тұтынудың жалпы көлемінің 14 бөлігі фосфорлы тыңайтқыштар өндірісіне келеді. Болашақта Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорлы, азот-фосфорлы және кешенді тыңайтқыштар өндіру жобаларына кеннің қышқылға 1:3 қатынасында күкірт қышқылы қажет. Фосфорлы концентрат алу көлемі ұлғаюына байланысты Қазфосфат ЖШС қуаттылығы 650 мың тонна күкірт қышқылы цехын салу жоспарлауда.

Хлор - сілтілі өнімдер: каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы, натрий гипохлориті. Каустикалық сода металлургия кешенінд, хлор негізінен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында суды тазарту үшін пайдаланылады. Натрий гипохлориті жалпы жеңіл өнеркәсібінде өңделген теріні тазарту үшін қолданылады. Қазақстан Республикасында хлор-сілтілі өнімдерінің өндірісі болмаған. Қазақстан Республикасы 2011 жылы 94, 6 мың тонна көлемінде каустикалық сода, 12, 4 мың тонна көлемінде хлор, 29 мың тонна көлемінде тұз қышқылын және 1, 3 мың тонна көлемінде натрий гипохлоритін импорттады.

Павлодар қаласындағы Каустик АК зауытының негізінде жаңа қондырғы құрылысы аяқталды, ол тек хлорды ғана құюмен айналысады. Жаңа зауыттың өнімділігі - жылына 30 мың тонна каустикалық сода, 9, 6 мың тонна хлор газын және 45 мың тонна көлемінде хлор бөлшектерінің тұз қышқылына ауыстырылуы құрайды. Каустикалық соданы және сұйық хлорды ион алмастырғыш мембраналыры бар электролизерлерде сынапсыз технологиямен ас тұзын электролиздеу тәсілі арқылы өндіру жоспарланып отыр.

Павлодар қаласындағы Каустик АҚ жобасының іске асырылуына мынадай факторлар ықпалдасады: бастапқы шикізатқа қолжетімділік, электр энергиясына қолжетімділік, дамыған инфрақұрылымның болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия өнеркәсібінің даму кезеңдері
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні
Химия өнеркәсібі
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Тұжырымдамасы
Сары фосфор өндірісінің есептеулері
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Техногенді сипаттағы апаттар.
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Индустриялық - инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz