Қорқыт атаның өмір философиясы


Қорқыт атаның өмір философиясы
Адамзат тарихында өзінің көрнекті орнымен, даналық тағылымдарымен орта ғасырлар белесінде белгілі болған үлкен мифтік
құбылыстардың бірі - Қорқыт Ата есімі. Қорқыттың дүниеге
көзқарасы, дүниетанымдық жүйесі, құндылықтар әлемі, немесе
тұтастай алғандағы философиясы түркі әлемінің, оның ішінде қазақ
руханиятының қайнар бастауы, алғашқы рухани іргетастарының
бірі. Қорқыт туралы аңыздардың түгелдей түркілер дүниесінде
және қазақ даласында кең тарағаны соншалық оны білмейтін
адам Еуразия ауқымында кемде кем шығар. Әркім де өмір туралы
толғанғанда үнемі Қорқыт келбетін есіне түсірмей кетпейді, Қорқыт
туралы жырлар мен аңыздар оны айналып өтуге болмайтындай әсер
қалдырады. «Сырдарияның бойындағы Жанкент деген шаһарда
Қорқыт дүниеге келді» деген тұжырымға барлық түркі халықтары
тоқтайды, бірақ қайтыс болған жері жөнінде кейбір пікірталастар
бар. Оның бейіті үш елде бірдей бар екені жөнінде дерек белгілі.
Біреуі Түркияда болса, екіншісі Әзірбайжан жерінде, үшіншісі қазақ
жеріндегі Сыр бойында «Қорқыт» деген мекенде орналасқан, кейінгі
ұрпақ өткен ғасырда ол жерге төрт қобыздың бейнесін сомдап, жел
тұрғанда тамаша музыкалық әуен шығаратын кешен де жасаған.
Түркілік діл, руханият өзінің терең мағыналы тұжырымдарын
осы ерекше тұлғаны ескермей өрнектеген емес, дүниені рухани гүлдендіретін даналық үлгілерін, өмір туралы толғауларын сомдаған
емес. Сондықтан осындай тарихи, мәдени, философиялық феномен
жеткілікті деңгейде теориялық, метафизикалық деңгейде бағаланбаса, жан-жақты түрде жете зерттелмесе этникалық келбетімізге тікелей қатысты көптеген маңызды гуманитарлық мәселелер тиісті
шешімін таппай сыртта қала берері анық. Әрбір тарихи дәуірдің
«Адам мен Әлем қатынасы» туралы өз мойнына жүктейтін міндеттері мен түсініктері болады және ол келесі тарихи кезеңге өзінің
күрделі, шешімі табылмаған сұрақтарын философиялық мұра, ұрпақтарға арналған белгілі бір танымдық «сыйлық» ретінде қалдырып отырады. Осындай философиялық шырмауық сияқты өрілген күрделі өмірмәндік сұрақтарды өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырып
кеткен тарихи тұлға және мифологиялық феномен - Қорқыт деген
түркілік ғұлама, ол өзінше алғанда ерекше ғажайып рухани әлем
болып келеді, басқаша айтқанда, осындай ғасырлар бойы барлық
түрік дүниесін ойландырып, толғандырып келген асуды, белесті
топтағанда Қорқытнама мәселелері деуге болады.
Еліміз саяси және рухани тәуелсіздігіне қол жеткізген тарихи
кезеңнен бері өзінің рухани кеңістігіне тарихи және идеялық
бастаулары болған түркілік орта ғасырлардың мәдени құндылықтарын ғылыми сараптаудан өткізуге түбегейлі бетбұрыс жасады.
Бұл да жаңа рухани құндылықтарды, басқаша айтқанда, тарих сахнасында ұмытылудың алдында тұрған тарихи және мәдени кұндылықтарымызды жандандыруымыздың заманы келгенін білдіреді.
Осындай игілікті қадамдар мен нәтижелі әрекеттер, ғылым мен
білім саласындағы ізденістер ұлттық бірегейленуімізді жаһандану
заманында объективті және Ақиқатқа сәйкес түрде сипаттауға мүмкіндіктер ашатынына септігін тигізетініне сенуге болады. Әрбір
этникалық қауымдастық ғасырлар бойы қордаланған өзінің рухани
байлығын үнемі сараптаудан өткізіп отыруы тиіс. Сонда ғана жас
ұрпақ оны заманауи талаптарға сәйкес игере алады, бойына сіңіре
алады. Ал, енді тарихи санамызда ежелден терең орын алып келген
Қорқыт есімін қадірлеу және ғылыми талдау мақсатында үлкен
Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми орталарда Қорқыт Атаға арналған
ғылыми-теориялық конференциялардың өткізілуі, еліміздегі
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында 12 батырлық
жырлардан тұратын «Қорқыт Ата кітабынан» маңызды мәтіндердің
жарияланып, оларға түсіндірмелердің берілуі, осы күрделі тақырыпқа философиядан ғылыми диссертациялардың қорғалып,
аңыздық тұлғаның шығармашылығының жан-жақты қырларын
баяндаған мақалалардың, шығармалардың көптеп жарық көруі
өткен тарихымызға, этникалық болмысымызға, мәдени келбетімізге
құрметпен қараудың бастамасы, этномәдени байлығымызды асқақтатудың көрінісі деп бағаланатын іс-қимылдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1997 жылы Қызылордада өткен «Қорқыт Ата және түркі әлемі» деген халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда төмендегідей болашақ
ғылыми ізденістерге маңызды құндылықтық бағдар, терең ғылымиәдіснамалық іргетас болатын тұжырымдарды жариялады: «Түбі
бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың
кейіпкері Қорқыт бабамыз баршамыздың рухани болмысымыздың
алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қол жетіп, өзінің өткеніне көз жібере бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше
зор дер едім. Өйткені, оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын
айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен
де жақсы үйлесім тауып отыр. «Өлген кісі тірілмес, өткен қайтып
келмес», - дейді абыз өзінің сөзінде. Ия, өткенді қадірлеуге, одан
сабақ алуға болады, бірақ оған қайтып оралу жоқ екен, тек ілгері
ұмтылу қажет. Осы қарапайым айтылған кемел ойды келешегіне
үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп, Орталық
Азия Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де мұқият
зерделесек болады. Аңыз бойынша Қорқыт бабамыз артына адамның
өлімнен қашып құтылмайтындығы, оның ғұмырын жарық дүниеде
бітіріп кеткен жасампаздық ісі мен өшпес өнері ғана жалғастыра
алатындығы туралы данышпандық пәлсапалық байлам қалдырды.
Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр бойы темірқазық етіп
ұстар бағдаршамы болуға лайық десек, қателеспейміз . . . » .
Әрине, тарихи санадағы, уақыт пен кеңістік ауқымындағы өмір
туралы түсініктердің, пайымдаулардың әр қилылығында шектеу
жоқ екені анық, олардың неше түрлі нұсқалары көптеген халықтың
рухани қазынасында орын алғанына шүбә келтіруге болмайды.
Дегенмен, адамзат атаулыны осы мәселе төңірегінде бір жерден
түйістіріп, оларды бір-біріне жақындатып тұратын идеялар, терең
ойлар болады. Міне, сол идеялар кейбір заманда әлемге жұлдыздай
жарқ етіп жарыққа шыққанда адамның көңіліне үміт оты жағылады,
ол өз болашағына, қауымдасықтың болашағына сеніммен қарай
бастайды, бұл дүниенің шыныменде нұрлы жағы көбірек екеніне
тәнті бола түседі. Сондай мағынадағы, кейіптегі өмір философиясы
ғасырлар қойнауында туындаған болатын, оның қайнар көзі оғыздар
тайпасының ортағасырлық тұлғасы, жалпы түрік әлеміне ортақ
данагөй Қорқыт дүниетанымы болып келеді. Қорқыт есімі тарихи
дәуірлерді, әртүрлі замандарды өрлеп өтіп, қазіргі жаһандану
заманның адамымен өз даналығы арқылы сұхбатқа түседі, дүниенің
барлық қиындықтарын жеңуге болатын рухани күштердің адам
бойында мол екендігіне меңзейді, күйкі тірліктің мұқтаждығының
арқауында жүрген пендені өмірдің мәні туралы бір сәтке болса да
ойлантады, рухани қуат беріп, толғантады.
«Қазіргі кезеңге дейін Қорқыт дүниесін тануда, пайымдауда кең
мағынадағы ғылыми әрекеттер, ізденістер жасалмай келеді» десек, онда осы құбылысты зерттеп жүрген көптеген әріптестеріміздің
еңбегін тиісті деңгейде елемеген болар едік. Түрік, әзірбайжан,
түркімен және орыс ағайындардың Қорқыт Ата бейнесін зерделеу
мақсатында жасаған еңбектерін атап өткен жөн. Тіпті, ерте замандардан Батыс Еуропа кеңістігінде, атап айтқанда, Ватикан мен
Дрезден кітапханаларында сақталып келген «Қорқыт Ата кітабының»
алғашқы нұсқаларының өзі халықтар жасаған мәдениеттердің өзара
ықпалдасуы мен тарихи сабақтастығы тұрғысынан алғанда керемет
құнды дерек. (Оларды қағаз бетіне түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырған бабаларымыздың, мәтінді мәдени мұра ретінде жинақтап,
сонымен қатар тарихи мұрағат ретінде сақтауға түсірген аты белгісіз
кісілердің еңбегін бағалаған да жөн. Тарихта кейде есімі белгісіз
болса да жалпыадамзат мәдениетіне, рухани байлығына шынайы,
риясыздықпен қызмет етушілердің әр уақытта болғаны қуантады, ол
адамдарды, мәдениеттерді бір-біріне жақын ете түседі) .
Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұлан Қорқыт бейнесін
айқындаудағы, оның мұрағатын кейінгі ұрпаққа тиісті деңгейде
ұғындыруда түрік, әзірбайжан ғалымдарының еңбегін жоғары
бағалайды. Мәселен, ол «Деде Қорқыт» дастанын терең зерттеп, ол
туралы дүние әдебиетіне көп үлес қосқан түрік ғалымдары екенін
атап өтеді. Олардың ішінде көп орынды пікір айтқан ғалым
Фуад Копрюлу деп және ол ақындар, жыраулар шығармашылығы
мен оғыз билеріне ерекше көңіл бөлетіндігін атап көрсетеді.
Автордың түркістандық діни ойшыл Қожа Ахмет Иасауидің өмірі
мен шығармашылығын жақсы тереңдікте зерттегені алға тартылады.
Ол бір ғана араб тілінен ғана емес, сонымен қатар парсы, ескі түрік
тілдерінен мағлұматтарды алғандығы өте құнды әрекеттер екендігі
атап өтіледі.
«Дрезденде сақталған «Кітаби Деде Коркут» жырын түрік
тілінде бірінші рет басқан мұғалім Рифат, одан кейін қазақтар
мен түркімендердерде айтылатын көп қария сөздерді толығынан
кіргізіп, жаңадан басып шығарған Стамбул университетінің профессоры Орхан-Шайық Гокяй. Ватикан мен Дрезден нұсқаларын
бірдей қамтып, бірінде жоғын екіншісінен алып, жаңадан бастырған
Мухарем Ерган. Олармен қатар әдебиетші ғалымдар Илхан Батгоз
бен П. Н. Баратау өз үлесін қосқан», - деп қазақтың белгілі оқымыстысы зерттеушілердің еңбегіне адал баға береді . Әрине,
жазба әдебиетіне мәдени жәдігер ретінде құрметпен қарау кез
шын мәнінде келген елдің, мәдени субъектінің есейгендігін, белгілі
бір өркениеттік биікке көтерілгенін білдіреді. Сонымен, түркілік
әлемнің тұтастығын білдіретін, өзара мәдени ынтымақтастықты, ықпалдастықты орнықтыратын шығармаларға түсініктемелер, оларды герменевтикалық сипатта талдаудан өткізу жас ұрпақтың тарихи
санасын өркениеттік мағынада шыңдай түседі, кемелдендіреді.
Еуразиялық кеңістіктегі тарихи тек әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдағы байланыстар ғана емес, негізінен түркі халықтары
арасындағы дүниетанымдық тұрғыдағы сұхбаттар, үндестіктер
этносаралық рухани өзара түсінісуді асқақтатады, өзара құндылығы
мол рухани көпірлерді орнатады. Жалпы түркілік руханияттың
шынайы құндылықтық сипатта көрініс беріп, этномәдени кеңістікте
орын алуы маңызды және оған қазіргі заманның саяси кедергілері
мен кейбір өркөкіректі саяси өзімшілдіктері де қарсы тұра алмайды.
Өйткені, ол қауымдастықтың табиғи-тарихи даму заңдылығына
арқа сүйейді, жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне қайшы
келмейді. Жалпы мәдениеттің даму аясындағы шығармашылық
пәрменділікті, мәдени ықпалдасуды кейде бәсеңдететін үрдістер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz