Қоғамдағы гендер мәселесі: Отандық білім беру аясында

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының 4-бөлімінде Гендерлік білім беру. Құқықтық және гендерлік оқу-ағарту проблемасы кең түрде қарастырылған. Осыған сәйкес: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институты бір қатар ғылыми жұмыстар атқаруда. Аталған институттың мақсаты - гендерлік сезімтал және білікті, еліміздегі білім жүйесіне гендерлік тәсілдерді ендіруге икемделген педагогикалық мамандарды даярлауға ықпал көрсету, гендерлік проблемаларды кешенді түрде зерттеу. Оқу үдерісі мен бағдарламаларына инновациялық білімді енгізу болып табылады. Институт директоры, философия ғылымдарының докторы Қодар Зәмзә Мүтәшқызының жетекшілігімен педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жүрген жоғары оқу орындарының студенттері үшін қазақ және орыс тілдерінде Гендерлік білім: теориясы мен тәжірибесі атты оқу құралын, этногендерология тұжырымдамасын сондай-ақ, бүкіл білім беру жүйесі үшін гендерлік көрсеткіш өлшемдерін әзірлейді.
ЮНЕСКО-ның қолдауымен Баршаға арналған білім атты Ұлттық бағдарламаның шеңберінде гендерлік білім беру бойынша жоба іске асырылды. Осы бағытты ұстана отырып, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті біздің педагогикалық эксперименттеріміз жүргізілген негізгі нысан болғандықтан, қазақ тілін жобалай оқыту технологиясының бір арнасын осы гендерлік саясат шеңберімен ұштастыру көзделді.
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 30 ел қатарына қосылуды мақсат еткен даму барысында гендерлік бағыттың дамуы да үлкен мәртебе болып танылады. Сондықтан да Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқытылатын барлық пәндер жүйесінің бір компоненті есебінде, мейлі арнаулы курстар түрінде болса да, гендерлік міндеттің бір мәселесі қарастырылып отырылуы заңдылық.
Аталған құжатта гендерлік білім берудің қажеттілігі гендерлік саясатты күшейтуге мүмкіндік беретіні туралы атап көрсетілген. Сонымен қатар, қазақ әйелдері үшін аса маңызды болып табылатын мынадай мәселелердің осы құжатта атап көрсетілуін мақұлдау керек:
− гендерлік оқу-ағарту мәселелеріне жеткілікті түрде назар аудармау қоғамдағы демократиялық үдерістердің даму қарқынын төмендетуі мүмкін;
− білім деңгейінің жоғары болуы жұмыс істейтін маман әйелдердің кәсіптік және лауазымдық өсу перспективаларына кепілдік бермейді;
− гендерлік оқу-ағарту қажеттілігі туралы ақпараттық науқандардың болмауы қабылданатын шаралардың тиімділігін кемітеді.
Осы айтылғандар, біздің ойымызша, жоғары оқу орындарында оқытылатын барлық пәндік курстарға, соның ішінде Қыздар педагогтік университетіне тікелей қатысты. Осы себепті гендерлік саясаттың тиімділікпен жүзеге асуында Қазақ тілі пәнін оқыту үдерісінің де қоса алатын ішкі мүмкіндіктерін іздестіру - пән оқытушыларының міндеті. Гендерлік талдау біртіндеп өмірдің барлық саласына еніп жатыр. Сондықтан жоғары оқу орындарында білім беруге де гендерлік тұрғыдан талдау жасалынуы қажет. Әлеуметтікгендерлік мәселе әлеуметтік және гендерлік талдаудың жекежеке талдау әдістерін араластыра қолдана отырып, интерактивті әдістерді қолдану қажеттігін дәлелдейді.
Интерактив әдістер арқылы тұлғалардың өзара қарымқатынасқа түсуі - бойжеткен студенттердің өздерінің әлеуметтік орнын түсінуге, болашақтағы мамандығына биік жауапкершілікпен қарауына, нарық экономикасындағы бәсекелестікке төтеп бере алуы үшін білімді өз бетімен көп іздеуге тура келетінін түсінуге, өз бетімен шешім қабылдай білуге дағдыландырылуының кепілі.
Осы бағыттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін студенттерге тіл сабағында ұсынылатын гендерлік тақырыптармен байланысты жобалар орындатудың маңызы зор. Жобаларға гендерлік мәні айқын көрінетін тақырыптарды енгізіп, оларды талдау жолдары студенттерге жүйелі түрде үйретіледі. Гендерлік талдау әдістері төмендегідей болып келеді:
− гендерлік проблемалық топты анықтау;
− ол топтың ішіндегі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін айқын көрсететін топты анықтау;
− түрлі әлеуметтік топтар тәжірибесінен кесінді ала отырып, гендерлік проблемалық жағдаятты басқару факторларын анықтау және талдау;
− анықталған гендерлік проблеманы шешудің стратегиясын, әлеуметтік басқару жүйесінің мүмкіндіктерін және ресурстар көлемін анықтау.
Біздің зерттеу нысанымыз қазақ тілін жобалай оқыту технологиясы болғандықтан, педагогикалық тәжірибе өткізілетін негізгі нысанға - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті алынғандықтан, гендерлік теорияның тілді оқытуға тигізетін игі әсерлерін де қарастырып, тиімді тұстарын зерттеуімізге теориялық тұғыр жасау орынды болмақ. Әрине, гендерлік теорияны толыққанды талдау біздің міндетімізге кірмейді. Бірақ, Қыздар педагогикалық университеті болған соң, оның өзіндік бір ерекшелігі қамтылуын қажет санадық. Өйткені әйел затының білім алу ерекшелігі осы Қыздар университетінде айқын танылады және қай пәнді оқытуда да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz