Қазақ паремиологиясының қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ паремиологиясының қалыптасу тарихын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастауға болады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейінгі кезең, негізінен, қазақ мақал-мәтелдерін халық аузынан жинақтау, қағаз бетіне түсіру, жеке басылым ретінде шығару жұмыстарының жүргізілуімен сипатталады.
Қазақ мақалдары мен мәтелдерін ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге жинап, жеке жинақтар етіп шығаруда Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ф.Катанов, В.В.Катаринский, П.М.Мелиоранский, Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов сияқты ағартушы-ғалымдардың қосқан үлесі ерекше.
Жалпы тілтанымдық зерттеулерде мақал-мәтелдерді фразеологияға жатқызуға олардың құрылымдық-мағыналық тұрпат және коммуникациядағы қызмет тұрғысынан фразеологизмдерге ұқсауы себеп болып келді. Дегенмен мақал-мәтелдер табиғатының фразеологизмдерден мүлдем басқаша бітімі лингвистер назарынан тыс қалған жоқ. Мәселен, М.М.Копыленко және З.Д.Поповалар мақал-мәтелдер фразеологияны толықтыратын қайнар көздердің бірі екенін атай отыра:
Мақал-мәтелдер қанатты сөздер сияқты - тілдің лексика-фразеологиялық жүйесінің компоненті де, фрагменті де емес, дербес кіші-гірім көркем мәтін, сондықтан ол - фразеологизм емес, - дейді.
А.Е.Карлинский фразеологизмдердің предикативтік емес типтегі атауыштық сөз тіркестері, ал мақал-мәтелдердің аяқталған ойды білдіретін сөйлем түріндегі предикативтік типтегі коммуникативтік құрылым екендігін алға тарта отыра, бұл екі басқа құбылыстың бір ғана лингвистикалық пәннің, айталық, фразеологияның ауқымында зерттелуіне шүбә келтіреді.
Ғалым: мақал-мәтелдер, яғни паремиялар предикативтік типтегі кешенді сөйлесімдік құрылымдар ретінде фразеологияның шеңберінде емес, тілтанымдық дербес пән - паремиологияның зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы қажет, деп табады. Паремияларды талдаудың негізіне тіл иесінің психологиялық, логикалық және лингвомәдениеттанымдық ерекшеліктері алынуы керектігіне баса назар аудара отырып, А.Е.Карлинский:
* паремиология - нақты бір этностың мәдениеті аясында типтенген жағдаяттарды бейнелейтін предикативтік сипаттағы тұрақты стереотиптер туралы ғылым;
* паремиологияның тілдегі атауыштық бірліктерді зерттейтін фразеологиядан айырмашылығы - паремиология шындық болмыстың біршама күрделі фрагменттерін образ арқылы зерттейді. Образ - оқиғаның кеңістіктегі және уақыт аралығындағы сипаттамасын, субъектінің өзін, басқа да адамдарды қамтитын дүниенің субъективті бейнесінің жиынтығы;
* ой жүгірту мен бағамдау, ой қорыту мен пайым жасау паремиялардың логикалық субстраты болып табылады. Бұл субстрат предикативтіктілік және модальділік категориялары арқылы сөйлеудің шындығына айналады. Осылайша логикалық форма сөйлеу психологиясы саласына ауысады;
* мақал-мәтелдер басқа тілдік бірліктерге қарағанда этностың тілдік суретін, тарихы мен ұлттық-мәдени құндылықтарын толық бейнелейді және бекітеді, - деген тұжырымға келеді.
Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің маңызы
Қазақ паремиологиясының тіл білімінде зерттелуі
Жазушы Бауыржан Момышұлының ‟Ұшқан ұя повесі тілінің лексика - фразеологиялық ерекшелігі
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақыры романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Тахауи Ахтановтың Қаһарлы күндер романының тілі
Оралхан Бөкейдің “Қар қызы” повесінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Пәндер