Мұнай тасымалы


Магистралы мұнай құбырымен мұнай тасымалы «ҚазТранс Ойл» АҚ жүйесі бойынша еншілес ұйымдармен іске асырылады (жалпы ұзындығы 5323 км) . Теңіз көлігімен мұнай тасымалдау «Қазмортрансфлот» ҰТКК еншілес ұйымымен іске асырылады (Каспий теңізінде 12 000-13 000 тонна тасымалдайтын 6 танкер, сондай-ақ Қара теңізде «Aframax» типті кемелермен қорғалған) .
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Каспий құбыр желісі консорциумында 20, 75%, соның ішінде ҚР Үкіметі -19% және ҚПВ -1, 7% көлемде акционерлік капиталға ие.
Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың негізгі тасымал бағыты мыналар:
- Атырау-Самара құбыры ( «ҚазТрансОйл» АҚ - 100%) ;
- КҚК құбыры ( «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-20, 75%) ;
- Атасу-Алашанькоу құбыры ( «ҚазТрансОйл» АҚ-50%) ;
- Ақтау теңіз терминалы.
Қазақстандық мұнайдың көп бөлігі 2011 жылы КҚК құбырымен 29, 9 млн. тонна экспортталды және Атырау-Самара құбырымен 15, 4 млн. тонн тасымалданды. Қытай бағытында- 10, 9 млн. тонна тасымалданды. Теңіз көлігімен 9, 3 млн. тонна тасымалданды.
Каспий Құбыр желісі КонсорциумыҰзындығы 1510 км КҚК құбыры қазақстандық «Тенгиз» мұнай кен орнын және Қара теңіздегі «Оңтүстік Озереевка» мұнай терминалын (Новороссийск кемежайының маңында) қосады. Құбырды пайдалану сәтінен бастап (2001 ж) 265, 8 млн. тонна тасымалданды, соның ішінде қазақстандық мұнай- 223, 6 млн. тонна, 2010 ж. - 36 млн. тонна, соның 29, 9 млн. тоннасы қазақстандық мұнай. 2011 жылғы І жартыжылдықта КҚК жүйесі бойынша мұнай тасымалының көлемі 17, 5 млн. тоннаны, соның ішінде қазақстандық мұнай- 15 млн. тоннаны құрайды.
КҚК жобасының қатысушылары: РФ Үкіметі ( «Транснефть» АК» ААҚ) - 24%, ҚР Үкіметі («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ) - 19%, КТК «Компани» (РФ) -7%, өндіруші компаниялар: «Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани» - 15%, «Лукарко Б. В. » (ары қарай - Лукарко) - 12, 5%, «Мобил Каспий Құбыр желісі Компаниясы» - 7, 5%, «Роснефть-Шелл Каспиан Венчурс Лимитед» - 7, 5%, «Эни Интернэшнл (Н. А. ) Н. В. С. ар. л. » - 2%, «БГ Оверсиз Холдингс Лимитед» - 2%, «Қазақстан Пайплайн Венчурс КОО» (ары қарай - «ҚПВ») - 1, 75% және «Орикс Каспиан Пайплайн Лтд. » - 1, 75%.
Тенгиз және Қарашығанақ кен орындарында мұнай өндіру көлемін ұлғайту жағдайында және Қашаған кен орнын пайдалануға беруді жоспарлаудан бастап КҚК жобасының өзекті мәселелерінің бірі мұнай құбырының өткізу қабілетін ұлғайту болып табылады.
2010 жылғы 15 желтоқсанда КҚК акционерлерімен КҚК Жобасын кеңейту бойынша инвестиция туралы нақты шешім бір ауыздан қабылданды. Қабылданған шешім аясында Кеңейту жобасының қаржы-экономикалық және техникалық өлшемдері анықталды, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері кіреді. Жоба КҚК мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 28, 2 млн. т. -дан 67 млн. т-ға дейін ұлғайтуды қарастырады, соның ішінде қазақстандық учаскеде жылына 52, 5 млн. тоннаны құрайды.
2011 жылғы 1 шілдеде Атырау қаласында Кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын бастау салтанатты жағдайда өтті. Кеңейтуді 3 кезеңде өткізу жоспарлануда, сонымен жоба 2015 жылға қарай аяқталады.
Атырау-Самара құбыры
Құбыр ірі экспорт маршруттарының бірі болып табылады, ол арқылы қазақстандық мұнай Приморск, Новороссийск кемежайларына «Транснефть» жүйесі бойынша және Солтүстік-Батыс, Орталық және Шығыс Еуропа нарықтарына Достық жүйесі бойынша танымалданады.
2011 жылғы қорытындысы бойынша «Атырау - Самара» мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалының көлемі 15, 4 млн. тоннаны құрайды.
Қазақстан-Қытай мұнай құбырыҚазіргі уақытта шығыс экспортының бағыты белсенді дамып келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қытай ұлттық мұнай корпорациясымен бірлесіп Қазақстан-Қытай мұнай құбырының құрылысы бойынша жұмыс жүргізуде, оны іске асыру Қазақстан Республикасының жекелеген мұнай құбырлары жүйесін қосуға мүмкіндік берді және Қытайдың нарығына көмірсутек шикізатын жеткізуге мүмкіндік берді. Алдымен Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасы тәуелсіз Қазақстанның көмірсутек тасымалдау көп бағытты жүйесін құру саясатын іске асыру аясында мұнай тасымалы бағыттарын әртараптандыруға бағытталған.
Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысы екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезеңде Қазақстан Републикасы Үкіметі және Қытай Халық Республикасы арасындағы мұнай және газ аласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы Шекті келісімге сәйкес жүргізілген Атасу - Алашанькоу мұнай құбыры жобасы іске асырылады (Пекин қ., 2004 жылғы 17 мамыр) .
«Қаз ТрансОйл» АҚ және Қытай мұнай және газды барлау және өңдеу ұлтық корпорациясы мұнай құбырын салу мақсатында «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС құрды.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының жол арнасының ұзындығы 962 км. Құбырдың ұзындығы- 813 мм. Бірінші кезеңде өткізу қабілеті жылына 10 млн. тоннадан алдағы уақытта 20 млн. тоннаға дейін кеңейтіледі. Мұнай құбырының жол арнасы үш облыстың аумағы арқылы өтеді: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматыдан бастап ҚХР аумағындағы Алашанькоудың соғы пуктіне дейін. Жобаны қаржыландыру қытайлық тараптың кепілдігімен қарыз беру жолымен іске асырылады. Алғашқы кешен 2006 жылғы шілдеде іске қосылды, құрылысы 2008 жылы толық аяқталды.
2010 жылы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырымен 10, 1 млн. мұнай тасымалданды, 2011 жылғы І жартыжылдықта жоспарланған 5, 5 млн. тонна мұнайдың орнына 5, 8 млн. т. тасымалданды.
Өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры құрылысының жобасы Қазақстан-Қытай жобасының 2 кезеңі болып табылады және Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорацисы және «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арасындағы 2006 жылғы 20 желтоқсандағы келісімге сәйкес қытайлықтар тарапынан КҚК ЖШС күшімен іске асрылады.
Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры жалпы ұзындығы 794 км, диаметрі 813 мм, Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумағымен өтеді. Мұнай құбырының бірінші кезектегі өткізу қабілеті жылына 10 млн. тоннаны құрайды, жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайту қарастырылған. Жобаны қаржыландыру қытайлық тараптың кепілдендіруімен қарыз беру жолымен жүзеге асырылған болатын. 2009 жылғы қазанда іске қосу кешені пайдалануға берілді, 2010 жылғы желтоқсанда Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбырының бірінші кезектегі құрылыс жобасы толығымен аяқталды.
Екінші кезекті іске асыру аясында жобаның толық қуатына қол жеткізу көзделуде.
Қол жеткізілген келісімдер аясында 2010 жылы Атасу - Алашанькоу МЖБ 11 құрылысы басталды. Құрылысты аяқтау 2011 жылғы қыркүйекке жоспарланған. МЖБ 11 пайдалануға беру мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 12 млн. т. ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры пайдалануға берілген сәттен бастап 30, 8 млн. т мұнай тасымалданды.
Батуми мұнай терминалы«Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясы -100%
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы - «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясының (ары қарай - BIHL) 100% акциялар пакетін 2008 жылғы ақпанда сатып алды. BIHL - Батуми мұнай терминалымен қоса Грузиядағы бірқатар стратегиялық активтерге ие. Сондай-ақ, BIHL 49 жылға Батуми теңіз айлағын эксклюзивті басқару құқығына ие.
Батуми мұнай терминалы каспийлік мұнайды экспортқа тасымалдау кезінде пайдаланылатын теңіз пункті болып табылады. Сондай-ақ ММТ сұйылтылған мұнай газын асыру бойынша Қара теңіздің кавказдық жағалауындағы жалғыз терминалы болып табылады.
Батуми теңіз айлағы Грузияның батысында Қара теңіздің жағалауында орналасқан және теңіз, теміржол, автомобильдік және құбыр түріндегі көлік түрлерін біріктіретін көлік желісі блып табылады.
2011 жылы мұнай және мұнай өнімдерін асыру көлемі 2010 жылы 15, 4 млн. тоннаны құрады.
Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ және негізгі өндірістік активтер арасындағы басқарудың аралық деңгейін қысқарту мақсатында BIHL компания топтары құрылымын оңтайландыру, сондай-ақ BIHL топтарының өндірістік емес компанияларын тарату жүргізілуде.
BIHL компания топтарын құрылымын қайта құру бойынша іс-шаралар «Deloitte» консалтингтік компаниясымен әзірленген Қайта құру жоспарына сәйкес жүргізіледі.
BIHL құрылымын оңтайландыру басталғалы бері «Black Sea Maritime Ltd» және «Caucasus Maritime Ltd» компаниялары таратылды. «Alegratrans Overseas Ltd» және «Petrotrans Ltd» компанияларын біріктіру бойынша іс-шаралар аяқталды, сондай-ақ «Batumi Port Holdings Ltd» және «Petrotrans Ltd» компаниялары біріктірілді. «Batumi Port Holdings Ltd» компаниясынан Айлақтың 100% акциялар пакетін басқару құқығы Терминалға берілді.
BIHL компания топтары құрылымын қайта құру 2013 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесіТранскаспийлік жүйе Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында орналасқан мұнай құю терминалдарынан, Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай құю терминалдары мен «Баку-Тбилиси-Жейхан» жүйесіне дейінгі жалғағыш ғимараттардан құралатын болады. Мұнай құбырының өткізу қабілетін шегіне жеткізуді жылына 56 млн тоннамен кеңейтуді кезең-кезеңмен іске асыру қарастырылған. Жүйенің қуаты алғашқы кезеңдерде жүк жөнелтушілердің талаптарына сәйкес дамитын болады. Осы өлшем Қашаған кен орнының түзетілген жоспарына сәйкес өзгертілуі мүмкін. Транскаспийлік тасымалдаулар кезінде үлкен дедевейтті 60 мың тоннаға дейін танкерлер қолдану жоспарлануда.
Өз кезегінде Құрық айлағынан үлкен танкерлермен тасымалдауды ұйымдастыру жаңа көлік жүйесін құруды талап етеді, мұнда жүк тиеу қуаты (қоймалардың көлемі, біріктіретін/іске қосатын сорғылардың қуаты, кемені жағаға байлап шығаратын құралдарды қолдану ) көлік желісінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін шегіне дейін жеткізілген.
«Ескене - Құрық» мұнай құбыры
Бұл мұнай құбыры Ескенде (Атырау ауданында) орналасқан «Қашаған» кен орнынан келіп түсіп жатқан мұнайды әзірлеу зауытын Құрық айлағымен жалғауға арналған, аталмыш айлақта үлкен дедвейттік 60 мың тоннаға дейінгі танкерлерді қабылдауға арнап жаңадан мұнай құю терминалын салу жоспарлануда. Бұл ретте жобаланған мұнай құбырының жол арнасы қолданыстағы «Өзен-- Атырау - Самара» мұнай құбырымен бірге бір техникалық дәлізде өтетін болады, бұл құрылыс шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.
Жаңа құбырдың қуатын жүктеуге негіз болатын қашағандық мұнайдан басқа аталмыш бағытты өзге де мұнай компаниялары қолданатын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz