Атқарушы билік органдары туралы


Атқарушы билік органдары - қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі - атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Атқарушы билік органдарының қолында мемлекеттік - биліктік өкілеттіктердің болуы оларды қолында мұндай өкілеттігі жоқ ұйымдардан ерекшелеп тұрады (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерінен, түрлі мемлекеттік емес құрылымдардан
Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.
Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердің жалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
Агенттік - Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.
Ведомство - өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың бағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.
Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны - министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар - әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар - жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде “ұйым” деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия) .
Қазақстан Республикасының Үкіметі - Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.
Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Үкіметтің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі - мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап) . Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкіметті құру
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi - алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi - республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Өкiлеттiктері
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz