Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде "ұйым" деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия).
Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Әкім -- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілік Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жұйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатьн тиісті аумақты дамыту мүлделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) әкімшілікті облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі басқарады.
Әкім облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімшілікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімшілікті -- алқалы орган,ол занды тұлға болып табылмайды.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімшілігі заңдарға сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетті,сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс бюджетінің атқарылуы туралы есепті әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншікті басқарады,оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз етеді;Қазақстан Республикасы өндірісітік күштерін орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын,облыс орталығын,республикалықмаңызы бар қалалық және астананы салудың бас жоспарларын әзірлейді, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгізеді; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рүқсат береді; әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынады;су қүбырлары, тазарту құрылыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салу мен пайдалануды ұйымдастырады;ҚР жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;экологиялық сараптаманы ұйымдастырады және өз қүзіреті шегінде табиғат пайдаланылуын бақылауды, табиғат қорғау объектілерінің қүрылысы мен олардың қайта жаңартылуын жүзеге асырады; облыстық маңызы бар жолдарды ұтымды пайдалануды және күтіп үстауды қамтамасыз етеді;мемлекеттік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; ауданаралық(қалааралық)жолаушылар көлігі қатынасын үйымдастырады; белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді;азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді; халықты жүмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп, мәслихаттың бекітуіне ұсынады және іске асырады; халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жүмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрып салттарын дамытуға жәрдемдеседі;өздерінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаладық республикалық маңызы бар қаладағы аудандық астанадағы аудандық) әкімшіліктер жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес тиісті мәслихат қарауына қарыз алу жөнінде шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады, облыстық(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)әкімің Премьер-Министрдіңұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайды. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімін Қазақстан Республикасы Президенті қызметтен босатады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілігі Қазақстан Республикасы атқарушы органдардың біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімшілік аудандық(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқарады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтік әкім Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Заңда аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әкімнің,сондай ақ облыстық (республикалық маңызы бар,астана), аудандық (облыстық маңызы бар), республикалық маңызы бар (астана) қаладағы аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдердің құзіреттері белгіленді.
Республикалықмаңызы бар (астана) қаладағы аудандық,аудандық маңызы бар қалалық,кенттік,ауылдық (селолық),ауылдық (селолық) округтік әкімшіліктер қүрылмайды.
Облыс (республикалық маңызы бар, астана), аудандық (облыстық маңызы бар) әкімінің қызметін ақпараттық-талдау түрғысынан,үйымдық-қүқықтық және материалдық -- техникалық жағынан қамтамасыз етуді тиісті деңгейдегі әкім аппараты жүзеге асырады.Әкім аппаратын әкім қүрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 25 сәуірдегі Заңымен облыс(республикалық маңызы бар, астана) әкімiлік қүзіретіне қосымша Қазақстан Даму Банкінің жарғы капиталына қатысу жатқызылды.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 10 шілдедегі Заңымен астананың атқарушы органдары өкілеттіктеріне қосымша мыналар жатқызылды:коммуналдық заңды түлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда,Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 24 желтоқсандағы Заңымен облыс (республикалық маңызы бар,астана) әкімшілігінің құзіретіне қосымша рыноктарда бір жолғы талондар беру жөніндегі жүмысты үйымдастыру және қамтамасыз ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі. Шетел мемлекеттерінің заңнамасымен салыстырмалы анализ
ҚР жергілікті атқарушы билік
Атқарушы билік органы
ҚР –сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі туралы ақпарат
Жергілікті атқарушы билік органдары
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Атқарушы билік органдары
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
Атқарушы билік органдары туралы
Атқарушы билік
Пәндер